Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Технология мәні



«Оқу-үйретім технологиясы» түсінігі бүгінгі таңда дәстүрлі педагогика тарапынан жалпылай қабылданбаған. ЮНЕСКО құжаттарында бұл технология тәлім-тәрбие формаларын ыңғайластыруды өз міндетіне алып, техникалық және адамдық мүмкіндіктер мен олардың әрекеттестігін ескерумен жүргізілетін білім ұсыну және оны игеру үдерісін қарастыру, қолдану арқылы анықтап берудің жүйелі әдісі ретінде қолдануға ұсынылған.

Бір тараптан – технология - бұл оқу-үйретім ақпараттарын өңдеу, жүзеге шығару, өзгеріске келтіру және шәкірттерге ұсыну әдістері мен құралдарының жиынтығы, екіншіден - бұл оқу-үйретім, тәрбие үдерісінде техникалық не ақпараттық құралдарды қолданумен жүргізілетін педагогтың тәрбиеленушіге ықпал ету әдістері жөніндегі ғылым. Оқу-үйретім және тәрбие мазмұны, әдістері мен жабдықтары педагогикалық технологияда бір-бірімен өзара байланысты, себепті шарттасқан әрекетке келеді.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі бағдарламаға сәйкес және тәлім-тәрбие міндеттері белгілеген қажетті мазмұнды іріктеп, өнімді әдістер мен құрал-жабдықтарды қолдана білуі аркылы жоғары нәтижелерге қол жеткізуінен көрінеді. Тәлім-тәрбие технологиясы жүйелі категория, осыдан оның құрылымында келесі бірліктер болатынын естен шығармау керек:

тәрбие және оқу-үйретім мақсаттары;

оқу-үйретім мазмұны;

педагогикалық өзара ықпал, әсер жасау құралдары;

тәрбие және оқу-үйретім, үйренім үдерістерін ұйымдастыру;

шәкірт, ұстаз әрекеттестігі, ықпалдастығы;

іс-әрекет нәтижесі;

«Педагогикалық технология» үғымы үш жоба күйінде іске асуы мүмкін:

ғылыми

әрекеттік - сипаттама

әрекеттік - іскерлік

Сонымен, педагогикалық технология тәрбие мен оқу-үйретімнің аса пайдалы жолдарын зерттейтін ғылым. Сондай-ақ, ол білім игеру барысында қолданылатын тәсілдер, принциптер, реттеу тетіктерінің жүйесі әрі нақты тәрбие, тәлім үдерісі ретінде қызмет жасайды.

Педагогикалық технологияның қай-қайсысы да қандай да бір философиялық тұғырға негізделеді. Философиялық қағида, ережелер, тәлім-тәрбиелік технологияларды әдіснамалық қамсыздандыру құрамындағы барынша жалпыланған реттеу, түзету тетіктері сипатында еленеді. Тәлім-тәрбиенің жалпы мазмұнында да, жекеленген пән құрамында да философиялық бағыт, көзқарас - бұл алғышарт. Алайда, көп жағдайда олардың идеологиялық бағыттары санқилы сипат алып, өзара қайшылықта жүріп жатады. Осыдан мектеп тәрбие, тәлімінің мазмұны дүниенің тұтастай бейнесіне сай келмей, ортақ философиялық негізде құрастырылмай жатыр.

Қазіргі заманғы әлемдік педагогикалық технологиялар негізіне алынған әрқилы, көптеген философиялық бағыттар мен ғылыми ұстанымдар арасында жиі кезігетіндері төмендегілер:

материализм және идеализм;

диалектика және метафизика;

сценитикалық және табиғи сәйкестік;

гуманизм және антигуманизм;

антропософия және теософия;

прагматизм және эксизтенциализм.

Педагогикалық технологияның дерек көздеріне педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылымдар, озат педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, сондай-ақ, осы заманға дейін отандық және шет елдік педагогика топтаған баршаға ұтымды идеялар мен ғылыми ұсыныс, тұжырымдамалар кіреді.

«Педагогикалық технология» ұғымы «оқу-үйретімәдістемесі» ұғымынан әлдеқайда кең. Технология тәлім-тәрбие мақсаттарына қалай ең жоғары тиімділікпен қол жеткізуге болады және сол үдерісті басқарудың жолы қандай?» деген сұраққа жауап іздейді. Технология алдын ала жоспарланған тәрбие үдерісін бірізді жүзеге асыруға бағытталған.

Педагогикалық технологияны жоспарлау үшін нақты жағдайда тиімді болатын педагогикалық технологиялар жүйесін таңдастыра білу қажет. Ол тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттей отырып, балалардың даму жас кезеңдері мен олардың дайындық деңгейіне сәйкес іс-әрекет түрлерін іріктеп баруды талап етеді.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1300 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...