Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жонарқа



Орыстар «Лицо — зеркало души»—дейді. Қазақтар «түсі тәуірден түңілме» дейді. Екеуінің мағынасы «адамның ішкі сырын түрінен тануға болады» деп түсінсек онша қателесе қоймаспыз. Бірақ, бұл мәтел әруақытта дұрыс бола бермейді. Адамның мінез-құлқы, жан-жүйесі көпшілік алдында ұзақ сыннан өтеді. Адамнын ішкі сырларыньщ кейбір белгілері түрінде тұратыны да рас. Ол жағын әркім біледі, ішкі сыры ашық жаткандар аз кездеседі. Ондайларды «Аңқылдақ» деп көзіне атағанме «ақымақ» деп іштен ойлап қана қояды. Сондықтан әр адам өмірінде, басқалар алдында ішкі сырын сыряқа шығармауға тырысады. Сыртқа сыр бермеу оңай емес: айнала оны аңдып, сынап тұрса, ол айналаны аңдып, арбап сыр білдірмеуге тырысады. Ол үшін ол алдымен көзкарасымен бет өңірін бұлжытпай бір қалыпта үстауға үйренеді, дағдыланады. Сырын оңайшылықпен сездіре қоймайды. Кей кезде сезілер-сезілмес сәл дірілдеген кол қимылы көз бен бет жасырған ішкі сезімді айқындай сүйексіз қызыл тілдің өтірігіне айғақ боп шыға келеді. Әсіресе адамның иығы мен жон арқасы балалы үйді ұрлығын жасырмайды, әрине қол сыры мен сырын байқағандар ғана сезеді. Психологиялық қортындылар дәлелдікке жарамайды, сөйтсе де есімдегі бір оқиғадан оны қағазға түсіріп құтылмасам болар емес.

* * *

Бұл оқиға майданда болып еді, соғыс екі жақты да шаршатьш саябырсытып аяқталған. Әр жағы тек қолындағысына «қанағат» етіті жағасы шалшық Л. өзеніның бойында қорғаныста жатқан кез. Арамызда енді езен. Одан етіп ойран салуға бізде де, дұшпанда да дәрмен жоқ. Екі жақ алдымен сездей соғысып күштері тең азайып, ұзақ уақытқа дейін лажсыз тұрып қалуға мәзбүр болғанды «әскер тілінде діңкеміз қүрып қалды» демейді, тек сыпайылап «фронт стабилизировался» дейді. Менің. қарамағымдағы полққа -бір топ адамдар келіп қосылды. Келген офицерлердің ішінде бір жас капитан назарымды тартты. Бойы сұнғақ, қимылы сергек, ашан, жүзінін шаштарын жак сүйегіне дейін, құлағының сырға тағарына дейін жарыстыра есіріп (ондай фасонды орыс-ша бакенбарды дейді) суағарына төрт бұрыштан қара қоңыздай мұрт қойып, әскери әсем киінген жігіт, әрі реңді, әрі пысық, әрі әсем тұрпайына қарағанда ол қызмет жағына да шалағай бола қоймас. Әсіресе маған ұнағаны оның әскері жүріс-тұрыстары еді. Стройдың барлық қимылдарын ол әбден жаттыққан артисше орындайтын, ол барлығын аспай-саспай, жазып-жанылмай, біржағынан жылдам, шегені ұрғандай нақ-нақ істейтін. Мен езім емір бойы сап катарындағы офицермін, мені жолдастарым алдыңғы қатардағы строевик деп санайтынды. Бірақ та мен капитанның жасындағы кезімде ондайды істемек түгіл, ондайды көрген де емеспін. Капитанның шынық қимылдарына аң-таң қалып қарап тұрып: «Осының өзі үлкен айнаның алдында тұрып үйреніп, дағдыланған болар», деп ойланатынмын. Әскери әдеп көрсетердін алдында иық, қош жіліктері, саусақтарымен бір нәрсе істеп, аяғын нақ-нақ басып, алдыңа келіп тік түра қалғанда өкшесін сарт еткізіп, колын қалай шекесіне кірпік қаққаңдай алып барып, кыналған белді сұңғақ бойын найзадай тіп-тіке ұстап тұра қалатын.

«Егер де әскери темаға балет қойылғандай бола қойса, бұл сол балеттің басынан аяғына дейін солировать етуге жарар еді», деген ой капитанды әскери «жырқылдақтардың» арасына қоса жаздады. Жоқ бірақ та ол жаман офицер болып шықпады. Кешікпей-ақ іс жүзінде икемділігін керсетті.

