Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лгі(парадигма) көптүрлілігінің себептері



«Парадигма» сөзінің латын тілінен тікелей аудармасы «үлгі» дегенді аңдатып, бүгінгі педагогикада ол тәлім,тәрбиенің тұжырымдамалық нобайы (моделі) ретінде қолданым табуда.Тәлімдік парадигма – үлгілер санқилы да көп түрлі: И.А.Колесникова бұл көптүрлілікті педагогикалық өркениеттердің сан алуандығымен дәйектейді.Оның пікірінше, адамзат өз басынан табиғи педагогика мен қайталай жасау (репродуктив) педагогикалық өркениет кезеңдерін өткізіп, енді шығармашыл, өнімді жасампаздық педагогикасына бетбұрыс жасады. Археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және басқа да деректер айғақтағандай, алғашқы дәуірде «педагогикалық іс-әрекет» бала мен ересек өмірінің табиғи ағымымен тұтаса орындалып жатты.Қауымдастықтың әрбір мүшесі тіршілік қамына орай білім, ептілік, дағды, қатынастарды жеткізу мен игеруге тікелей қатысты болды.Уақыт мерзіміне сай табиғаттық педагогика алғашқы қоғам есесіне тиді.Ал табиғат пен адам ақпраттық рәміздер ролін атқарды.Еңбектік іс-әрекет тәжірибесін ұсыну үдерісінде өмірдің адамилық кейіп-келбеті пайда болды.Бала және оның ата-анасы өткен өмірі не болашағымен жасаған жоқ, олар нақ сәтте, нақты әлеуметтік жағдай талаптарына сәйкес білім, ептілік, дағдыларды пайдаланумен «тап қазір, нақ осы жерде» принципін ұстанып, күнделікті тіршілігін қамсыздандырды, әрекет-қылық инстинктік шарттарға орай реттеліп барды.Арнайы оқу-үйретім және тәрбие мазмұны жөніндегі мәселелер тіпті де болған емес.Жынысына, еңбектік мамандануына, тән-дене дамуына, отбасылық қызметіне орай оқытып, үйрету жіктемесі ойға келген сәттен бастап, адамзат енді өз тіршілік жолын қайталай жасау (репродуктив) педагогикасы бағытында жалғастыруға кірісті.Бұл бағыттың ерекшелігі – “әкелердің” “баларға” мақсатты тәжірибе жеткізуі арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс арнасында орындалатын болды.Адамзат қауымдастықтары әулеттен әулетке жеткізудің өз жағдайларына тиімді келген әдіс-тәсілдерін ойлап табуға, қайталап қолдануға бейімдеді. Қазіргі уақытта адамның қоршаған дүниені өзіндік табиғи тану қабілеттері толықтай жасанды қондырғылармен “жансыз” табиғатпен ауыстырылды, нәтиже ХХ-ғасырдың ақырынан адам білім меңгеру жолында ортаға түскен “делдал” қызметіне тәуелділі болды.Ол “делдал” адам және әлем арасында “шынайы ақпарат” өткізуі тұрғысынан әрқилы “дидактикалық дуалдар”тұрғызылды.Осыдан адамды әубастан табиғатпен байланыстыратын ақпарат рәміз-белгілері (сигналдары) біртіндеп әрі үздіксіз баяулап өше бастады немесе қабылдаушыға бұрмаланған күйде жететін болды.Оқу-үйретім орындарында игерілетін тәжірибе мазмұны күннен күнге адамның даралығынан туындайтын нақты мұқтаждықтары мен қажеттерінен бірте-бірте ажырала бастады.Қайталай жасау педагогикалық өркениеті шеңберінде енді тәрбие мен тәлем мазмұны, оның өлшем-шектері қандайда бір шартты ұсыныстық талаптар жөніндегі әңгімелермен жіктеледі.Мамандар білім, ептілік, дағдылар, қатынастар, баға қай деңгейде болуы қажет, күтілетін тәрбиелілік тиімділігін беретін әрекет-қылық нормаларының реті қандай болмағы жөніндегі «өзара келісіп алатын» болады да, ал осы мәселердің шешіміне орай ғарыштық-биологиялық құбылыс ретіндегі адам сапасы не болатыны ешкім де қызықтырмады, себебі педагогикалық өркениеттің бұл сатысында басты назар оқу-үйретім мен тәрбиенің әлеуметтік тұстарына бөлінді.Адам табиғаттығы ұмытылып, оның ғарыштық бастаулары тіпті де ескерілмеді.