Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы



Жоспар

1. Кеміс балаларға арнайы білім берудің алғышарттары

2. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы

3. 1946-1990 жылы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы

4. Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері

ҚР-да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын қыстау кезеңнің мән жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жағдайын білу үшін керек.басқа ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы бар.

Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды.

Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілермен тенденцияларының анықталуын, әр түрлі уақыт кезеңдерінің қарама-қайшы жақтарын анықтау және дамуында ауытқуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес шарттар құруды қамтиды.ҚР-да арнайы білім берудің теориясымен практикасының дамуы анықталған тарихи кезеңде көрініс тапты.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық көзқарастармен ой-пікірлерінің тарихи қалыптасу үрдісі қазіргі уақытқа дейін арнайы зерттелетін мәселе болып тұр.

Бұл жерде қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жиі кездеседі. Осы кездегі қазақ халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігімен бостандығы және рухани өрлеу жайында қалтықсыз қызмет етіп, оны осы жолда шыбын жандарын қиған аса көрнекті ғұламалар мен қоғам қайраткерлері қазақ аспанында щоқ жұлдыздай жарқырап, кең далада рухани мәдени-дамуының жаңа іргесін қалаған Ы. Алтынсарин, Абай атамыз, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, А. Байтұрсынов және т.б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің қалыптасуына бағасыз үлес қосқан.

Арнайы педагогиканың қазіргі күнде жетекші парадигмаларының бірі гуманизация. Ал ХІХ ғасырда еңбек еткен Ы. Алтынсаринның шығармаларында педагогикалық гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүрек болу мұғаліммен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың принципінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ы. Алтынсарин өзінің атақты «Хрестоматиясында» жасөспірімдердің жан дүниесі, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп санаған. Ыбырай – оқу тәрбие үрдісіне мұғалім ролінде айырықша көңіл бөлген мұғалімнің алдына мынандай мінеттер қойды: нағыз мұғалім болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерін мықты санау қажет, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет. Осындай озық ойлар дене және психика дамуында түрлі кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету-теңгеру жұмыстарының негізгі қағидаларының бірі - әр баланың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет екені әр дефектологияда таныс.

2.Ұлы қазан төңкерісінен кейінгі уақыт. Қазақстанда ауытқуы бар балалардың көбеюі. Азамат соғысы, ашаршылық, эпидемия және т.б. айғақты себептердің соның ішінде: жеткілікті жағдайда мектептер жүйесі, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде кемістігі бар балалар, бұзақылар, қайыршылар көбейіп кетті.

Бұл мәселелерді шешу, яғни ауытқушылығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі Қазақстанда бұл бағытта жұмыс істеу тәжірибесі болмаған.Төңкеріске дейін Қазақстанда ауытқуы бар балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы тұлғалардың ауытқуы бар балалардың проблемасына көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды. Ауытқуы бар балаларға жеке ұйымдастырылған көмек түрлері болды. Кемістігі бар балаларды және ересектерді оқыту және тәрбиелеу тәжірибесі есепке алынған жоқ.

Қазақстанда ғылыммен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді данышпандары Ж. Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б. мүмкіндік туғызды.

Қазақстанда ауытқушылықтың алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды.Бұл конференцияда ең бірінші рет дамуында ауытқуы бар балаларға арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру проблемалары, оларды оқыту, тәрбие беретін мекемелерден ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстары бойынша мәселелер қарастырылды.

Конференцияда шешілетін сұрақтар арнайы білім беру жүйесін әзірлеуде дұрыс жолда екенін көрсетті. Балалар мен жеткіншектердің еңбек қызметінің негізінде тәрбие үрдісін құрастыру, бөлек, ажырата, білім беруге байланысты сұрақтар өз уақытында және дұрыс көтеріліп отырды.

Балалардың ауытқуына байланысты күрес балалар арасындағы қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен қатар жүреді.Мекемелердің көп түрі: балалар үйі, панасыз балаларға арналған коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру түзету пунктері ашылды.Ал ауытқуы бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелер біздің Республикамызда баяу дамыды.

1921 жылы Орынборда ең алғаш рет ақыл-ойы кем және естімейтін-сөйлемейтін тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды.Олар ауытқуы бар балаларға қажет мекемелермен қамтамасыз ете алмаса да, дегенмен бұл Республикада арнайы білім беру жүйесі дамуының маңызды бөлігі болып табылады. 1922 жылы Ақмола губерниясында ауытқуы бар балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылы 1-шілдесінде 169 адамнан тұратын ауытқуы бар балаларға арналған бар жоғы 5 балалар үйі жұмыс істеді. Сол уақытта көптеген ауытқуы бар балалар жалпы типтегі мекемелерде қала берді.

