Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Сурдопедагогиканың даму тарихы



Жоспар

1. Шет ел сурдопедагогикасының негізгі даму тарихы.

2. Ресей сурдопедагогикасының даму тарихы.

Естімейтіндерді оқыту мен тәрбиелеудегі теориямен практиканың тарихи сипатының әр түрлі мәні бар.

Естімейтіндерге деген ерекше көңіл бөлушілік біздің заманымызға дейінгі ІХ– VІІІғасырдан бері бақыланып келеді.

Ежелгі Грецияда және Ежелгі Римде естуінде кемістігі бар балаларды оқыту жүйесі болмаған. Антикалық мемлекеттерде «естімейтіндер» қоғамның толыққанды мүшесі болып саналмаған, оларды оқуға жарамсыз деп таныған.

Антикалық медицинада табиғи күштен жаратқан кереңдікті емдеу мүмкін емес деген көзқараста болды, Аристотель (384-322 жж б.з.д.) өзінің философиялық трактасында «Сезгіштердің сезімдері» және «Сезіп қабылдау және оның обьектісі» баланың ақыл-ой қабілетіне жағымсыз әсер етеді деп ашып айтқан, қарастыру кезінде есту мүшесі танымның негізгі аспабы, ал мылқаулық ол туа біткен кереңдік болып табылады.

Естімейтіндерді оқытудың алғышарттары ХV ғасырда жүзеге аса бастады. Батыс Еуропада туылған керең-мылқауларды оқыту мен тәрбиелеу сол уақыттағы көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырды. Бұған кереңдердің танымдық мүмкіндіктеріне деген прогрессивті көзқарас әсер етті. Нидерландық ғалым Рудольф Агрикола (1443-1485) өз кітабында «Диалектиканың ашылуы» кереңдерді оқытудың мүмкіндігі жазбаша сөйлеу тілін арнайы әдіс-тәсілдердің көмегімен, мысал келтірумен іске асады деп айтқан.

Италяндық професссор Джероламо Кардано (1501-1576) «Физиологиялық сезім» және «Менің өмірім» атты жұмысында керең – мылқаулардың физиологиялық түсінігін берген: кереңдік аурудан, ал мылқаулық кереңдіктен пайда болады деп көрсеткен. Ол естімейтіндердің алғашқы классифивкациясын құрды: кереңдік туа пайда болады немесе есту қабілетін ерте жоғалтады(баланың тілі шыққанға дейін) және кейін керең болғандар, яғни жүре пайда болған, оларда сөйлеу тілі сақталған. Джероламо Кардано кереңдердің және мылқаулардың физиологиялық негізін қалаған және сақталған анализаторларының көмегін қолдану негізінде оқытуға мүмкіндік бар екенін дәлелдеді. Ол кереңдерді топтастырып оқыту, есту қабілетін жоғалту дәрежесіне және сөйлеу тілін дамыту дәрежесіне байланысты өзінің ойын іске асырды.

Джероламо Кардано өзінің теориялық көзқарасын практикалық түрде Испанияда бекітті. Педро Понсо де Леон (1520-1584) кереңдерді оқытудың негізгі әдісін және практикада жекелей оқытуды аристократ жанұясындағы балаларға қолдануда нәтижеге жетті. Педро Понсо де Леон өзінің әдістемесінде әр түрлі сөйлеу тілін қолданды: ауызша, жазбаша, дактильді және жестті.

Х.П. Боннет (1579-1633) «Керең-мылқауды табиғи дыбыс және бейнелеп сөйлеуге үйрету» (1620) атты трактатында кереңдерді оқытумен тәрбиелеудің мақсат- міндеттерін, мұндай жандарды қажеттілікті тудыратын дактильді және ауызша сөйлеуге үйрету жайында жазылған. Ол ақыл-ой қабілетін дамытуда кереңдерді арнайы педагог оқытуда қолданылатын сөйлеудің түрі сұрақ-жауап түрінде маңызды екенін көрсетті.

Э. Р. Каррион (1579-1652) өзінің замандастарының тәжірибесін жүзеге асыруда кереңдерді оқытуда тактильді-вибрациялы және есту қабілетінің қалған функцияларын дамыту нәтижесіне баса мән берді.