Оның өрескел әсемпаздығымен «ондай-ондай ханның қынында да боладымен...» келістік. Штаб бастығымен келісіп, капитанды штаб қарамағындағы бір бөлімшенің командирі етіп тағайындадың. Капитан ротаның солдаттарын ойдағыдай басқарып та, тәрбиелеп те жүрді.

* * *

Капитан үшін де кешікпей-ақ сын сағат туды. Бір топ жауынгерлерді дұшпаннын, ту сыртына жұмсау қажет болды. Оларға майданның шебінен өтіп, дұшпан қасынан документтер, адамдар қолға түзіріп алып келу тап-сырылмақ. Қолымыздағы дұшпан туралы мәлімдемелер сенер-сенбес екі ұшты еді. Дұшпанның сырын алу үшін өз жатағына, өз аулына барып қайтуға мәжбүр болдық. Капитанды алып оның алдына алдағы міндеттемені қойдым. Тапсырманы қалай орындау туралы бірнеше кезеңдерді ұсындым. Капитан бүйрығымды отырып тыңдады.. Орнынан тұрып «орындауға әзірмін» деген сөзбен қатар өкшесі сарт ете қалып, қолын шекесіне алып барып қалтия қалды. Ол шығып бара жатқанда менің кезім оның иығы мен жон арқасына түсті. Оның иығы қомданып, жоиы томпайып кетіпті. Капитаннан мен мұны күтпеген едім. «Көкіректің өрлігіне қорқа томпайған жон айғақ болады. Қор-қаққа топты тапсыруға болмайды. Адамдар қырылып, тапсырма орындалмайды..» деген ой сап ете қалып, капитанға деген сенімімді құлағын қатты бұраған домбыраның ішегіндей үзді. Әрине жігіттерді біз нағашыларының аулына жұмсағалы отырғанымыз жоқ. Мұндай сәтті-сәтсіздей люстраның жүзіндей қалт-құлт еткен хауіпті тапсырмаға адамдар сайлау, оларға сайма-сай «серке» таңдаулы жұмысы командирге оңай тимейді. Әсіресе жақын аралас, бетпе-бет ұрыста өзін-өзі ұстай білмеген декбірсіз командирдің «айқамымен», «ойбайын» тыңдаған жауынгерлердің

көбі қалбалақтап, оның «бұйрығын» орындаймын деп жүріп қаңғыған оққа ұшып ақыры жастығын ала-алмай кететін жағдайлар да болатын. Одан өкінішті не бар.

— Капитан, вернитесь!— деп бұйырдым мен есіктен шыға бергенде. Ол қайтып келіп тікесінен-тік түра қалды. Екеумізде де үн жоқ.

— Маған орынбасарыңызд-ы жіберіңіз, сіз бармйй-сыз,— дедім мен.

Ол мөлиіп темен қарады, аузындағы түкірігі таусылған адамша, сілекейін тамсанып, сәл тұншыққан дауыспен менің бұйрығымды қайталады. Менің не себепті айнып қалғаным туралы ол сұраған жоқ.

* *

Аға лейтенант Молярчук капитанның орынбасары еді. Долярчук момындау жігіт еді. Ол ылғи украинша сөйлейтін. Қей кезде украинаның мысқыл сөздерін орынды соғып күлдіретін де полкта оны барлығымыз да жақсы көретінбіз. Ол кіріп келіп:

—По Вашему вызову старший лейтенант Молярчук явился! — деді. бұның еңгезердей тұрпайына қарап мен жылы шырай беріп оған орындық ұсындым.

—Ну, шо хлопче дюжий.—Мен оны осылай «еңгезердей ерім» деп атайтын едім.— Может хочешь трохи промынаться. — Мен онымен әруақытта оның ана тілінің үн жағынан, сөзді дұрыс айту жағынан белін баса сөйлейтінмін. Ол маған тілі жаңадан шығып келе жатқан балаға қарағандай езуін жиып күлімсірейтін де қоятын. Молярчук осы жолы да сөйтті.

—Як прикажите, промынаться, колы так трэба, промынаемось, не перший раз, що прикажете? — деді ол. Молярчук менің сөздерімді зейінімен тыңдап болған соң, бірнеше жерін қайта сұрап, алдыма бір-екі сұрақтар қойды. Одан кейін тапсырманы қалай орындау жөнінде орынды бірнеше ез пікірлерін айтты. Мен оларын мақұлдағаннан соң.

