Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі



Педагогика ғылымындағы «ұжым» ұғымы. Балалар ұжымы – әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Балалар ұжымдарының әртүрлі типтері, олардың ерекшеліктері, бір-біріне әсері және сабақтастығы. Ұжым – тәрбиенің объектісі және субъектісі, ұжымның мәні. Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренконың рөлі.

Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері. Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары. Қоғамдағы оң тәжірибелерді меңгеру үшін ұжымдық өмірдің эмоционалдық (сезімдік) байлығы, ұжымдық дәстүрдің маңызы. Оқушылар ұжымында іс-әрекет пен қатынасты ұйымдастыру.

Тәрбиелеуші ұжым – оқушының тұлғалық әлеуметтенуінің факторы.

Педагогикалық үдерісті реттеудегі тәрбиелік механизмдер (тетіктер): әртүрлі ұжымдық іс-әрекетте педагогтар және оқушылардың өзара әрекеттестігі. Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау. Тұлға және ұжым. Тұлға мен ұжымның қарым-қатынас моделі.

Ұжым және тұлғаның даралық дамуы. Дербестік, топтық, ұжымдық тапсырмалар. Өзін-өзі басқару - тұлға мен ұжым қалыптасуының жетекші факторы. Өзін-өзі басқарудың сыныпта, мектепте тәрбие үдерісін ізгілендіру мен деократияландырудағы маңызы. Педагогикалық үдерістегі балалар ұжымының мониторингі. Мұғалімнің оқушылар ұжымын қалыптастырудағы құзіреттілігі.

Негізгі ұғымдар: балалар ұжымы, балалар ұжымын қалыптастырудың қызметтері, заңдары мен кезеңдері, қарым-қатынас мәдениеті, балалар ұжымының мониторингі.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3131 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...