Кереңдерді оқытуда Х.П. Боннеттің ойы келешекте Еуропада жүзеге асрыла бастады: Англияда - Джон Валлис (1616-1703) және Дж Бульвер, Швейцарияда Дж. К. Амман (1669-1724), Нидерландыда – Ф. М. Ван Хелмонт (1614-1699), Италияда – Ф.Л. Терций (1631-1687).

ХVІІІ ғасырдың 70-жылдарында кереңдерді оқыту мен тәрбиелеуге арналған арнайы мекеменің дамуы ұйымдастырыла бастады.

1770 жылы Францияда әлемдегі ең бірінші жеке меншік мектеп ашылды – кереңдердің Париж институты, ұйымдастырушысы Шарль Мишель де Эппе болды.

Тақырып. Ақыл-ойы кемдерге қоғамдық көмектің белсене түсуі және білім берудің дамуы туралы ХІХ ғасырдың жартысы – ХХ ғасырдың басы

Жоспар

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ақыл-ойы кемдікке қоғамның әлеуметтік тұрғыдан көмек беруінің дамуы.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында –ХХ ғасырдың басында ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытудың негізгі аспектілері және тенденциясы.

3. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуда анотомо-морфологиялық және этиологиялық бағыттың дамуы

4. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуда психолого-педагогикалық және

әлеуметтік бағыттың дамуы.

Көріп отырғандай ақыл-ойы кемдерге қоғамның қатынасы туралы мәселе ХІХ ғасырдың жартысынан бастап қозғалуда. Мәселе отбасы жағдайына байланысты болып отыр. Энегельс былай деп жазды: «.....ананың қызмет жасауы отбасыны бұзады; егер әйел жұмыста 12-13 сағат болса, ал күйеуі одан аз болмайды.... сонда баланың өмірі қандай болады? Олар мүлдем қадағалаусыз қалады, арам шөп секілді...». Содан кейін: «жиі, әйелдер босанғанна кейін фабрикаға 3-4 күннен кейін келедлі, әрине емшектегі балаларын үйге тастайды.......» Осы жағдай, капиталистік тәсіл патология мен туылатын баллар санын көбейте түсті, соның ішінде аномалия және психикалық кемшіліктері бар балалар саны көп кездеседі. Осының бәрі капиталистіктің салдарынан болып отыр. Осының бәрі, дәрігерлерге жүйке жүйесі ауыруын және психикалық аномалияның дамуын терең зерттеуге негіз болды. Едәуір прогрессивті дәрігерлер капиталистік өнер кәсіпте аналар мен балалардың денсаулығық жағдайын жақсартуға күрес жүргізді. Қоғамда аномалды балалар санының дамуы педагогтарды, юристерді және мемлекет көлемінде қызметкерлерді аландатпай қоймайды. Ақыл-ойы кем формасындағы балалар жалпы мектептік оқы бағдарламасына менгеруде үлгере алмайды, оларға масыл болды және оларды мектептен шығарып тастады. Қорытындысында олар көшеде қалды. Ақыл – ой кемдігінің жеңіл формаына назар аудару, ақыл-ойыдың шығу кезеңін қарастыруға және осы жағдайдың критерилерін, форма класификациясын, дәрежесін, ақыл-ойыдың түрлерін анықтауға негіз болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ақыл-ойы кемдердің клиникалық және психолого-педагогикалық аспектілерін зерттеумен көп айналысуда. Бұл мәліметтер әр түрлі категориядағы аномалды балаларға мекеме түрлерін шешу сұрағына қажет қолды. Психологияда және педагогикалық зерттеуде көінесе эксперименталды әдіс қолданылады. ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басында ақыл-ойы кемдіктің мәні мен түсінігі жағынан екі бағыт анықталды.Бірінші бағытта негізгі күш ақыл-ойы кемдіктің клиникалық жағына, оның себебін, аномальді дамудың материалды негізін ашыға бағытталған. Осы бағыттың өкілдері ақыл-ойы кемдікті баланың организімінің әр даму кезеңінде түрлі қатерлердің әсер ету салдарынан қалыптан ауытқу деп қарастырды. Ақыл-ойы кемдерді зерттеу бағытын ХІХ жартысында -ХХ басында шет ел психиаторлары В.Гризингер, В.Айрленд, Б.Морель, Д.Бурневиел, В.Вейганд, Э.Крепелин және т.б. жүргізген. Ресейде – И.П.Мержеевский, И.П.Ковалевский, С.С.Корсаков, В.П.Сербиский, А.Н.Бернштейн, в.И.Яковенко, Г.И.Россолимо, Г.Я.Трошин және т.б.

