Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бихевиористік (саналы әрекет-қылықтық) парадигма



Бұл парадигманың жоғарыда аталғандардан өзгешелігі - білімдік не мәдени негізді болуынан емес, психологиялық-бағдарлы - бихевиористік сипаттылығынан.

Бихевиоризм - бұл адамның сыртқы орта ықпалдарына қарсы жауап ретіндегі әрекет-қылығын қарастырушы психологиялық теория:

ЫҚПАЛ-ЖАУАП (стимул-реакция).

Бихевиористер адамның ішкі жан дүниесі мен оның қалпына назар сала бермей, көбіне сырттай ықпалдарды қарастырады.

Мектептің саналылық (рационалистік) жобасыда осы теориямен байланысты. Аталған жоба (модель) мектепті баланың әрекет-қылығын қалыптастыру мақсаты үшін қажетті білімдерді игерудің көзі ретінде бағалайды, яғни мектеп ортаға икемдесудің тәлімдік тетігі (механизмі).

Бұл жобаны жақтаушылар мектепті “фабрика” деп таниды да оның шикі заты мен нәтижесі-оқушы болатынын дәріптейді: оқушы-өмір үшін дайын өнім.

Тәлімнің жетекші принципі-үдерістің сыртқы шарттарын реттестіру және әрекет-қылық түрлерін жасаушы әрі иемденуші шәкірттердің сол шарттарға сәйкес жауап әрекеті (яғни әрекет-қылық тәсілдерінің жиынтығы).

Мектеп мақсаты-шәкірттер бойында батыстық мәдениеттің әлеуметтік қалып-көрсеткіштеріне, талаптары мен ниеттеріне сәйкес икемшіл мінез-құлық (ой, сезім және әрекет) түрлерін қалыптастыру.

Бұл парадигма мектепті шәкірттердің ұтымды әрекет-қылықтарын қалыптастыру мақсатына қызмет етуші білімдерді игерудің жолы ретінде таниды. Басты ұраны: “Мектеп-бұл фабрика, ал шәкірттер-оның шикі заты”.

Бұл парадигманың технократтық бағыты: шәкірттің қандай ептіліктер мен дағдыларға ие болуы қажет екенін дәл көрсететіндей оқу-үйретім мақсаттарын қалыптастыру керектігін айқындауға қызмет жасайды.

Американ психологы Б.Скиннер “әлеумет инжинерлігі” ұғымын енгізіп, соған байланысты әрекет-қылық мәнін ашты. Сол мәнге сәйкес оқу-ұйретім құрылымын ұсынды. Оқу-үйретімгің баршасы нақты дағдылар мен жауап әркеттер қалыптастыруғы арналады:

Телефонмен қалай хабарласу керек?

Сырқат анамен қайтіп сөйлесу орынды?

Жауабын білмеген сұрақтан қалай құтылуға болады?

Бұл оңай емес, алайда қызықты міндет. Мысалы, Б.Блум химия бойынша келесідей ақыл-зерделік (интеллектуал) амалдарды ұсынады: білім, түсінім, талдау, қолданым, бірігім (барлығы 5 деңгей-амалдары).

Химияның кезкелген бөлімі бір не бірнеше деңгейде игерілуі тиіс. Бұл үшін әрекет-қылықтың өлшемге келер бірліктері болуы қажет. Ал даму, шәкірт шығармашылдығын анықтау қалай болмақ? Осыдан дайын үлгі (шаблон) және “сүйретпелеумен” үстірт дайындық проблемасы пайда болады.

Солай да болса, аталған проблеманы шешудің білімді толық игеру тұжырымы туындады. Мұндағы шарттардың бірі-оқу-үйретім мерзімінің шегерілмеуі.

Оқу-үйретімнің негізгі кезеңдері (құрылымы).

