Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып



6.1 ҚАЗАҚСТАН СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Ой тастау сұрақтары-

· Сіз уақытты тиімді пайдалана аласыз ба?

· Сіз күнделікті уақытыңызды қалай өткізесіз?

· Сіз спортпен шұғылданасыз ба?

· Достарыңызбен табиғатта серуендейсіз бе?

· Музыканы ұнатасыз ба?

· Қазақстанның қалаларына саяхатқа шықтыңыз ба?

· Уақытты босқа өткізбеу дегенді қалай түсінесіз?

1-тапсырма

Сөз тіркестерін аударыңыз

Любить музыку, заниматься спортом, путешествовать по миру, использовать эффективно, научная статья, гулять на улице, білімді пайдалану, алыс жерлерге саяхатқа шығу, ұлттық аспапта ойнау, қолөнермен әуестену, өлең жазу, заниматься рисованием, интересное путешествие, люблю играть на домбре, духовное богатство народа

2-тапсырма

Келесі сөздермен сөз тіркестерін жасап, олармен сөйлем құрастырыңыз.

 
 


       
   
 


3-тапсырма

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қазірбіз уақыттымыздың көбін компьютерде өткізуді әдетке айналдырдық. Компьютердің пайдасымен бірге зияны да бар.

« Компьютер » термині ХХ ғасырда пайда болды. Компьютер(ағылшынша computer есептеуіш; латынша computo – есептеймін), электрондық есептеуіш машинасы. Бағдарлама бойынша есептеу амалдар арқылы электрондық түрде ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, сақтауға арналған машина.

Алғашында компьютер сандық есептеулер үшін құрастырылғанымен, оның ақпараттың басқа түрлерін де өңдей алатындығы анықталды. Ондай өңдеуді іске асыру үшін компьютер ақпаратты сандық түрге және кері айналдыра алатын құрылғыларымен жабдықталды. Сондықтан компьютер көмегімен тек қана математикалық есептеулер жүргізіп қоймай, мәтін, сурет, фотосурет, бейне, дыбыс өңдеуге болады. Компьютер қазіргі кезде адам қолданатын ақпараттың барлық түрін өңдей алатын әмбебап құралға айналды. Бірақ ешқандай құрал адамдардың өзін алмастыра алмайды.


тізбек – цепь

қабылдау –принимать

сақтау – сохранять

арналған – предназначен

іске асыру – осуществлять

кері – назад

құрылғы – устройство

жабдықталу – оборудовать

өндіріс – производство

басқару – управлять

ақпарат – информация

әмбебап – универсальное

құрал – средство


Сұрақтарға жауап беріңіз

1. “Компьютер” термині қашан пайда болды?

2. Ол қандай машина?

3. Компьютер немен жабдықталған?

4. Онымен нені өңдеуге болады?

5. Қазіргі кезде ол қандай құралға айналды?

4-тапсырма

Сұхбатты жалғастырыңыз.

Сіз сабақтан тыс уақытыңызда немен шұғылданасыз?

...

Сізде компьютер бар ма?

......

Компьютер қай жылдары пайда болды?

Сіз үшін компьютер маңызды ма?

Сіз компьютерде не істейсіз?

Осы техникалық құрал Сіздің уақытыңызды үнемдеуге көмектесе ме?

Бұл есептеуіш техниканың қандай пайдалы және зиянды жақтарын айта аласыз?

5-тапсырма

Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 729 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...