—Як що нимець вчинить так, то що нам зробити и як дияти. Бірнеше «ол бүйтсе, біз қайтеміз» деген сұрақтарына жауаптар алып болған соң біраз уақыт картаға қарап ойланып отырды да. -

—Що вит нас трзба, я зрозумив, а як зробити, ще трэба трохи помиркувати — бізден не керек екеніне түсіндім, сәл оны қалай орындау жағын, тағы да ойланып керуді керек етеді,— деді ол. Аға лейтенант даярлық үшін бір тәулік уақыт сұрады. Тілегін «трэба с хлопцами подывиться и выбрати самый наилучнийший участок для перехода скриз линию фронта» деп дәлелдеді. Онымен бірге баратын жігіттермен бірге алды-артын байқап, майдан шебінен етуге ынғайлы өткелді белгілеп алудын керектігімен дәлелдеді. Тапсырманы орындауға ол екі-үш тәулік сұрады. Бұл тілегін ол дұшпанның «қорасына кіруден бұрын» мол дайындықтардың керектігімен дәлелдеді. Мен оның ой-пікірлерінің барлығын мақұлдадым.

—Қалай, өз басық осы талабымыздың сәтті орындалуына сенесің бе? — деген сұрағыма, ол жымия күліп:

—Як Вам сказаты? Правда, трохи боязно, та ничего колы трэба, то трэба. Мы с хлопцами постараемось як можно краще выконаты завданная,— деді.

—Добро, хлопче, дюжий. Щасливо целыми вертайтись. — Дұрыс, еңгезердей ерім. Сапарларың сәтті болып аман-есен қайтыңдар деп аға лейтенаптты шығарып салды. Үш күннен кейін Молярчук Л. өзенінің арғы жағынан дұшпан өрісінен керген-білгенін радиомен хабарлай бастады. Оның командирі капитан, көшкен ауылдың жүртые сипап отырып қалған адамдай, аңырайғаң бос жертөледен шықпай жатып алды. Бір күні кешке таман бір офицер ротаның бір блиңда-жына кіріп барса, капитан жынынан айрылған бақсыдай қараңғы бұрышта бүктүсіп жатқанын керіп:

—Сіз неғып жатырсыз, капитан? Тұрыңыз тамақтануға,— дегенде:

—Менің адамдарым кетті, мен қалдымнан басқа ешнәрсе айта алмай жастығын құшақтап өксіп-өксіп жылапты... Бұл хабарды естіп мен де қатты қиналдым.

Молярчук бастаған тобымен тапсырманы орындап қайтып келді. Бір кеште капитан маған келді, азып, бет-ауызьш түк басып кетіпті. Ол менен қандай тапсырма болса да енді соны жұмсауды тіленді.

—Қазірінше сізді жіберерлік тапсырма жок, капитан. Біз көптен бері қорғаныста шебіндеміз, қорғаныста белсене кірісетін іс аяқ асты табыла бермейді. Бір кезді еткізіп алдық, екінші кезеңнің кезегі қыр астында.

—Маған он солдат беріңіз, мені солармен елімге болса да жұмсаңыз...

—Сіздің шабытынызды қоштатып керексіз жасанды -кезеңге он солдатты жұмсай алмаймын. Барыңыз, капитан. Ол шығып кетті.

Менің начальник штабым Иван Данилович көңілшек кісі еді. Ол бір жолы баяндап болып, капитанды бұдан былай қалай пайдалануды менен сұрады.

—Өз ротасын басқара берсін. Оны орнынан түсірген жоқпыз ғой.

—Да, но фактический он...

—Факты бойынша, Иван Данилович, уақытынша ғана орнынан ауысқан болатын, соғыс ертең, бүрсүгүні біте қоймас. Ол үшін болашақ айтарын өзі айтар.

—Капитан штабтан шықпайды, менін, алдымда отырады да алады, бүгін атханада түнеп шығыпты. Ей-ей жалко парня. Шынымды айтсам өзін-өзі... хауіптенем, жолдас командир.

—Хауіптенбеңіз, Иван Данилович, сол күні өз қолын өзіне жұмсамаған адам бір жетіден кейін жұмсай қоймас. Ол полкке симаса онда оны дивизияның штабына біздің. полктан байланысшы офицерлер етіп жіберіңіз,— дегенімде Иван Данилович қуанып кетті.