Ақыл-ойы кемдерді зерттеуде анатомо-морфологиялық және этиологиялық бағыттың дамуы. ХІХ жартысында -ХХ басында ақыл-ойы кемдердің анатомо-морфологиялық және этиологиялық бағыттын зерттеуде көп із қалдырғандар В.Гризингер, В.Айрленд, Б.Морель, Д.Бурневиел, В.Вейганд, Э.Крепелин.

Ақыл-ойы кемдіктің түрінің көптігіне қарамастан негізгі көптеген зертеулердің қорытындысында ғалымдар 3 түрге біріктіруге болады деді. Бірінші топқа – туғанға дейінгі әсер еткен себептерден, екінші топқа – туылып жатқан кездегі әсер еткен себептерден, үшінші топқа – себептер бірігіп, туылғаннан кейінгі себептердің әсерінен болған жағдайды жатқызамыз.

Бірінші топтың себептеріне әр түрлі жағдайларды келтіруге болады, жайсыз тұқымқуалаушылық, ұрықтауда және ауыр аяқ кезінде, ата-ананың жасы және физикалық жағдайы.

Екінші топтың себептеріне, ерте уақытынан босану, созылмалы және дұрыс босанбау, қысқыштардың салдарынан, тұншығу салдарынан.

Үшінші топтың себептеріне негізінен соматикалық бейнелер жатады. Бұл ішкі мүшелердің сырқаттануынан, эндокринді жүйелердің салдарынан.

Анатома-морфологиялық және этиологиялық белгілер бойынша ақыл-ойы кемдерге классификация беруге тырысқан, ағылшын психиаторы Вилям Айрленд (1832-1909) болатын. Айрленд идиоттардың материалды бұзылыстардың себептерінен болатын, олардың негізне жататын топтарды көрсетті:

Генетикалық идиотизм (туғаннан идиотизм). Бұнда ол анықтауға келмейтін барлық идиот жағдайын кіргізеді. Бұл басты үлгіде тұқым қуалайтын идиот формасы;

Микроцефальді идиотизм;

Эклампттік идиотизм. Бұл идиотизмда, талмалар эпилепсиядан айырмашылығы бірінен сон бірі жиі уақыт аралығында өтеді, содан кейін тоқтап, ми құрылымында өзгеріс қалдырады;

Эпилепсикалық идиотизм, эпилепсиялық талмалардың салдарынан пайда болатын жағдай;

Гидроцефалиялық идиотизм (ми суының салдарынан);

Паралич идиотизімі;

Кретенизім (Айрленд кретинизімді идиоттықтың бір формасы деп санайды);

Тарвмалық идиотизм;

Тәрбие идиотизімі, мидың түрлі ауруларының салдарынан;

Идиотизм, сезім органдарынан айырылу салдарынан: көру және есту; Ақыл-ойы кемдердің бұл классификациясы ХІХ ғасырдың аяғына дейін психиаторлардың мойындауларында болды, калссификацияның басқа варианттарының шығуына бастапқы болды.

Ақыл-ойы кемдердің анатома-марфологиялық және этиологиялық бағытта білімнің даму шыны, ХХ ғасырдың басында неміс психиаторы Эмилиян Крепелин (1856-1926) болып табылады. Ол бірінші боп (1915) ақыл-ойы кемдікті біріктіріп жалпы атауын «психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп атады және «олигофрения» (гр. «аз ақыл») терминін қосты. Осы жағдайдың этиологиясын Крепелин, тұқым қуалаушылықтан немесе ұрықтың зақымдануынан сондай-ақ эмбрион кезіңде мидың ауру процестерінен зақымдануы деп көрсетті. Крепелин заманға сай медецина ақыл-ойы кемдіктің табиғи жағдайын аз біледі деп санайды. Ол олигофренияның кемістің дәрежесі бойынша дәстүрлі классификацияны ұстанады: идиот, имбициль, дебиль.

Белгия психиаторы Жан Демор ақыл-ойы кемдіктің классификациясында этиологиялық белгілер бойынша бірінші боп артта қалушылықтың себебін нақтылады, баланың тәрбиелеу жағдайына байланысты және бала организімінің патологиялық бұзылысына байланысты деді.

