Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Авторлық түсіндірме-тәржімә сөздік



Адам -ойлау сөйлеу қабілеті бар, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жұмсап білетін қоғамның саналы мүшесі (человек).

Адамзаттың болмыстық тәжірибесі – тек өкілдерінің игеру мүмкіндіктеріне орайластырылған адамзаттың рухани және заттасқан барша мәлениет қоры элементтерінің жиынтығы (обьективизированный опыт человечества).

Адамның субъекттік тәжірибесі – тек өкілінің жеке тұрмыс-тіршілігінде танып, біліп, топтаған және бұрыннан өзі орындап жүрген амалдары, әрекеттері, іс-әрекеттері тәжірибесі негізінде игерген білімдерінің жиынтығы (субьективный опыт человека)

Амал –оқу-үйретім барысындағы технологиялық іс-әрекеттің қандай да бір не бірнеше элементін орындауға бағытталған лаж (операция).

Анықтама – қарастырылудағы ұғымға байланыстырылып және таңдалған терминімен белгіленеген қасиеттер тобының сипаттамасы (определение).

Рекет –көзделген жеке мүддеге қол жеткізу үшін субьект тарапынан саналы орындалатын амал не амалдар жиынтығы (действие).

Рекеттің бағдарлық негізі -әрекет мақсатына қол жеткізу және сол әрекеттің дұрыс орындалуы үшін саналы іріктелген амалдар мүмкіндігін айқындаушы білімдер жиынтығы (ориентировочная основадействия).

Діснама –барша ғылымдарға ортақ келетін танымның бастау бағыт-бағдары (методология).

Басқарымды игерім –тек өкілінің мұғалімнің тікелей не жанама басшылығында іске асатын нақты мақсатқа бағдарланған игерімі (управляемое усвоение).

Бейсана игерім – күнделікті қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер не әрекет-қимылдар үдерісінде субъекттің адамзаттың болмыстық тәжірибе элементтерін ой қатысынсыз, жол-жөнекей игеруі (спонтанное усвоение).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 808 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...