Адам мүмкіндіктеріне сәйкес ақпараттық шама бұзылысының салдарынан білімді жатсыну, одан шеттеп, қол үзу ен жая бастады.Ұстанылған мамұнның өлшемсіз артуынан сақтайтын қорғаныс тетіктері іске қосылатын болды, ол-адам? танымының табиғатты елемегенінің ерекше бір өтемі еді.Сонымен, қайталай жасау педагогикалық өркениеттің мүмкіндіктері шегіне жетті, осыдан біз, И.А.Колесникова пікіріне жүгінсек, бір қадам озып,келесі,шығармашл (креатив) педагогикалық өркениетке бет бұруға мәжбүрміз. “Адам-ғарыш” жүйесіндегі біртұтас ақпараттық-энергетикалық алмасу тетіктерін меңгеру қажеттігінен адамның қабылдау, ықпал-жауап(рефлексив) мәдениетінің жылдам көтерілетінін пайымдауға болады. “Адам-адам” жүйесіндегі әрқилы деңгейлі дау-дамайларды шешудің жолдары болуы тиіс, олар игеріледі де (бұған дәлел – Қазақстан Республикасынды бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан өркениеттік саясат әлемінің озық 50 елімен терезе теңдестіру), “Адам-Табиғат” жүйесіндегі әрекеттестіктің де экологиялық үйлесімді формалары табылмақ (Республикадағы “Жасыл ел” бағдарламасы). Шығармашыл-креативті педагогикалық өркениет кезеңінде тәрбиенің бірігімді субьекті мен обьекті, біздің пікірімізше, біртұтастыққа келген адамзат қауымдастығы болмағы лазым.Осыдан, әрбір тек өкілі бала мен ересектің, шығармашыл белсендігіне сай келген, бастау қадамында жаңалықты тәжірибені түсіну мен бағалауға мүмкіндік беретін тіршіліктің әмбебаб тәсілі-табиғи педагогикалық іс-әрекетке қайта оралады.Нәтижеде, науқандық шаралар педагогикасы болмыс тіршілік педагогикасына орнын беріп, кең философиялық мағынаға ие болған шығармашыл ой-өріс мектебінің дәуірі басталады.Үшінші педагогикалық жағдайға өту кәсіби-педагогикалық ұстанымдар мен бұлжымас ерекшеліктердің (стереотиптер) түбегейлі ауысымдарын, тәжірибелі мұғалім іс-әрекетінің басқаша мән-мағыналық қырларын ашуды талап етеді.Қазіргі күнде қаруымыз болып жүрген тәлім-тәрбие жүйесінің жобасы “адамилық” өлшемдері негізінде қайта сындарлы талдауға түсіп, өзгеріске келеді.Ғылымы-техникалық ілгерілеу ашқан мүмкіндіктерді сақтай отырып, адам Табиғатпен өзара әрекеттестікке келудің, басқа адамдармен араласудың табиғи арналарын өзіне қайтарып алуы тиіс.Сонда ғана қоршаған дүниемен үйлесімді жасауға мүмкіндік беретін тіршілікке сай қажетті де көлемді білімді қамтыған ақпаратқа қол жетуі әбден ықтимал.Мұның бәрі тәлім-тәрбие мен оқу-үйретім, үйренім мәнін түбегейлі қайта қарастыруға жетелейді.Мұндай ізденістер арнасында бізге жол сілтер жұлдыз міндетін бүгінде әдебиеттерде кең әрі тұрақты қабылданған түсінік – педагогикалық үлгі (парадигма) категориясы атқарады.Педагогикалық үлгілер қалыптасуы, бұдан былай да қалыптасып баруы адамзат қауымдастықтарының бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасауының сан қилы әдістерін меңгеруінің нәтижесінде туындауда.Бүгінгі таңдағы тәлім-тәрбие үлгілерінің қай-қайсысында жақсы не жаман, болымды не болымсыз деп баға беруге болмайды.Бұлардың әрбірі әлемді, оның бір бөлігі педагогикалық нысанды қалай да қаншалықты қабылдай білуге, олардың мәндік сапасын түсінуге, оқу-үйретім үдерісін құрастыру жөніне байланысты өз өзгешелігіне ие.Егер тәлім-тәрбиенің саясаттан твс болатынын ескеріп, негізге тек қана мәдениет мәнмәтінін (контекст) алатын болсақ, ендеше мәдениетке деген үш көзқарасқа сай келетін тәлім-тәрбиенің үш тұжырымдық жобасын бөліп құрастыруға болады. Мәдениетке деген көзқарастар түрі:

- құндылықтық (аксеологиялық);

- іс-әрекет: мәдениет заттасқан және рухани құндылықтар жасаудың сыналған іс-әрекет әдістері сипатында түсіндіріледі.

- тұлғалық: мәдениет нақты тұлға бойында, оның қасиет-сапаларында көрініс алады.

Аталған көзқарастарға сәйкес тәлім-тәрбие үлгілері:

- дәстүрлі-мызғымас, яғни тәлім-тәрбие жәрдемімен қалыптасқан мәдениеттің сақталуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуші педагогикалық үлгі; - саналы (рационалистік), яғни үлгінің мәдениетке болған іс-әрекеттік бағытына сай келіп, адамның белгілі мәдениетке бейімделуін қамтамасыз етуі.Бұл арада басты назарға алынатын білім болмай, ептіліктер мен әрекет әдіс-тәсілдерінің алғы шепке шығуы.

- адамгершілікті-гуманистік (феноменологиялық), яғни педагогикалық үлгінің бағыты:адамды мәдениеттің басты өрнегі ретінде танып, тәлім-тәрбие қызметінің бірегей субьекті деп қабылдауы. Сонымен, үлгілер, біріншіден, тәлім-тәрбие алдына тартылатын мақсаттар бойынша;екіншіден мектеп атқаратын қызметтерді түсінуге орай;үшіншіден-мақсаттарға қол жеткізу әдістеріне байланысты;төртіншіден-педагогикалық өзара әрекеттестікке келу жолдарына, әсіресе тәлім-тәрбие барысындағы шәкірт ұстанымына қарай ажыралады.Аталған үлгілердің әрбірі тәлім-тәрбие жүйесінде өз сұрақтарымен еленеді:

-әлеуметтік мекеме ретіндегі мектеп атқаратын қызметтерге тәуелді;

-тәлім-тәрбие жүйесінің тиімділігіне орай;

-мектеп алдында қойылатын басым мұраттар жайлы;

-тәлім-тәрбиенің қоғамдық мәнді мақсаттарының мазмұны нендей болтын жөнінде;

-қандай білім, ептілік, дағды құндылықты, кім үші құндылықты, сонымен бірге бүгінгі әлем тәлім-тәрбиесі қандай болуы лазым. Әрқилы тәлім-тәрбие үлгілеріне берген В.Я.Пилиповский берген салыстырмалы сипаттамасында тұлға тәрбиесі әрқилы құндылықтарды арқау етеді:

-мәнгі мызғымас құндылықтар (трансцендетті), яғни тәрбиеленушіні Ақиқат пен Аллаға жанастыру;

-әлеуметтік өзекті (социоцентрлі) құндылықтар (еркіндік, теңдік, бауырластық, еңбек, бейбітшілік, шығармашылық, келісім, инабат-имандылық және т.б);

-адами өзекті (антропоцентрлі) құндылықтар (өз мүмкіндіктерін паш ету, рахат өмір көздеу (гедонизм); пайда табу; шынайылылық, дербестік, даралық).

Тірек болар құндылық таңдаудан қалаулы тәлім-тәрбие үлгісі қолданымға енеді. Қазіргі кезеңде педагогикада қабылданған үлгілер біршама тар мағынада да қарастырылуы ықтимал.Бұл әдеуір жалпыланған түсініктерді нақтылай, күнделікті тұрмысқа жақындата ұғуға мүмкіндік береді.И.Б.Котова мен Е.Н.Шиянов дәстүрлі педагогика үлгілері санында келесілерін атайды:

тәрбие қалыптастырушы-үлгі шәкіртті әлеуметтік тапсырыс және идеологиялық талаптарға сай келген сапаларға баулуға арналған;

бала-педагогикалық ықпалдар нысаны да, ал мұғалім мүмкіндіктері жоғарыдан түскен бұйрық-ұсыныстарымен шектелген орындаушы субьект қана;

педагогикалық үдерістегі қызметтестік байланысты әрекеттер: әр қатысушы өзіне міндеттелген тапсырыстар алады, олардан қандай да ауытқу қылық-әрекет пен іс-әрекеттің қалыпты талаптарына нұқсан келтірумен бірдей бағаланады;

тәрбиеленуші қылық-әрекеті мен іс-әрекеті сырттай шарттарға орайласқан болып, әрі сол шарттар оның тәртіптілігінің, орындаушылығының негізгі көрсеткішіне айналады.Осыдан шәкірттің педагогикалық ықпалға түсу барысындағы ішкі жан дүниесі көмескіленіп,еленуден қалады;

шәкірт іс-әрекетінің тікелей бұйрықты (императив) басқару мәнері: бір ықпалға бағыну, тәрбиеленушілердің ниет-ықыласына шек қойып, шығармашыл әрекетін тұсаулау;

тәлім-тәрбие үдерісін баршаға бірдей өлшем-талапқа жүгіндіру (стандарттау): оқу-үйретім мазмұны мен технологиясы орташа үлгерушілер мүмкіндіктеріне орайластырылған.

Дәстүрлі педагогикалық ой-өріс педагогикалық іс-әрекеттің мызғымас негізі сипатында осы және басқа да үлгілер жиынтығын қару етіп,пайдаланады.Ал бүгінгі таңда заман өзгерістеріне орай ұсынылып жатқан тұлғалық бағыттағы үлгі тұжырымдамасының негізіне өзінің адами-инабаттылық (гуманистік) бағдарымен ерекшеленген үлгілер тобын арқау етеді, яғни педагогикалық әрекеттер тұлға сапа-қасиеттеріне зиян келтірмейді, баламалы, шығармашылдықпен қайта қарастырып, жаңаша ұғуға бейімді.Осыған байланысты педагогиканың ғылыми қызметі дәйекті де дәлелді негізде реттеу-түзет ұсыныстары ретінде қабылданып, адамның тұлғалық құндылықтары тұрғысынан танылған педагогикалық тәжірибенің дамуына жол ашады.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 834 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...