Орыс психиаторы Г.Я.Торшин қалыпты емес балаларды үш топқа бөледі:

Психикалық дамуы шектелген топ;

Балалар неврозы және психоз тобы;

Симптоматикалық қалыпты емес тобы;

Ақыл-ойы кемдіктің барлық формасына Крепелин секілді Торшин бірінші топқа – психикалық кешеуілді жатқызады. Бұнда ол психикалық кешеуілдің келесі формаларын кіргізеді:

Анэанцефал – бассыз сұқынсыздар (урод), өмір сүруге лайықсыздар;

Абсолютті идиотизм;

әдеттегі идиотизм;

Идиотизімнен ақыл – ойы кемдікке өтетін дәрежесі;

Ақыл-ойы кемдік немесе имбициль;

Артта қалушылық;

Француз психиаторы Бурневил Санте де Санктис секілді ақыл-ойы кемдікке көптеген классификация жасаған. Бұл клкассификация анатомо-патологиялық, таза симптоматикалық және т.б. Бурневели осы классификацияларға көңілі толмайды, оларды практикалық мәні жоқ деп санайды; сондықтан да ол едәуір ойды психолого-педагогикалық классификацияға аудауру керек дейді. Өзінің ақыл-ойы кемдерге деген классификацияларының ішінен соңғысы мен келіседі.Оны бес топқа бөліп көрсетті:

Абсолютты идиотизм

Терең идиотия

Сөздің тура мағынасында имбициль

Интелектуалды артта қалушылық немесе имбицильдің жеңілі

Ақыл-ойыдың тұрақсыздығы

Тақырып. Э. Сегеннің, И. Гуггенбюльдің дәрігерлік-педагогикалық әрекеті және ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеуде, дамытудағы ролі

Жоспар

1. Э. Сеген және оның ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеудегі дәрігерлік-педагогикалық жүйесі.

2. И. Гуггенбюльдің әрекеті.

Ақыл - ойы кемдерді оқыту мен тәрбиелеу әрекетінде ертеде едәуір жемісті еңбектерімен танымал, француз дәрігер-педагогы ЭдуардСеген (1812-1880). Сонымен қатар ол, ақыл-ойы кемдерді тәрбиелеуде өз практикасын бүтіндей медико-педагогикалық жүйеде

талдап-қорыта алатын, талдай алатын және нысанға келтіре алатындардың бірі болды. Э.Сеген тұқым қуалаған бургундық дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Парижде ол Итар, Эскиролмен жақын болып, солардың сүйіктісі болды. Олар Сегеннің шыдамдылығын, терең анатикалық ақылын бағалады. Сеген өз өмірін адамдардаң шектелген – ақыл-ойы кемдердің тәрбиесіне арнады. 1837 жылы Эскироль дәрігер Сегенге Итардың тәжірбиесін пайдаланып, идиоттардың индивидуалды тәрбисесіме айналысуды тапсырды. Сеген бұл жұмыста айтарлықтай жетістіктерге жетті. Сонда оған Эскироль Биссетердегі психиаторлы емханадағы бірнеше ақыл-ойы кемдерді зерттеуді ұсынды. Осы емханада 1839 жылы ақыл-ойы кемдерге арналңан балалар бөлімінде жетекші болып тағайындалды. Осы жылы Эскироль мен бірігіп жазған «Біздің он төрт айлық жұмысымыздың резюммесі» деп аталатын жұмысы жарық көрді. Бұл еңбекте олардың ақыл-ойы кемдердің интелектісін дамытудағы жетістіктері туралы. Сегеннің Биссетердегі іс-шаралары, антипедагогикалық және керітартпа тәртіппен күресуге бағытталған, оған әкімшілік және қызыметкелре жағынан қарсылық көрсеткендер болды. Емхана қызметкерлер құрамының артта қалғандығына қарамастан Сеген ақыл-ойы кемдердің өмір сүру жағдайын жақсартуға, жан-дүние ауруын шектеуге, олардың тәрбиесімен айналысуға кірісті.

