Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көне түркі ескерткіштері



Көне түркі жазба ескерткіштері үш топқа бөлінеді. Олар: Енисей ескерткіштері, Талас ескерткіштері, Орхон ескерткіштері. Енисей ескерткіштері – Енисей өзені бойынан табылған тасқа жазылған жазулар. Талас ескерткіштері – Жамбыл облысындағы Талас өзені, ал Орхон ескерткіштері – Орхон өзені (Монғолия) бойынан табылған тасқа жазылған жазулар. Оларда VI-VII ғасырлардағы көне түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі, өмірі туралы жазылған. Олардың бәрі де руникалық жазумен жазылған. Руника жазуын түркі халықтары 1,5 мың жыл қолданған.

Көне түркі жазулары тасқа, ағашқа, тиын теңгелерге, металға, қыш кірпішке, ыдыстарға ойылып жазылған.

Олардың ішінде ең ірілері – Орхон ескерткіштері.

Орхон өзеннің бойында бірнеше шақырымға созылып жатқан тас ескерткіштер – Күлтегін ескерткіштері деп аталады.

2001 жылы Күлтегін ескерткіштерінің көшірмесі Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне қойылды.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 5838 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...