Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кемел -әбден толып жетілген, өскен, ержеткен.Асқан шебер, жетік алғыр (совершенство)



Көрнекілік –нақты сабақта игерілуі тиіс нысан бөліктерінің ағза мүшелері (көру, сезу ж.т.б) қабылдауына арналған оқу-үйретім материалдарын дидактикалық дайындау, өңдеу нәтижесі (наглядность).

Латентті игерім –адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтерінің субъект тарапынан бейсаналы жасырын игерілуі (латентное усвоение).

Мақсат –адам белсенділігі нәтижесінің күні ілгері санада өрнектелген бейнесі (цель).

Машықтану – қалыпты дағды, үйреншікті әдет орнықтыруға арналған әрекеттер жүйесі (тренировка).

Меңгеру, үйреніп алу –адамзаттың болмыстық тәжірибесінің қимылы не іс-әрекетітік элементтерін игеру нәтижесі (освоение).

Мәліметтер -өзге адамдар үшін де түсінікті нысандар не заңдылықтар, тұрмыс-тіршілік не шығармашыл іс-әрекеттері тәсілдері, бағалаудың этикалық не басқа да жолдары жөніндегі ақпараттарды қамтыған болмыстық тәжірибенің сөздік, бейнелік немесе өзге де түрдегі элементтер; барша таным түрлерінің шынайы болмыстық нәтижесі, адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтері (сведения).

Ниет – көзделген нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жоспарлы бағдарламаға сәйкес әрекетті бастау және аяқтауға болған саналы ұмтылыс (намерение).

Наным –шешім шығару не баға белгілеу үшін субъект тарапынан ресми өлшем (эталон) ретінде қабылданған білім-қағида не үлгі әрекет амалы (убеждение).

Оқу-үйретім –мұғалім іріктеген не пән бағдарламасында негізделген адамзаттың болмыстық тәжірибесін балаларға игертуге арналған ұстаз және тәрбие субъектінің бірлікті іс-әрекеті (не құрамдас әрекеттері) (обучение).

Оқу-үйретім түрлері -өздеріне тән дидактикалық тәсілдерді пайдалану негізінде ажыралған тәлім-тәрбие амалдарының тобы (виды обучения).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 602 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...