Шиеленіс қысымымен Сеген 1841 жылы Биссетраданк етіп ақыл-ойы кемдерге арналған жеке меншік мектеп ашуға мұқтаж болды. Бірнеше жылдан кейін ол Франция ғылым академиясына барып, өзінің тәжірбиесін тексеріп, баға беретін комиссия құрылуын өтінді. Бұл комиссия Сегеннің жұмысын мұқият тексеріп, педагогикалық жұмысына жоғары баға берді. Ол, идиоттарды тәрбиелеу мәселесін практикалық шешекен адам – Сеген екенін сойындады. Бұл комиссияның қорытындысы Сегеннің мектебіне басқа елдердің назарын аудартты. Сегенге басқа елдерден ұстарздар, филонтроптар келе бастады, өз елдерінде Сегеннің тәжірбиесін пайдалану мақсатында. 1846 жылы Сегеннің «Ақыл-ойы кемдерді тәрбиелеу, гигиена және адамгершілік емдеу» атты өте үлкен еңбегі жарық көрді. Бұл кітап 1903 жылы орыс тілінде, М.Н.Лебедевтің аудармасы бойынша шықты және көптеген он жылдықтар да орыс олигофренпедагогтардың стөл кітапшасы болып жүрді. Францияда Сегеннің кітаптарын салқын қабылдады. Оның ойларын қиялға негізделген деді. Францияда Сегеннің практикалық қызметі демеу таппады. 1848 жылы Сеген отанынан АҚШ-қа кетуге мәжбұр болды. Онда оны үлкен құрметпен қабылдады. Америка дәрігерлері ақыл-ойы кемдермен жұмыста тәжірбиесіз болды, сондықтан олар осы облыста соқыр нанымдардан таза болды. Сол себептен олар ақыл-ойы кемдерді тәрбиелеу аумағында пионерді қабылдауға қуанышты болды.

Сеген – үлкен гуманист. Ол адамға терең сенімен үнілген. Сеген адам қандай болмасын, ол қалыпты адамдар секілді адамгершілік негізінде өмір сүруге құқылы деп санады. Ол ең үлкен бақыт – адамдар арасында өзін адам ретінде сезіну, сен олардан кем емессің және оларға масұл емессін керісінше оларға пайда әкелесін. Сеген, керең және көрмейтін балаларға кезінде жасалған жағдайларды идиоттарға жасау қажет екеніне терең сенімді болды. Мәселе мынада, барлық аномальді тұлғаларға білім алуға және еңбекке қатысуға мүмкіндік беру керек. Терең артта қалған балалды тәрбиелеу және білім беру үрдісі өзімен арнайы жаттығулардың күрделі жүйесін ұсынады. Осындай жүйені Сеген бөлшектеп құрған. Бұл жаттығулар моториканың, сезім мүшелерін, ақыл-ойын, ерік-жігерін дамытуға бағыттлаған. Сеген, ақыл-ойы кем балалар мен жұмыстың нәтижелілігі негізінен тәрбиеші тұлғасына байланысты деп санады: оның ерік-жігері, байсалдылығы, көзқарасты және дауысты дұрыс қолдана білу біліктілігі. Тәрбие рөлімен сұраққа байланысты Сеген былай деген: «Егер идиот бала сізді қажет етпейтін жастан бастап тәрбиелесеніз, ата-анасына көп үміт бермей, өзініз сол үмітті жоғалтпаныз және қабылдаған күрделі тапсырмаларда өзінізге демеу берініз. Оның жасы 15-20 жас аралығында, ал ол болса біреудің көмегінсіз киіне, тамақтана, сөйлей, оқи алмайды және т.б. Егер ол жалқау қабілетсіз, зейінсіз, бір сөзбен айтқанда ол балада сізге қажетті жағымды сапалардың біреуіде болмаса, бәрі бір сіз еңсенізді түсірменіз. Егер ол үнемі жата берсе, оны отырғызып қойыныз; егер отыра берсе тұрғызып қойыныз; егер өз бетімен тамақтанбаса, тамақтану барысында қасықты емес, оның саусақтарын ұстап отырыныз; егер дым әрекет жасамаса, оның бұлшық еттерін әрекет етуге қоздырыныз; егер ол қарамаса және сөйлемесе, өзініз оған сөйленіз және қараныз. Оны жұмыс жасайтын адам секілді тамақтандырыныз және өзініз онымен бірге жұмыс жасай отырып, оны жұмыс жасауға мәжбүр етініз; Оның ерік-жігері, ақыл-ойы, әрекеті бір сөзбен айтқанда тәрбиесі болыныз. Егер 3-4 жыл аралығында оған сана, қимылдар өнімін және сөйлеу қабілетін бере алмасаныз, уайымдаманы; оған жұмсаған күш қуатыныз зая кеткен жоқ; егер ол сәздің күткен нәтиженізге жетпесе, кез-келген жағдайда мықты әрі күштірек, едәуір тәрбиелі және адамгершілікті болды. Ал бұл аз ба? Бәрін жасаған, барлығын жасай алады».