· шәкірттің байқалған әрекеттері жиынтығына сай келген эталон негізіндегі оқу-үйретімді жоспарлау;

· нақтамалық кезең: шәкірттердің білім, ептілік және дағдыларының бастапқы деңгейінің алдын ала жүргізілетін нақтамасы қажет;

· ұсыну кезеңі: оқу-үйретімнің ниетті нәтижелері, қалыптастырушы ықпал шарттары мен оларды іріктеу көзделеді;

· ұйымдастыру кезеңі: шәкірттерге не білуі қажеттігі түсіндіріледі, яғни мақсаттары жеткізіледі, практикалық машықтану жүргізіледі;

· оқу-үйретім нәтижесін бағалау және оны алғашқы белгіленген эталонмен салыстыру; тағы бір қайталай тестілеу орындалады;

Сонымен, машық (тренинг), жеке-дараландыру, нақтама және қатқыл уақыт шектеуінің болмауы-білімді толық игерудің басты шарттары осылар.

Аталған тұжырымдама “Шәкіртке болған толықтай сенім” деген Б.Блум принципінде өз қолдауын тапты. Б.Блум пікірінше, балалардың баршасы бәрін үлгереді ғана емес, сонымен бірге табысты оқу-үйренімге келеді де. Шәкірттің оңтайлы қабілеттері қолайлы жағдайлар мен оның өзіндік оқу-үйретім қарқынымен анықталады.

Ғалым шәкірттердің келесідей категорияларын бөле қарастырады: - қабілеті кемдер (5%). Бұлар тіпті ұзақ мерзімді оқу-үйретімнің өзінде де білім игере алмайды;

- дарындылар (5%). Бұлардың оқу-үйренімі өте қарқынды;

- қалыпты шәкірттер (90%). Мұндайлардың қабілеттері оқу-үйретімге жұмсалған уақыт есебімен анықталады.

Осының бәрі Б.Блум тұжырымдамасының негізіне алынып, келесідей шешімге тиек болды: шәкірттердің 95% уақыт шектеуі болмаса және оқу-үйретімге деген оңтайлы шарттар орындалып жатса, көзделген мазмұнның бәрін толық игере алады. Педагог-ғалым ұсынған бұл тұжырымдаманың ерекшелігі:

- барша шәкірттерге міндетті жоғары деңгейлі нәтижені белгілеп бару;

- оқу-үйретім нәтижелеріндегі айырмашылықтар осы жалпы жоғары нәтижелер сыртында қарастырылады,

- шәкірттердің бәрі қажетті оқу-үйретім материалын толығымен игеруге қабілетті екеніне мұғалім сенімінің болуы, ал оның міндеті-оқу-үйретім үдерісін ұйымдастыру.

Әдістеме мәні келесі амалдардың орындалуында:

Бүкіл сынып, курс үшін толық игерім өлшемдерін дәл анықтаумен мұғалім меңгерілуі тиісті оқу-үйретімнің нақты нәтижелерінің тізімін құрастырады. Оның негізінде тест тапсырмалары түзіледі.

Оқу-үйретім бөліктері, яғни материалдың біртұтас бөлімдері ажыралады.Кейін қайталай олардың игерілім нәтижелері анықталып, ағымдағы, қортынды бағаға әсері жоқ тестер түзіледі. Бұл тестер мұғалімнің реттеу-түзету жұмыстары үшін қажет.

Оқу-үйретім бағдары бағдарлама материалының әрбір бөлігі бойынша толық игерім нәтижесіне жеткенше. Кейін-қайта тестілеу. Бүкіл курс бойынша материалдың толық игерілімін бағалау.

Мұнда маңызды болатын жәйт: әрбір шәкіртке баға құндылығын, оқу-үйретім мақсаттарын жете түсіндіру.

Б.Блум өзінің педагогикалық еңбектерінде мақсаттардың келесідей категорияларын ұсынады:

- білім, - түсінім, - қолданым, - талдау, - бағалау.

Орташа және үлгерімі төмен шәкірттер бойындағы қабілеттердің жеделді дамуы - Блум тұжырымдамасының басты мәні мен мақсаты.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2806 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...