Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тексеру мерзімділігі 1 жыл



VI ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ _______________________ жұмыс бағдарламасының алдыңғы бекітілген уақыты

11. Пәнді оқытып үйретудің мақсаты мен міндеттері: орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

1. Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.

2. Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

3. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.

4. Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б.) дамыту.

5. Түйінді құзыреттіктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қалыптастыру.

6.Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.

12. Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:

Студент міндетті: · төмендегі ұғымдар жөнінде түсініктері болуы тиіс: педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері және оның даму тарихы, әлемдік педагогикалық мұралар; тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасы; педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы; мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктері және т.б. жөнінде түсініктері болуы тиіс. · төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс: педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалауды және жүзеге асыруды; сыныптың ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыруды; оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдауды, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдауды білуі керек. · төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс: педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы; педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды; білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдана алуды меңгере білуі тиіс.    


13. Пәннің модульдік оқыту бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспары

және сағаттар торы





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1152 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...