Сол түні мен жөнді ұйықтай алмадым. Біресе ұйықтап, біресе оянып, біресе қалғып таңатқанша өзіммен өзім арпалысып шықтым. Түсімде капитан қыр соңымнан қалмады. Әскері балерин болып түсіме бір кірді шынтағы дірілдеп, иығы комданып, жон арқасы дөңгеленіп, ең ақырғы келгеніндей бет-аузы түк басып, көздері қызарып -келімге болса да жұмсаңыз» деген сияқты оның бейнелері мені түні бойы мазалады. Орнымнан жүз сойылдың астында болған адамдай, мең-зең болып тұрдым. Айнадан маған көзінің-қабақтары боржиған, бетаузы иыж-тыж бір шал қарап тұрғандай болды. Бір айдан соң дивизияның штабы, капитанды армияның штабына байланысшы офицер етіп жіберуге менің қарсылығым жоқ па деп сұрады. Мен оның ұсынысың мақұл көрдім. Молярчукті командир етіп тағайындадық, капитан кешікпей-ақ бәріміздің есімізден шықты. Майданда қаһарлы күндер біресе отқа, біресе суға салып, мінез-құлкымызды, еркімізді, борышқа адалдығымызды, моральдық принциптердің тіреуі — ар-намысымызды аяусыз сынға салумен болды. Соғыс әлі тоқтар емес. Мен біраз уақыт елде больш, майданға қайта оралдым. Мені дивизия командирі етіп тағайындады. Менің бұрынғы орынымды командир полка болып басып қалған Иван Данилович Курганский қанды майданда қаза тауыпты. Марқұмға Совет Одағының Батыры атағы бе-рілді. Капитан мен Молярчук туралы ешқандай дерегім болмады. Бір жолы алдынғы шептегі жермен танысып шеп жағдайын байқап жүріп (армия тілінде рекогноцировка дей-ді) көршілес дивизияның бір батальонының бақылау пунктіне кірдім. Жон арқасы дарбазадай, тірсегі бураның санындай, майор дүрбімен алға тесіле қарап түрып, бұрылмастан артиллерия бақылаушысына:

—Гей, сержанте, що у тэбэ но чоли очи дви дырачки стеклом. Куды ты доселе зарився. Що там пид копицею. Щоце там пид тою вербою я тэбэ питаю, сержанте,— деп тұр. Дене құрылысы мен даусынан Молярчукті тани кеттім.

—Здоровенкий був, дюжий хлопче! — дедім шыдай алмастан. Молярчук селк ете қалғандай бұрылып, орнынан ұшып тұрып қолын пилоткасына жақындатып тік тұра қалды. Мён оны зордан таныдым. Оң бетінде жаранын, орны сынық қарыс қызара айшықтанған тыртығы түрін өзгертіпті. Ол күле бергенде бетіндегі тыртығы шұңқырланып жүзін бұрынғыданда өзгертіп жіберді.

— Здравья желаю. Це вы, товарищу полковник. Зна-чить, вы живый. Ой, як це горно, чудово.

Жолығысуымыз екеумізге де қуанышты, көңілді кездесу болды. Молярчук бір жылдан бері батальон командирі екен. Оның аман-есендігіне, ерлер серкесі үлкен командирі болғанына ете қуандым. «Бәрекелді еңгезердей ерім-айды» ішімнен айтып қоштасты. Соғыс бітті. Жиын жиналыстар, ұзақ баяндамалар, өрнекті, өнегелі үйретулер басталды. Басқалармен бірге мен де округтің полигонда артиллерияның атысуына қатыстым. Жолдың бір бұрылысында мен отырған машинаны біреу тоқтатты.

— Адъютант генерала Н...— деп жас майор өзін-өзі таныстыра бергенде, көзі маған түсіп кетіп жүтынып барып түзеліп, жылдамдата — командующий приказал после осмотра полигона точно-в 16.00 прибыть на высоту. Үстіндегі киімі ете таза, жақ сақалдары мен (бакен-барда) суағардағы мұртын тап-тұйнақтай етіп басқан, бір генералдың. аузын бағып, ойланбастан қол-аяғын сартылдата. соғып, мықты қазыққа қысқа арқандалған дөнендей ұзай алмай жүрді. «Орныңды енді тапқан екенсің» — деп ойладым да, Молярчук есіме түсіп, «ханның еркесі болғанша, жігіттің серкесі бол!» дедім ішімнен.