И.Гуггенбюльдың қызыметі. Ақыл-ойы кем балаларды тәрбиелеу және білім беруде терең із қалдырған швейцар дәрігер-педагогы И.Гуггенбюль (1816-1863). Гуггенбюльдің ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу аумағындағы қызметі уақыты Сеген қызмет уақытымен сәйкес келеді. Гуггенбюль 1841 жылы швейцарияда Абендберг тауының бөктерінде идиоттарға арналған мектеп мекемесін ашты. Бұл мектепке жұмсалған қаржыны жаратылысты сынаушы-дәрігерлер жинады. Мектеп теңіз денгейінен 1100 метр жоғары орналасқан. Мектепті бұндай жоғарлықта орналастыру кездей соқ жайт емес. Гуггенбюль, тау клим аты оның балаларына жағымды әсер етеді деп санаған. Гуггенбюльдің бұл ойын, геолг Соссюр бекітілімнен шығарды, осыған орай жергілікті жерде теңіз деңгейінен 900 метр биік деңгейде кретинизім кездеспейді.

Онда саябақ және шомылу орындары болды. Бұл жерде ақыл-ойы кем балалардың категорияларына байланысты жеке бөлімшелер болды. Мұнда қалыпты балаларға арналған бөлімшелер де болды, себебі, аномальді балалар солардың үлгілеріне қарап еліктеу үшін. Гуггенбюльдің жоспарында бір жасқа дейінгі балаларға, мектепке дейінгі жастағы балаларға, әйелдерге, әр түрлі ұлттағы ақыл-ойы кем балаларға арналған бөлімшелер ашу болды. Абендберг мекемесінде оның тәрбиеленушілерін тәрбиелеуде сәттіліктер оның бірінші жылынан бастап жүрді, толығымен айтсақ, Гуггенбюльдің мекемеге жетекшілік қызыметі оның данқын жария етті, Гуггенбюльге барлық еуропалық мемлекеттер назар аудара бастады. Мекемеге көп санды туристер, дәрігерлер, қоғамдық және мемлекеттңк қызыметкерлер келіп тұрды. Гуггенбуюльді қызыметін қоғамға таныстырып, көрсету үшін, көптеген мемлекеттер оны шақырды. Абендберг мемекесіне көп санды қонақтар келуінің аяғы, ол мекеме, барлығы мінез көрсететін мекемеге айлана бастады. Тәрбие жұмысының құлдырау, Гуггенбюльдің жиі болмау себебінен және Сегендегі жағдай секілді, көреалмаушылық салдарынан болды. Енді дұшпандары оны алдамшыл деп кінәләді. Неміс тілінді «гуггенбюльлера» деген атау шықты, ол, гуггенбюль солақайшыл, көзбояушылық деген мағына береді. 1858 жылғы, ағылшын министірі Гордон жүргізген ревизиядан ол жабылды. Көп ұзамай жала жабылған, жалғыссыраған Гуггенбюль қаза болды.

Гуггенгуль, Иттар, Сегендердің шүбәсіз, ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыты, қоғамды, идиоттарды да қандайда бір дәрежеде тәрбиелеуге болатынына көздерін жеткізді.

Тақырып. Көмекші мектептердің әрекетіне педалогиялық теріс көзқарас. Көмекші мектептің жұмыс спецификасының дамуының тежелуі

Жоспар

1. 1931-1936 жж аралығындағы көмекші-арнайы оқытудың жағдайы.

2. Көмекші мектептердің даму жүйесі.

30 жылдын басынан бастап 1936 жылдың ортасына дейін кеңес көмекші мектептері қарама-қайшылық тенденциясына толы қиын қыстау кезеңдерінен өтті.

30 жылдың басында көмекші мектептер, жалпы мектептер секілді, педалогтардың күшейтпелі әсеріне қалды. Педалогтар өз күштері жетпейтін көп жұмыстарды жауапкершіліккке алды. Баланы саралаудағы физиологиялық, педагогикалық, психологиялық аспектілерді талдауда, пәндік және әдістемелік сараптамада шатасты, балаларды оқыту-тәрбиелеудің теориясы мен практика қатарына қателіктер орнатты.

