Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Педагогикалық ортақтасу аймағы



Әрқандай ортақтасу негізі іс-әрекет пен әрекеттесу мазмұны, ол педагогикалық ортақтасу өзегі-оқу-үйретім, тәрбие, тәлім үдерісінің мазмұны. Оның құрамына тұлға бағыт-бағдарын, баланың қоғамдық және жеке мүддесін, қоршаған адамдар мен өзіне болған қызуғыларын, ой-өрісін, мінезі мен қарым қатынас түрін айқындаушы қоғамдық құнды және тұлғалық мәнді әрқилы іс-әрекет түрлері кіреді. Мұндай іс-әрекеттер, ең алдымен-оқу үйренім, еңбек, өндірістік және қоғамдық пайдалы әрі қоғамдық ұйымдастырушылық істер. Баланың қоғамдық өмірге тікелей араласуына мүмкіндік ашатын осы аймақ. Педагогикалық қатынастардың, іс-қызметтің, ортақтасудың жедел де қарқынды ұйымдасуы үдерісінде ойдың икемділік, шығармашыл белсенді іс-әрекетке, талдауға, қорытуға, қалыптан тыс шешімдерге тұрақты дайындық қабілеті қалыптасады.

Іс-әрекеттердің іскерлік әрекеттерден өзгеше, ортақтасудың ереше бір түрлерін талап ететін, және бір тобы адамды бос уақыт (досуг) аймағымен байланысты келіп, бала тұлғасының еркін де дербес мүмкіншіліктерінің іске асуын қамтамасыз ететін істер. Бұл топқа енетіндер: техникалық және көркем-өнер шығармашылдығы, әрқилы, дене шынықтыру және спорттық дәрістер, ресми емес топтарға араласу, коллекциялау және басқа да әуестіктер. Балалардың өзара және ересектермен бұл аймақтарда ортақтасуы емін-еркін, ашық көңіл сипатты болады. Бала өзін тәуелсіз әрі өз басқарымы өзінде, еркін бүркемесіз әрекетке келіп, жан дүниесін қалтқысыз жайып салады.

Мұндай іс-әрекеттердегі рухани әрекеттестікте ортақтасу үдерістеріндегі балалар бір уақытта өзін-өзі басқаруға, өз мүмкіндіктерін ашуға және адамгершілікті өзіндік бекімге ұмтылады. Бұл іс-әрекет пен арақатынастарда балалардың қызуғылары, бейімділіктері, енді қалыптасып жатқан қабілеттері айқын көрініп, нығая түседі.

Іс-әрекеттердің тағы бір тобы ортақтасуға көңіл күйі мен сенімділік сипатын беретін, негізінен, адам өмірінің жақын көңілдестік аймағына қатысты. Әңгіме достық, мүдделес, қалыс қарым-қатынас; сүйіспеншілік, ұнату; отбасы, туысқандық ақпарат алмасуды қамтушы өзара көмек, жек жаттық-ұжымдық пікірлер мен әрекет-қылық, мінез заңдылықтарына сай іс-әрекеттермен ортақтасу жөнінде болып отыр. Бұл ортақтасу аймағында адамды ерекше, нәзік педагогикалық назар нысанына келтіретін аса жұқа да күрделі жан дүниесі мен өмірге деген адами-эстетикалық қатынас қалыптасады. Бүгінгі күндегі балалардың көпшілігі туысқандық мейір, қамқорлық, сенімнің өте кем болуынан жан қатыгездігіне, немқұрайлыққа түсіп, мәдениетті жатсынып, хұқық бұзушылар тәжірибесін арттыруда.

Назардан тыс қалдыруға болмайтын және бір маңызды іс-әрекет бұл іштей инабаттылық-эстетикалық шығармашыл ізденіс жұмыстары. Сәби сырттай әрқандай көрініске келіп, көптүрлі ортақтасу қатынастарына араласады. Бірақ ол тек өз тәжірибиесінен өткендерді, өз санасымен еленген, ішкі диалогында өңделген сезімдерді қабылдап, жеке басының қасиет-сапаларына, нанымдарына айналдырады. Өзімен өзі оңашада өз санасы мен қиялында бала шығармашыл ізденіспен дүниені өз шамасына орай жаңадан ашып, оның даму заңдылықтары мен эстетикалық қасиеттерін таниды, мұрат мақсаттар, көзқарас, наным-сенімдерін, яғни дүниетанымын қалыптастырады.

Тәрбиелік-психологиялық іштей рухани іс-әрекет бала үшін тұлғаның адамгершілік мәнін қалыптастырушы, дербестігі мен жауапкершілігін, ізгілікті еркін талғамын орнықтырушы жан еңбегі өз ар намысы алдындағы борышы ретінде қажет. Баланың ішкі жан дүниесінде жүріп жататын рухани талпыныс әрекеттерінің педагогикалық басқарымы мен бағыты сырттай іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Кері әлеуметтік қоршам мен тіршілік ортасының ыдыратушылық ықпалынан іштей жүріп жататын рухани диалог тоқырап, ар-намыс үні өшеді. Алайда қоғамдық мұраттар, рухани мәдениет жетістіктері және өзі алдындағы ізгілікті жауапкершілік сезімімен қаныққан бала өз әрекет қадамын талдап, өзінше бағалауға, өзін-өзі қамшылап, пайдалы әрекетке келуге бейімді де қабілетті келеді.

Ақырғы да, ерекше маңызды да бала тәрбиесі мен тәлімі үшін аса бағалы іс-әрекет бұл балалардың табиғат аясында болып, орман, жазық дала, тау-тас, өсімдік, құс, әсіресе, жануарлармен қарым-қатынасқа түсуі. Мектеп тәліміндегілер табиғат өрісінде қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысып, экологиялық жауапкершілікке үйренеді, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға баулынады. Өз кезегінде, табиғат балаларға әсемдік әлемін ашып, өзінің ғажайып құбылыстарымен оларда эстетикалық ортақтасудың жоғары адамилық қабілеттерін дамытады. Табиғатты рухани әсірелей отырып, балалар өзін сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі ретінде танитын дәрежеге жетеді, оны толық та тереңдей тануға ұмтылады. Әсіресе, балалар үшін өте пайдалы болатын бұл үй жануарларымен, құстармен, аквариум балықтарымен, гүлдермен қатынас жасау. Эстетикалық ләззатқа қосымша мұндай ортақтасу теңдесі жоқ жаңа адами қатынастар әлемін түзеді. Жануарлардың құлықсыз сенімділігі, олардың қайырымдылық пен қамқорлыққа деген ашық та мүлтіксіз таза жауабы балаларда махаббат пен қуаныш сезімін оятып, жануарларды қамқорлыққа алуға баулиды (Б.Т.Лихачев).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 816 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...