ҰСТАЗ

Әкем мені елу үшінде көрген екен. Мен аға-інісіз жалғыз өстім. 1932 жылы біздің тұқымнан әскер қатарына бірінші шақырылған мен болдым.

—Қартайғанда жалғыз балаңды солдатқа алып барады. Үкіметке (военкоматқа) өзің барып арыз айтсаң қалдырар ма еді..Егерде біреуінін, кұлқынына бірнәрсе тығу керек болса, өз шамаң келмесе ағайын-туысқан бо-лып қарасармыз,— депті әкеме ауылдың бір ескі кісісі.

—Комиссия сұрағанда баламнын. өзі барсам барайын деп қойған екен, екі сезді болмайын деп өзі рұқсат сұрап отыр. Жаратқан бетінен жарылқағай, өз қатарымен бірге бір-екі жыл солдат ойынын ойнап, аманшылық болса қайтар. Басқалардан менің балам артық емес. Маңдайына жазғанын көріп қайтсын деп отырмын, — депті менің әкем.

—Ойбай-ау, ұрысқа салса қайтесің? Солдат болғаннан кейін оны өкімет төрге шығарып отырғызып қояды дейсің бе?

—Қырық жыл кырғында ажалды өледі деген емес пе, бір құдайға тапсырдым... Тағы осы сияқты сөздер аяқталғанша мен ауылдан аттандым. Шалдар батасын беріп «Жолың болсын, қарағымды» айтып, ауыл у-шу болып мені шығарып салды. Мен жауынгер қатарына іліктім. Мен солдат болдым. Елдің бәріне мәлім қатардағы жауынгер армиядағы ең кіші шен. Оның өз тізгіні өзінде болмайды. «Жүктің ауырын нар кетерсін» дегендей — әскер қызметі кімге болса да ауыр соғатын қызмет. Қайталап айтқанда: қатардағы жауынгерден кіші адам жоқ. Одан барлығы үлкен. Казармада, сапта, үйреншік алаңдарында, жорықта, күзетте де оның үстінен : қараушылар да, оған бұйырушылар да көп. Ол бәрінен де кіші, одан барлықтары үлкен. Ол бәріне де бағынуға тиіс. Оның алдынғы міндеті бағына білу. Сол міндетін орындау үшін оны алдымен өзіне өзін бағындыра білу керек. Біреуге өне бойы бағыну оңай емес. Өзіне өзінді ұдайы бағындырып алу одан да киын. Әскер қоғамы — ел десе еңіреген тобы болса екен деген максат, маңдай алды мақсат. Сондықтан қырық уыт мінездерді бір салаға салу оңай емес. Әртүрлі ата, ана, коғам тәрбиесін көрген жігіттерді бір қалыпқа салып, жауынгерлік тәрбие мен әскери өнерге үйретіп машықтандырып өнегелеп, жаттықтырып дағдыландыру бір батпан құмнан бір мысқал асыл нәрсе іздегенмен тең. «Қисық ағаш тез қасында жатады» дегендейін алғашқы кезде әскерде жүргендердің арасында қыңыр-қисықтар да аз болмайды. Мен солдат кезімде бізді — «жолдас қызыл әскер» деп атап, біз бен «сіз» деп сөйлесетін. Әдепсіз сезді естіген емеспіз. Әділ қаталдықты алғашкы кезде көңлімізге ауыр алып жүргеніміз де рас еді. Қызмет жөнінде қаншама қысым көріп, екі аяғымыз бір етікке тығылса да, сол уақыттағы командирлерден ешуақытта одағай, катты, әдепсіз сөздер есіткен емеспіз. Әскери өмір мектебінің бірінші рет есігін ашып, әскер енерінін алфавитін «әліпті таяқ» деп танытып бетімді ашқан ұстазым помкомвзвода Николай Редин болатын. Сол кісі туралы есте қалған бір-екі қыска ғана өмір қырларын оқушыға ұсынбақпын. Николай Редин біздің взводтын. Командирінің. орынбасары еді. Сондықтан ол кезде оның әскери атағы помкомвзвода болатын. Ол орта бойлы, ашаңдау келген, көк көзді, сергек денелі, сары орыс жігіттерінің біреуі еді. Оның барлық тұрпайымен, тәнжүйесімен, жан жүйесіне қарағанда ез дәулеті өзіндегі істемпаз, тапқан-таянғанын орынды жұмсай білетін шаруаның баласы екені көрініп тұрушы еді. Ол киіне де, істей де білетін еді. Киімі өзіне шап-шақ болып жарасып тұратын. Істеген істері тап-тұйнақтай. ұқыпты. Оның жүріс-тұрысына, мінез-құлқына қарап ішіміз-ден сондай болсақ деп тырысатынбыз. Рединнен қорқатынбыз. Рединді ішімізден қадірлейтінбіз. Ол қатал командирдің бірі болатын. Қызмет жағынан біз түгіл, өзің де аямайтын.