Аномальді балалардың ұлғайып дамуын бағалау келешекте оптимизмде жүргізіледі, осы балалардың «әлеуметтік» тәрбиесі туралы мүмкіндіктер көзқарас максимализімі деп аталатыны туралы айтылады. 1930 жылы ВКП(б)-ның 16 жазда съезінде мәдениетревалюция курсы талқыланды. Сауатсыздықты жоюға жұмыстар басталды. Съезде міндетті түрде бастапқы білім алуға бағдарламасын белгіледі және сауатсыздықты ликвидациялады. 30 жылдан бастап көмекші мектеп оқушылары осы өмірідің ағымы және тәртібімен өмір сүруге тиісті болды. Көмекші мектептің өміріндегі ең мағыналы жаңалық, 1931 жылдың 8 маусымда Наркоипростың кемтар балаларға міндетті түрде жалпы білім беруді жүргізу туралы қабылданған шешімі.

Қабылданған жоспарға сай, ақыл-ойы кем 8-15 жас аралығындағы балаларға жалпы білім беру, 1933 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізілуі тиіс болды. Осы шешмімен бірге көмекші мектеп әріптестері, жеті жылдық фабрика-заводына өзгертілді. Бұған дейін көмекші мектеп бес жылдық болған.

1932 жылыдң 1 сәуірінде Наркомпроз көмекші мектептің жаңа құрылым анықтайтын жарлық шығарды. Көмекші мектептің негізгі оқу жоспарында, жалпы мектептің оқу жоспары болу керек болды. Көмекші мектептің оқу жоспары, екі концентірді қарастырды.

Бірінші концентр бес жылға есептелген. Осы уақыт аралығында жалпы мектептің бірінші сатысының (4 жылдық) бағдарламасы толығымен өнделеді.

Екінші концентір (6-шы және 7-ші оқу жылдары), көмекші мектепте оқитындарды ФЗМ-ға (фабрика-заводтық мекеме) тапсыру дайындықтарын қамтамасыз етуі тиіс болды. Бұл концентірдің бағдарламасы өзіне алгебраның, физиканың, химияның тригонометрияның айтарлықтай білім көлемін қосты. Көмекші ЖФЗ (жеті жылдық фабрика-заводы) оқушыларға политехникалық тәрбиені берді. Көмекші мектеп оқышыларының кәсіби дайындығын, жалпы кәсіби училищелер жүйесіне аударды. Норкомпростың бұл шешімі, көмекші мектептің білім деңгейін көтеру бағытындағы ұмтылысы болды. Сол кездің өзінде 1931 жылдары кейбір алғыр дефефтологтардың ішінен көмекші мектептің өмірі жайлы шын мәнінде қорқыныш үрей пайда болды.

1931 жылы «дефектологтардың сұрақтары» журналының үшінші санында «Көмекші мектептің талас-тартыс сұрақтары» жайлы мақаласында, И.И.Даниюшевский, кәзіргі кезде көмекші мектептерге педагогикалық ортамен ғана емес, сонымен қатар қоғаммен қажеттігін қанағаттандыру тиіс екенін белгіледі. Сонымен қатар оны, «Көмекші мектептердің көптеген қажеттіліктеріне қаншалықты бақылаулар негізделгенін, яғни қаншалықты жағдайдың және балаларды іріктеу әдістері, көмекші мектепке бағытталғандығын» терең қобалжытатын айтты.

И.И. Даниюшевский заңсыз түрде, көмекші мектептерге педагогикалық төмендетілген, физикалық әлсіреген, дамуында артта қалған балалар бағытталатыны туралы нақты өз ойын айтты. Жалпы мектеп орат білім деңгейіннен төмен оқушыдан құтылуға тырысады. Осының нәтижесінде, И.И.Данюшевскидің құптауында көрсетілген, көптеген қалыпты балалар өздерінің балалық ұжымынан ұзіледі, көмекші мектептің өзінің міндеттерінен босатылады себебі, көптеген тәрбиеленушілерде интелектуалды қалыпты деңгейлер болады. И.И. Данюшевский «осындай «ауыстыру», балаларды қалыпты мектептен көмекші мектепке жіберу дұрыс емес және тұрпатты соңына айландырады» - деп жазды. Бұл «ауыстыру» педалогтардың көмекші мектепте оқитындардың әдепсіздіктеріне әдістерді қолдануда қызметті белсендіре түсті. Көмекші мектептің өз спецификасын жоғалту туралы мәселені сонымен қатар профессор Н.А.Коновалов білдірді. Көмекші мектепте 30 жылдың басында политехниалық тәрбие беру және еңбекке оқыту сұрақтары шешілді.