3. 1946-1970 жылдар біздің Республикамызда ауытқуы бар балаларға арналған алғашқы сапалы арнайы мектептердің құрылу жылдары болды,себебі арнайы мекемелер жүйесінің кеңеюімен бірге дамуында әр түрлі кемістігі бар балаларға арналған мектептердің тереңдетілуімен кемістіктің түріне сәйкес бөліп оқыту мәселелері шешіліп, ауытқуы бар балаларды қоғамда өмір сүруі мен еңбекке даярлау, оқыту мазмұнын әзірлеу жолдарын іздестірді.

1945-1946 оқу жылдарында арнайы мектептер жүйесі: көмекші мектеп интернаты – 1, көрмейтін балаларға арналған мектеп интернаты – 1,естімейтін балаларға арналған мектеп интернаттар – 3. Бірақ соғыстан кейінгі жылдарда ауытқуы бар балаларға арналған оқыту – тәрбие беру жүйесі кеңейтілді.Дене және ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арнайы білім берумен оларды есепке алу сол уақытта ең өзекті мәселенің бірі болды. 1949-1950 оқу жылдарында шамамен 900-ден аса мектеп жасындағы ауытқуы бар балалар анықталған.

1953-1954 оқу жылдарында барлық кемістігі бар балаларға арнайы білім беруді қамтамасыздандыру мәселесі қарнастырылды. Бірақ арнайы мекемелер жүйесін кеңейтуге арналған шаралар жүргізілседе ауытқуы бар балаларды мекемеге қабылдау жоспары орындалған жоқ.Оның негізгі себебі қажетті ғимараттардың болмауы.Алматы, Семей, Шымкент, Қарағанды қалаларында 7 мектеп-интернаттың ғимараты мен 75-100 естімейтін балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы мекемелер салу жоспарланған.

Сол бағытта басталған жұмыстар бірінші күннен нәтижесін көрсетті.1958-1966 жылдары көмекші мектептер саны 2-ден 21-ге дейін өсті. 1960 жылдың қазан айында Кеңес Министрлігі «Ақыл-ойы кем, естімейтін, көрмейтін балаларға арналған мектептер жұмысы мен жағдайын жақсарту туралы» жарлық шығарды.1956-1960 жылы Республикада мектеп жасындағы 1190 ақыл-ойы кем бала, 620 естімейтін 209 көрмейтін бала білім алуан қалды.

4.Арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.

Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдау көрсеткендей, өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар өткізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі Республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдаспаған.

1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Москва, Ленинградтағы педагогикалық институттарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлінген.

Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастаған. 1976-1977 жылы бөлім, кейін дефектология факультеті қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. КазПИ – дің дефектология факультетінін ашуға белсенді қатысып, дамуына еңбектерін аямаған озат дефектолог-ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р.А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ.Ж., Буфетов Н.М. т.б.

Дефектология ғылымының дамуы Ж.И Намазбаеваның кеміс баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары ақыл-ойы кем балалардың өзін-өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, 1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында дәлелденген.

80-ші жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары көптеген нәтижелер көрсетті. Нақты М.Ш. Адилова кіші мектеп жасындағы ПДТ балалардың психомоторикалық ерекшеліктерін зерттеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикалық маңызы зор.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. Х.С. Замский история олигофренопедагогики. М. П. 1980.

2. Назарова Н. М. «Специальная педагогика», М., 2006.

3. Байтұрсынова А.А. Арнайы педагогика: проблемалармен даму болашағы.Алматы 2008.

4.. Сулейменова Р. А. «Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностямив Казахстане: проблемы создания и развития», Алматы 2001.

5. Выготский Л. С. Основы дефектологии. Просвещение, 1983.

6. Басова А.Г. История сурдопедагогики. М: Просвещение, 1984.

7. Сурдопедагогика / под ред. М.И.Никитиной. М.: Просвещение, 1989.

8. Обучение детей с проблемами в развитии в разных странах мира.

Хрестоматия. С-Пб, 1997. /Под. ред. Л.М.Шипициной.

Қосымша

9. Боскис Р.М. Глухие и слабослышащие дети. М.: 1963.

10. Дичков А.И. Система обучения глухих детей. АПН РСФСР, М., 1961

11. Э. Зайцем ГЛ. Словесно-жестовое двуязычие глухих//Дефектология, ЛИ,

1992.

12. Зайцем ГЛ. Жестовая речь. Дактилология. М., Оладос.2000.

13. Р.А.Сулейменова Специальное образование детей за рубежом: проблемы и

решения Алматы, 1997. (Республиканский Центр САТР).

14. Е.Г.Речицкой Сурдопедагогика. Москва 2004.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 13543 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...