Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сеп-түркі – қандай да әрекет не қылыққа негіз болар, мәжбүрлеуші, көбіне кездейсоқ, ықпал (мотив)



Себеп –қандай да бір нәрсеге заңдылықты негіз беріп, екінші бір құбылысты туындатушы дәлелді уәж, дәйек, жағдай, оқиға (причина).

Салдарлар –негізгі, бағдарлаушы не қамсыздандырушы пікірден туындайтын немесе оны нақтылаушы жаңа нәтиже – пайымдар (следствия).

Тәрбие – ниетті тәлім шеңберінде наным-сенім жүйесін, адамгершілік қалып және тұлғалық сапаларды жетілдіруге бағытталған тәлімгерлік мекеме қызметкерлерінің арнайы ісі (воспитание).

Тілек –іс-әрекет нысанымен байланысты келген көңіл күймен ұштасқан сеп-түрткі (желание).

Тек өкілі –жеке адам (индивид).

Тұлға –жауакершіл субъект, әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылатын нақты адам (личность).

Тәлім –ниетті қоғамдық тіршілік аймағында табысты іс-әрекет атқару үшін қажетті субъект тарапынан арнайы іріктелген, тек өкілінің ақыл, адамгершілік, тән-дене дамуының белгелі деңгейі ретінде қоғам мойындаған және сол салалардағы оның белсенділік дайыдығына керекті адамзаттық болмыстың тәжірибесі элементтерінің субъект бойына сіңу нәтижесі (образование).

Тәлімдік үдерістер –тек өкілінің таңдаған тәліміне қол жетуін қамтамасыз етуші үдерістер мен әректтер (образовательные процессы).

Таным –субьеттің өз болмыстық тәжірибесіне сәйкес келетін жаңа мәліметтерге қол жеткізу үдерісі (познание).

Тәсіл –амалдарды орындау жолы (прием).

Тек өкілінің бірлікті тәжірибесі - тек өкілі жинақтаған субъектив тәжірибенің игерілген (адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтері) мәліметтеріиен бірігуі (совокупный опыт индивида).

Тұлға кемелденуі –тек өкілінің өз бойында ең алдымен саналы және қоғамдық мәнді құндылықтар жүйесінің қалыптасуына ықпал жасаушы іс-әрекеттер мен қатынастарға араласудың әлеуметтік тәжірибесін жинақтау үдерісі (становление личности).

Тәлім мазмұны – игерілуі тек өкілінің таңдаған қоғамдық пайдалы қызметіндегі табысты іс-әрекеті үшін қажетті, әдейі іріктелген әрі қоғам не мемлекет тарапынан танылған адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтерінен құралған жүйе (содержание образования).

Теория -өзара байлангсты пікірлер жүйесі. Теория өз ішіне сипаттау және болжастыру құрал-жабдықтарын, заңдар өрнектерін, бірегей құбылыстар мен тәжірибе-сезімдік тәуелділіктер түсініктемелерін қамтиды (теория).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 664 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...