Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Іске асыруда педагогқа қойылатын талаптар



Педагогикалық нұсқамаларда екі принциптің маңыздылығы баса айтылып жүр.Олар: 1)тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескеру; 2)тәрбиені жеке-дараландыру негізінде іске асыру; Соңғы он жылдықтардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, аса маңызды келетін тәрбиешінің өз қамқорлығындағы баланың жасы мен жеке бітістерін білуімен бірге, оның дара тұлғалық сыр-сипатынан әрі мүмкіндіктерінен қанық болуы.Тұлғалық қатынастық мәні-бұл баланың жеке басының қасиет-сапаларын арқау ету, себебі бала бойына табиғи біткен осы сапаларға орайлас тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, оның құндылық талғамдары, тіршілік жоспарлары, орныққан ұстанымдары, іс-әрекеті мен әрекет-қылығының жетекші сеп-түрткілері бой тіктеп, өріс алады.Аталған жетекші сапалардан бөліктей қарастырған жас немесе дара ерекшеліктер тәрбиеленушілердің жоғары дәрежедегі тұлғалық бағдарлы тәрбиесін қамтамасыз ете алмайды.Әлбетте, құндылықты тану мен бағалай алу, өмірлік жоспар, тұлғаның өзіндік даму бағыты баланың жасы мен дара бітістеріне тәуелді.Дегенмен, ең басты көзге түсетіндей тұлғалық сапа ғана аталған принциптерді дұрыс есепке алып, орнымен қолдануға мүмкіндік береді.Тәрбие ісіндегі тұлғалық бағыт принципі тәрбиеші алдында келесі талаптарды тартады:

1)өз тәрбиеленушілерін төменде аталған ерекшеліктерін:темпераментін,мінез бітістері,көзқарастарын,талғамдарын,әдет-қылықтары әрдайым-зерттеп баруы және түбегейлі біліуі:

2)ойлау мәнері,сеп-түрткілері,қызығулары,ұстанымдары,тұлғалық бағдарын,өмірге,еңбекке қатынасы,құндылықтар талғамы,өмірлік жоспары ж.т.б.сияқты маңызды тұлғалық сапаларын нақтамалай алуы және олардың шынайы деңгейін білу:

3)әрбір тәрбиеленушіні әрдайым оның әлі келетін және қиындығы біртіндеп күрделене түсіп,тұлғаның ұтымды дамуын қамтамасыз етуші тәрбиелік істерге қосып бару:,

4)мақсатқа жетуге кедергі болар себептерді дер кезінде анықтап және жойып отыру, ал егер ол мүмкін болмаса, тәрбие амалдарын жаңадан қалыптасқан жағдайлар мен шарттарға сәйкес шапшаң өзгеріске келтіру.,

5)тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен ұштастыруда, өзіндік тәрбиенің мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауда жәрдем беру.,

6)тәрбиеленушілердің дербестігін, ынталылығын,өзіндік іс-қимылын дамытумен табысқа жеткізуші іс-әрекетті тікелей басшылыққа бағындырмай, тұлғаның өз ынтасы мен қызығуларын ұтымды ұйымдастыруға мән беру.Аталған талаптарды кешенді іске асырып барудан жас және даралықты бағыт- бағдар тиімді мән-маңызға ие болады, бұл тәрбиелеушіні даму үдерісінің үстірт белгілеріне емес, оның аса қажетті болған астар сырларына назар аударуға міндеттеп, себеп-салдарлы байланыс заңдылықтарын сүйеніш етуге бағыттайды.Тәрбиешінің өз ісінде арқау етер жеке-даралықты ерекшеліктер арасында басқаларынан гөрі көбірек қажет болатындары: қабылдау, ойлау,жад, сөйлеу, мінез, темперамент, ерік бітістері.Дегенмен, бұқаралық, жаппай тәлім-тәрбиеде бұл және басқада ерекшеліктерді түбегейлі зерттеп бару қиындау, солайда болса, табысқа жетуді көздеген тәрбиеші қосымша уақыт,қуат,құрал-жабдық жұмсап, тұлға сапаларын жеткілікті тану үшін маңызды ақпараттар топтап, толық та нақты нәтижені қолға түсіруі сөзсіз.