Көмекші мектепте еңбек сабағының бағдарламасын қайта өндеуде, оқушылар столяр бойынша шебер, слесар, картонаж-былғары, тігін оқу дағдыларын менгерді. М.Ф.Гнездилов, көмекші мектепте политехникалық тәрбие берумен қатар, еңбек тәрбиесінде, мектеп оқушыларын, өнім өндіруде көмектесетіндей етіп колхоз өндірушілерімен келісу. Қорытындысында политехникалық жүйеде көмекші мектеп оқушылары политехникалық дайндық жүйесінде, еңбек жүйесінде алған жоқ.

Ақыл-ойы кем балалардың мүмкіндіктеріне және олардың тәрбиесіне, 20-30 жылдардағы білім беруде екі тенденцияның анықтаған көзқарастары:кейбір дефектологтар жалпы мектептің міндеттерін көмекші мектептерге таратуды мүмкін деп санамады, ал кейбіреулері сол және басқа мектептердің толығымен бірдей ету, деді. Мысалы, бірінші теңденцияны ұсынушы А.С.Грибоедов былай бекітті: «Еңбек мектептерінің біркелкі мақсаты – коммуналдық бастауларда жаңа өмірдегі құрлысшыны шығару. Көмекші мектептерде бұндай мақсат болу мүмкін емес, себебі ақыл-ойы кем бала, енғұрмаса білім алған және қоғамға тән икемді болуы керек, құрлысшы, жаңа өмірдегі сатушы бола алмайды, өз өміріне күресті іске асыру үшін, одан тек қана басқаларға кедергі жасамау талап етіледі».

1929 жылы бекітілген, 1931 жылы Экспериментальді дефектология институтының базасында құрылған, арнайы мектеп және балалар үйнің, ғылыми-практикалық институты біздің елімізде дефектология аумағында басты ғылыми орталығы болды.

Көмекші мектептер жүйесінің қалыптасуы. Наркомпростың 1932 жылы 8 шілдеден шыққан, дефектісі бар балаларды жалпы міндетті оқытуы №181 заңы, үлкен еңбекпен іске асты.Наркомпростың бірінші бес жылдыққа бақылау сандары, 1932 жылға ақыл-ойы кемдердің 30% көмекші мектептерін қамтып қарастырды. Шын мәнінде ақыл-ойы кем балалардың 18% қамтылыд, оған қоса осы оқушылардың құрамына педагогикалық артта қалған және терең артта қалған едәуір балалар саны кірді. Мәліметтер бойынша балаларға арналған көмекші мектептер айтарлықтай төмен болған.

30 жылдары РСФСР-ның көптеген аудан дарында, басқа мемлекеттерді айтпағанда бірде бір көмекші мектеп болмаған. Көмекші мектептердің дамуына едәуір кедергі болған жағдай, мекемелер мен маманданған мұғалімдердің жетіспеуі болды.1932 жылы РСВСР-ның көмекші мектептерінің 1700 мұғалімның 11% ғана жоғары білімді болды.

Педагог-дефектолог мамандарды дайындаау үшін Мәскеуде, Ленинградта қызмет атқаратын дефектология жоғары оқу орындарына толықтуру түрінде, РСФСР-да 8 педагогикалық техникумның жанында дефектологиялық бөлімдер ашылды, бірақ осы шаралардың барлығы дефектология кадырларын дайындау мәселесін шешкен жоқү

Екінші бес жылдыққа бекітілімдер өнделіп жатты, Наркомпрос 1934 жылдың 1-қаңтарына дейін ақыл-ойы кем балаларды жалпы міндетті оқытуын аяқтауды ескертті. Осыдан жалпы мектеп оқушыларының санынан, ақыл-ойы кем балалардың түпнұсқа саны шықты 2%. Наркомпрос ақыл-ойы артта қалғандарға көмекші мектептен басқа, жалпы мектепте жалған ақыл-ойы кемдер деп аталатындар тобын құруды жоспарлады, жалпы мектеп жасындағы балалар санынан 4,5% құрады.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3839 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...