Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқу-үйретім ақпараты –меңгеру нысанын сипаттаушы мәлімет (учебная информация)



Оқу-үйретім формасы – оқу-үйретімнің ұйымдасу ерекшеліктері (форма обучения).

Оқу-үйретім мақсаты – оқу-үйренім субъектінің нақты бір іс-әрекет түрін игеруге деген күні ілгері ниеті (оқу-үйренім субъектінің игеріліп жатқан іс-әрекет элементін қалыптастыруды сана деңгейінде жоспарлауы) (цель обучения).

Оқу-үйретім әдістері –оқу-үйретім субьекттері тарапынан игерілген нысандар ретінде нақты іс-әрекеттерге айналатын шәкірт іс-әрекеті элементтері мен жүйешелерінің меңгерілуін қамтамасыз етіп, бала психикасында, іс-әрекетінде арнайы өзгерістер туындатуға қажетті, мұғалім мен оқу-үйретім субъекттерінің бірлікті әрекеттері (методы обученмя).

Оқу-үйретім әідстемесі –нақты мұғалім тарапынан қолданылып, оның даралықты дағдыларын өрнектеуші дидактикалық қажетті әрекеттерді орындау тәсілдерінің жиынтығы (методика обучения).

Оқу-үйретім нәтижесі -оқу-үйренім субъекті үшін жаңалықты келген іс-әрекет түрін орындауға қажет шарттарды жасаушы ауысым, өзгерістер (результат обучения).

Оқу-ұсыным мазмұны – мұғалімнің (ұстаздың) дәрісте атқаратын әрекеттерінің жиынтығ (содержание преподавания).

Оқу-үйретім жолы –дидактикалық міндетті дәрісте шешу үшін қажет оқу-үйретім әдісін не әдістерін іске асырушы, мұғалім тарапынан бар құралдар негізінде таңдалған және игерілген әрекеттерді ретке келтіру үшін қолданылатын амалдар жиынтығы (способ обучения).

Оқу-үйретім субъекті --оқу-үйретім тобы және мұғалім.Мұғалім оқу-үйретім субъектінің таңдаған болмыстық тәжірибе элементтерін игеру істерін басқарады.Оқу-үйренім субъекті – шәкірт – ұсынылған нысанды (материалды) меңгеруге арналған әрекеттер не іс-әрекеттерді орындайды (субьект обучения).

Оқу-үйретімнің технологиялық нобайы – мұғалім мен оқу-үйретім субъекттерінің нақты сабақта, шартты жағдай дәрістерінде оқу-үйретімдік жоспарлы міндетке қол жеткізу үшін қажет технологиялық және дидактикалық негізді әрекеттер бірізділігі (технологическая модель обучения).

Оқу-үйретім мазмұны - мұғалім ұсынған мәселелердің нақты сабақта шешілуі (болмыстық тәжірибе мазмұнынының белгілі бөлігінің оқу-үйренім субьекті тарапынан игерілуі) үшін мұғалім және оқу-үйретім тобы (оқу-үйренім субькеті) орындайты әрекеттер жиынтығы (содержание обучения).

Ортақтасу –араларында ақпарат алмасуды көздеген екі не одан көп адамдардың әрекеттестігі, әдетте ортақтасу адамдардың тұрмыс-тіршіліктік бірлікті әрекеттеріне (оқу-үйренім, еңбек, ұжымдық ойын) енген (общение).

Зіндік игерім –субьекттің өзі таңдаған адамзаттық болмыстың тәжірибесі элементтерін мақсатты бағдарда меңгеру әрекеті (самостоятельное усвоение).

Педагогикалық әдіснама –даму желісіндегі қоғамда үздіксіз жүріп жататын педагогикалық болмысты шынайылылықпен бейнелеуші тәлім және тәрбие теориясы мен құрылымын қалаудың негіздері, педагогикалық үдерістерді зерттеудің, деректемелер топтаудың бағыт-бағдары жөніндегі ғылым саласы (методология педагогики).

Педагогикалық жеке-дараландыру – нақты адамның бойындағы сапа-қасиеттер ерекшеліктеріне және оның әлеуметтік жетістіктері деңгейіне орай оған арналған тәлім мен тәрбиені арнайы жүйеге келтіріп, іске асыру (педагогическая индивидуализация).

Руханилық –қара бастың мүддесіне емес, негізінен ішкі наным-сенімдердің ықпалымен туындайтын адамның ақиқатқа, қайырымдылыққа және үйлесімге болған ұмтылыс сипаты (духовность).

Сабақ – мектеп жүйесінде белгілі бір ғылым саласының негізінде өткізетін оқу-үйретім сағаты және пән (урок).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 566 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...