Қазіргі заман мектеп шәкірттерінің білімдік деңгейінің көтерілгенін, әрқилы қызығуларының артқанын ескерумен тәрбиешінің өзі де жан-жақты дамуда болуы тиіс, нақтырақ айтсақ, тек өз мамандығы бойынша көп біліп қоймастан, саясат, өнер, жалпы мәдениет саласында елеулі мәліметтерді игеріп, өз шәкірттеріне жоғары дәрежедегі өрнек болуы, адамилық қадір-қасиет пен құндылықтардың иегері болуы әбден лазым.Бала жаста және жасөспірімдік шақтағы тұлғаның жылдам қарқынмен қалыптасуы тәрбие мазмұнының, ұйымдасуының әдістері мен формаларының тәрбиеленушілердің даму деңгейімен қайышылыққа келуін күтіп жатпастан, келеңсіз әдет бала бойына еніп, жан дүниесіне өтпей тұрып, оза жүре тәрбие әрекеттерін қамтамасыз еткен абзал.Алайда, талаптарды күрделендірумен бірге оларды іске асырушылардың күш-қуат мүмкіндіктерін ескерген жөн.Шектен тыс талаптар баланы өз күшіне сенімнен айырады, оны дағдарысқа түсіріп, қойылған талаптарды жеңіл-желпі үстірт орындау әдеттерінің бой тіктеуіне жол ашады, жартылай жетістіктермен қанағаттануға үйретеді. Тәрбиешінің аса көп назар салатыны-басты тұлғалық қасиеттердің (құндылықтар сезу,тіршілік іс-әрекеті мен мінез-құлығының бағыттарын байқау, тәрбие үдерісін өзінің жеке тұлғалық қажеті және қоғамдық мүдде үшін орайластыру) өзгеріп баруы. Кейбір тәрбиешілер қателескенінен жеке-даралықты бағытты “қиын”шәкірттер мен тәртіп бұзушыларға ғана арналған әрекет деп біледі.Әрине, мұндай тәрбиеленушілерге аталған тәрбиелік жүйе әбден керекті.Дегенмен, “өнегелі-өрнекті” жас өспірімдерді де ұмытпаған абзал.Себебі көрінген сырттай үлгінің астарында келеңсіз ой мен іштей сеп-түрткілер жасырынып қалуы ықтимал.Бірақ, осы жәйттен кім болса, содан күмәнданудан аулақ бола тұрып, қай баланы да тәрбие назарынан тыс қалдыруға болмайды.Тұлғаның тереңде жатқан астарлы бітістерін мінез-құлықтың сырттай көріністері арқылы түсіне, ұғу өте күрделі, кейде тіпті де байқауға келмей қалады.Мұндайда қажеттісі тәрбиешіге тәрбиеленушінің өзінің көмекке келуі.Демек, ұстаз шәкіртін өз досы, одақтасы және әріптесі болуға баулуы қажет.Адам бойындаға елене бермейтін сапа-қасиеттерді танудың бірден бір жолы осы сынды қарым-қатынастар түзу. Осылайша, тұлғалық бағыт тәрбиешіні келесі өзекті талапты орындауға міндеттейді:тәрбиелік үдеріс әрбір тәрбиеленушінің басты тұлғалық қасиет-сапаларын ескеру негізінде, яғни оның өмірлік бағдарын, тұрмыс-тіршілік жоспары мен құндылықтар тану сезімін анықтаумен бірге баланың жас және даралықты ерекшеліктерін сүйеніш етуі тиіс. Қорыта айтсақ. Жеке-даралықты бағыт-бағдар оқу-үйретім үдерісінің аса маңызды принциптерінің бірі ретінде қарастырылуда.Оның басқада дидактикалық принциптерден өзгешелігі -әрбір шәкірттің жалпылай әлеуметтік қана емес, оның ойындағы жасына орай және даралықты бірегей, қайталанбас ерекшеліктерін жүйелі түрде ескеріп бару қажеттігін алға тартуы.Жеке-даралықты қатынасқа қай шәкірт те мұқтаж.Себебі, осы қарым-қатынас түрі аса белсенді, кемелге жеткізуші, дамытуша принцип ретінде танымал болуы мен бала даралығының шығармашыл сипатта дамуына септігін тигізеді.Осыған байланысты педагог өз шәкірттерінің темперамент нышандары мен жеке басының ерекшеліктерін білуі шарт. жеке-даралықты оқу-үйретімде тәрбиеленушінің ықтималды мүмкіндіктері мен жақын аймақты болашағы нақтамаланады.Тұлғаның құндылықтар өрісі, өмір-тіршілік жоспары мен бағдары, әрине, оның жас кезеңдері мен жеке-дара ерекшелітеріне байланысты.Алайда, басым келген өзекті тұлғалық бітістерді ескеруден ғана аталған принциптердің іске асуына мүмкіндіктер пайда болады.Тәрбиеші арқау етуі тиіс тұлғаның дара ерекшеліктері арасында ең алдымен еленетіндері:қабылдау, ойлау, жад, сөйлеу, мінез, темперамент және еріктің анайы бітістері.Аталмыш психологиялық сапаларды теориялық тұрғыдан зерделей білген және практикалық тараптан орынды пайдалана алған педагог өз тәрбиеленушілерінің жеке-дара оқу-үйренімін заман талабына сай іске асырып, шығармашыл, жасампаз, белсенді де дербес тұлға дәрежесіне көтеріле, қалыптасуына жәрдем бере алады.

16. Оқу-үйретім және тәрбие үлгілері (парадигмалары)





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1096 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...