— Қызыл әскер жолдас, Момышұлы Бауыржан, бері келіңіз! —деп ол мені шақырды. Мен жүгіріп барьш білгенімше әскери ізетпен алдына қалт тұра қалдым. Редин мені сынағандай қабағын түйіп бір қарады да, өзі де әскер тәртібінше қалт тұра қалды да:

— Қызыләскер жолдас Момышұлы Бауыржан, бас киіміңізді қоқырайтпай менше жөндеп киіңіз!—деп бұйырды. Мен пилоткамды жалма-жан түзетіп кидім.— Тырнақтарыныз өсіп кетіпті... киіміңіз олбыр-солбыр. Үстіңізді әскерше жендеңіз. Орамал, етік, жағаларыңызды таза ұстаушы болыңыз...— деп маған бұйырды. Кезім жыпылықтап кінәлі балаша сасқалақтап мен оның бұйрықтарын қайталадым. Мені ол оңға, менің қателерімді жай сөзбен түсіндірді де өзі менің алдымда тұрып сарт-сұрт, оңға, солға, артқа қарай дұрыс бұрылуды көрсетіп:

—Осылай істеу керек, жолдас қызыләскер,— деді де маған кетуге рұқсат берді. Бір жолы Редин тағы да мені шақырды. Ішімнен тағы да мені біраз тезге салатын болды-ау, деп хауіптене мен оның алдына бардым. Бұл жолы Редин мені күлімсірей қарсы алып:

—Отырыңыз, жолдас Бауыржан Момышұлы,— деді, мен қысыла-қымтыла отырдым.— Сіз ыхыластанып көп нәрселерге үйрендіңіз. Біздін, взводтағы жауынгерлердің алдынғы қатарындағылардың біреуі болдыңыз. Мен сізге ризамын, бірақ та спорт жағынан әлі де артта қалып келесіз.

—Тырысып көрейін, жолдас помкомвзвода,— дей бергенімде ол тағы да жымиып жылы күлді де:

—Оқасы жоқ. Аманшылық болса бір-екі айдың ішінде шынығып кетерсіз. Қазіргі әңгіме онда емес,— деді де күтпеген жерден — тікесінен тіке снайпер өнерін үйренсеңіз кайтер еді,— деді.

—Мен бе, калайынша снайпер, жолдас...

—Мені снайперлер командасына жібермекші. Екеуміз бірге барып, бірге үйреніп көрсек қайтеді. Оған сіз қалай қарайсыз?

—Барсам барайын, бірақ та...

—Қойыңыз бірақтаны. Үйреніп көрелік, не болып шығарын кейіннен көре жатармыз,— деді Редин. Редин біз барған команданың командирінін, орынба-сары болып тағайындалды. Ол бұрынғысынан да ұқыпты, бұрынғысынан да іске қатал болды. Снайпер өнері қиын енер. Ол жалықпай жаттығуды тілейді. Редин өзін де, бізді де аямай, таңсәріден қасқарайғанша тыныш таптырмай, жығылғанша үйретіп, дағдыландырумен болды. Шапшаңдықпен атылған оқ бекер кетпеуін ол бәрімізге де алдыңғы талап ретінде қойды. Біз зая кетірген, әрбір «далаға тиген» оқтар оның зығырданын қайнататын.

— Даланы дәлдемей, нысананы дәлдеп атыңыз,— деп күйіп-пісіп қалатын. Екі айдай Рединнің қол астына «сары суымыз сыртымызға шыққанша» дағдыланып, снайпер енерінщ біраз тәжрибелерін өттік. Сол жылы біздің дивизияны Будённыйдың орынбасары генерал Когосов тексерді. Генерал аласа бойлы, ете арық, қатпа, сергек, егде тартқан кісі екен. Жауынгерді ол кісіге «балам деп» атау әдет болып кеткенге ұқсайды. — Сен балам, сасқалақтамағын, мен сені тексергелі келгенім жок, сенін, командирлеріңді тексергелі келдім. Олар сені қалай оқытып, нендей нәрсеге үйреткенін көр-гелі келдім. Сен аспай-саспай үйренген өнерлеріңді ақтарып салғын, саған үрыспаймын, егер керек бола қойса командирлеріңді біраз тықсырамын. Семен Михайловичке жақсысын жақсы, жаманын жаман деп айтып ба-рамын...— деп сейлеседі екен генерал. Редин мені шақырып алып сыбырлап: — Снайперлер ататын жерге кос-қостап екі-екіден барады дейді. Біреуі бақылаушы, біреуі атушы. Екеуміз бірге баралық. Мен бақылайын, сіз атыңыз деді. Когосовтың жәрдемшісі қара барқыт жағалы полковник (ол кезде бас штаб офицерлері баркыт жағалы гимнастерка киетін) қолындағы секундомердін тетігін басып қалып:

Қалмақ даласын, Сталинград, Кавказ өлкелеріңе іргелес жерлерді табанына таптап жау әскері қарқын басылмай шығысқа қарай өршеленіп бара жатқан, хауіпті қайғылы уақыт... Біз соғысып жүрген бағытта бірде жығылып, бірде жығып, алмасоқ кезек тоқпақтасудамыз. Біз ілгері бастай-көктей бара жатсақ, немістер бабына келген кезде қарсы шабуылға шығып, кейін қайтара итермелеп бетімізді қайырып тастайды. Немістер өркендеп келе жатса біз де күш жинап алып қарсы шабуылға аттанып оны да шайлықтырып тастаймыз. Мұндай жағдайды орыс тілінде жазылған ақпарларда: «Бои шли с переменными успехами»,— деп қысқаша ғана жазады. Бір жолы біз алға жиырма бес километрдей бардық. Немістер «Тигр», «Фердинанд» атты танктермен топтана тиісіп алдымен қарқынды бара жатқан бізді тоқтатты, кейіннен ышқынып соғып, бізді он бес километрдей шегіндіре түріп тастады.

Менің бақылау шоқыма біздің армияның командующий генерал полковник Чистяков келді. Мен ол кісіге жағдайды баяндадым. Тыңдап отырып генерал нариза дауыспен:

— Да, да!.. Выходит, он Вас побил... значит, он Вам дал по морде! Значит, он вас погнал назад! — деп менің сөздерімді бөле отырып тыңдады.

Менің қапаланған түріме қарап генерал жұмсаңқырап — қалай ойлайсыз? Неміс сізді дұрыс соққылады ма? Жоқ, әлде бекерден бекер таяқ жеп отырсыз ба?

—Менің ойымша ол дұрыс соқты. Біздің артиллерия аттары болдырып шабандап, жаяу әскер мен танктерге ілесе жүре алмады. Керегінде қолғабыс ете алмады.

—Мм-да! Олай болса... онда немісті сәтті жеңісімен құттықтаңыз,— деді ол.

Генералдың бұл сөзін мен кекесін ретінде түсініп төменқарадым.

—Қапаланбаңыз, комдив,— деді генерал,— мен бұл жерге қуанышыма симағандықтан.келіп отырғаным жоқ. Сіз бен біздің адамдарды кінәлағалы да келіп отырғаным жоқ. Мен жаудың күшін толық бағаламаппын. Оны мы-наусын — деп генерал қатардағы жаудың корпостық резервінің тұрған жері көрсетілген белгіні нұсқап көрсетіп —мұндай тез сермер деп ойламаппын. Менің болжауымнан ол алты сағат ертерек қимыл жасап, сізді кейін итеріп тастады. Одан кейін генерал мені жаңа жағдайлармен молырақ таныстыра отырып, былай деп бұйырды:

— Кешке дейін қолдағыны мықтап ұстап отырып, немісті алға бастырмаңыз Тақ сәріде қарсы шабуылға шығыңыз. Түнде сіздің қарамағыңызға екі артиллерия (ТВригадасы мен екі самоходный артиллерия полктері келеді. Ертеқ азаинан бастап немісті сәтті жеңісімен кұттықтайсыз. Алдымен қырық минуттай артиллериямен темпештеп иін қандырып алыңыз, да, одан кейін өз істегенін алдына келтіріп тұмсықтан соғыңыз. Комиссар дивизии Иван Михайлович Коньковский мінезі салмақты, жасы алпысқа жақындап қалған, ақылды кісі еді. Менің командирлік қызметімде ол кісінін. көп акылгөйлігінің пайдасы аз болған жоқ. Үш күн ұдайы соғыс болды. Біздің дивизиянық өрісінде елуден аса дұшпан танктері жайратылыпты. Сол жағын маған баяндай отырып Коньковский былай деді:

—Командующийға рахмет, ол кісініқ көмегі зор болды. Біздін, солдаттар өте беделдене қатысты. Старшина Рединді Ленин орденіне тапсыруды ұсынамын. Бес-алты танктерді қиратқан сол жігіт...

