Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дидактикалық тәсіл – дидактикалық қажетті амал орындаудың бір жолы (дидактический прием)



Ерік – адамның өз іс-әрекеті мен әрқилы психикалық үдерістерін өзбетінше ырыққа көндіруі мен реттеуіне бағытталған қасиеті (воля).

Еліктеу -өзге адамдардың белсенділік ерекшеліктерін өз белсенділігіне бейсаналы не саналы көшіре, қосып алу (подражание).

Ептілік –тек өкіліне құрамдас әрекет не іс-әрекетті саналы және қажетті сапа деңгейінде орындауға мүмкіндік беретін игерім дәрежесі (умение).

Жаттығу-шәкірт жаңа материалды жақсы түсіну үшін жүргізілетін оқу-үйретім үдерісіндегі әдіс (упражнение).

Зиялылық –озат әлеуметтік ниеттерге сай келетін, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығын іске асыратын, шын мәніндегі мәдениетті бойына сіңірген адамды танып, ажырата алатын тұлға сапалаларының жиынтығы (интеллигентность).

Игерім деңгейі –оқу-үйретім пәні мазмұнының кезкелген элементінің игерілуіне қойылатын бір міәнді түсінікке ие көрсетпе (уровень усвоения).

Игерім –тек өкілінің тарихи өрнектеліп, қоғам қалыптастырған қабілеттері, әрекет-қылық тәсілдері, білімдер, ептіліктер мен дағдыларды меңгеру және оларды жеке адамның дара әрекеті белсенділігі формасына ауыстыруы (усвоение).

Игерім түрлері –тек өкілінің адамзаттаың болмыстық тәжірибесін қабылдап, меңгеруінің әрқилы мүмкіндіктері (виды усвоения).

Игерім бірлігі – қазақ тілінің 20-ға шамалас сөзін қамтыған бітімі бар анықтама, пікір не сипаттама (единица усвоения).

Игерім нысаны, игерілуші ақпараттар –нақты дәрісте оқу-үйретім субъекттерінің меңгеруі үшін мұғалім тарапынан дайындалған болмыстық тәжірибенің бір бөлігі (объект изучения, изучаемые сведения).

Марлық –кездейсоқ ізденіс үдерісінде бейсана қажеттігі қанағаттандыру үшін орныққан қалыпты не кезіккен жағдайды өзгертуге деген тек өкілінің бейсана ұмтылысы (влечение).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 642 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...