—Редин деген кім?

—Редин — танкқа қарсы артиллерия взводынық командирі.

—Мені онымен таныстырьщыз, Иван Михайлович, шақырыңыз оны мұнда.

Редин келді. Алдымен мен оны тани алмай калдым. Көзіме өте қарт керінді. Гимнастеркасының оқ омырауында екі рет жеңіл, терт рет ауыр жарақаттанғанньщ белгілерін көрдім. Менің ұстазым, менін, бірінші коман-дирім менің алдымда тікесінен тік түр. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді», дегендейін сымбаты баяғыдай. Тіп-тік, сеп-сергек.

— Николай Васильевич! Жоғары шығыныз, Николай Васильевичі Осы уақытқа дейін осында екеніңізді неге білдіріп хабарламадыдыз. Жоғары шығыныз!— деп мен сасқалақтап оны қарсы алдым. Бір сөздің кезегінде мен одан неге осынша қартайып кеткенін сұрағанымда ол езуін жияр-жимас күлгендей:

— Ведь мы с Вами, товарищ полковник, служим Со-ветскому Союзу. Советскому Союзу пока приходится очень трудновато, —деді ол. Рединнің сезінің осы жерін-де Коньковскийдің көңлі босап кетті. Бір жолы кешке тамақтанып отырып әңгіме устінде мен Рединге былай дедім:

— Сізді, Николай Васильевич, енді жетінші рет жарақаттандыруға жібере алмаймын. Сіз дивизияның нан пісіретін жеріне барып қызмет ете тұрыңыз. Редин төмен қарап тұншыға қызара бөртіп қапаланды.

—Ал онда барып, өз взводыңызды басқара беріңіз,— дегенімде.

—Рахмет, жолдас полковник. Жауынгер достарымнан айырмай майдандас жолдастарыма қайта қосылуға рұқсат еткеніңізге,—деп көңлі орнына түскендей болды. Редин кеткен соң, Коньковский маған ұрысты. Адаммен сөйлесуге шорқақсың,— деп кінәлады.

—Тәйір-ау, мен Рединге ешқандай жамандық ойламадым. Қайта оны алдағы қауіпті шептен ту сыртыңыздағы кауіпсіздеу жерге ауыстырғым келді.

—Сөз сонда, жолдас командир. Сіз жауынгердің көңліне қатты тидіңіз, жолдас комдив... Мүмкін басқалар қуанар еді. Бірақ Редин төрт мүшесі сау кезінде қанша ту сыртқа барып жатьга алсын,— деді комиссар. Телефон зың ете қалды.

— Жолдас полковник,— деді бейтаныс әйел даусы — мен врачпын. Ғафу етіңіз. Бізге өте ауыр халде старшина Редин түсті. Мен медсанбадқа тез жөнелдім. Келсем Николай Васильевич беті сұрлана көгілдірленіп, иығынан дем алып жатыр екен. Ол мені көре салып орнынан тұруды талап етіп ұмтылды да қайтадан сұлқ түсіп жатып әлсіреіен даусымен:

—Бауыржаң, сен келдін, бе?.. Немістер жон омыртқамды опыра үзді білем... қимылға келмей қалыпты...Көрдің ғой... ақыры сенің алдыңда тұра алмадым...

—О, не дегеніщз, Николай Васильевич, тұрудын не керегі бар... Сіз мені оқытқандардың бірісіз. Берген сабақтарыңызға, істелген адал қызметтеріңізге... — дей Вёргенімде, ол қолын созып сөзімді бөлді. Мен қолын алдым. Қолы мұздай суық екен. Мен оны екі қолыммен ұстап отырдым. Ол бір аз көзін жұмып жатты да, әлсірегеи даусымен:

— Ты так думаешь?..— деп иығынан бір дем алып.— Служу Советскому Союзу! — деп иегін бір қақты. Мен бірінші әскери ұстазым, бірінші командирім Николай Васильевичтің суық денесін құшақтап еңіреп жібердім. Онын. ақырғы сөзі:

— Служу Советскому Союзу,— деп аяқталды.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 533 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...