Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Көне заманда және орта ғасырда ақыл-ойы кемдерге деген қарым-қатынас жағдайы



Жоспар

1. Көне заманда кемтар балалардан құтылу жолдары.

2. Ақыл-ойы кемдікке деген діндік көзқарас.

3. Ақыл-ойы кемдікке гуманистік көзқарастың қалыптасуы.

Бала өлтіруші туралы, ғылым растайтын мәлімет көне Грецияда, әсіресе Спартада, ерте ауыр физикалық кемшілігі (уродтар) барларға қатысты болған. Бұндай өлімдер негізінен физикалық кемшілігі бар балаларға болатын, ал психикалық кемшіліктері тек едәуір үлкен жастарда кездесетін. Жорамал бойынша, физикалық кемшіліктері бар балаларды өлтіру көне Римде де орын алды. Онсыз рим философы Сенекидің (6 ж. б.э.д.- 65.б.э.): «Біз физикалық кемшіліктері (уродттарды) барларды өлтіреміз және әлжуаз, дімкәс және ұқынсыз болып туылғандарды жағамыз» деген сөздерін қалай түсінуге болады. Белгілі жағдай, елде өндіруші күш дамуы төмен деңгейде болғанына байланысты және ерте кезеңде ақыл-ойы кемдер және физикалық кемшілігі бар балалар тағдыр озбырлығына, қараусыз қалған. Бұндай қатынастар Индияда ХІХ ғасырға дейін болған. Бұндай балалар тағдыр озбырлығына салынып орманда қалған. Осыдан балалар жабайы жануарлардан тамақтанған деген аңызға әкеп соғады. Ағылшын психиаторы В.Айрленд бұл туралы көптеген әңгімелер жүргізуде. Солардың ішінен шынайы нақты фактілерде бар.

Ақыл-ойы кемдерге діни көзқарастар. Барлық кезеңдерде адамдардың ақыл-ойы кемдерге деген қатынасына діни көзқарастар көбірек әсер еткен. Библияда, ақыл-ойы кемдерді Құдайдың, ата-аналарының жасаған күнәләріна берілген жаза деп қаралады. Оған көнумен қарап және Құдайдың ерігімен жасалғанды түзеуге ұмтылу керек емес деді. Құранда да, Библиядағы секілді. Мұсылмандар, ақыл-ойы кемдерге Құдайдың бергенінен артық жоқ деп және сол жағдайдың өзінде де олардың өмір сүруіне қолдау көрсетіп және жағдай жасау керек. Ақыл-ойы кемдерге діни көзқарастар, барлық діни догматтар секілді, қарама-қайшылыққа толы. Бір діндер ақыл-ойы кемдерді «құдайдың баласы» десе, басқасы «жынның баласы» дейді. Ақыл-ойы кем балаларға «жынның баласы» деген көзқарас көп дәрежеде католик дінінде іске асқан. Ақыл-ойы кемдерге деген ерекше келіспеушілікті көрсеткен протестанттық реформистер Мартин Лютер (1483-1546) және Джо Кальвин (1509-1564). Олар ақыл-ойы кемдерді түрмеге отырғызып немесе өзенге тастау керек деді. Словян мемлекетінде ақыл – ойы кемдерге «құдайдың баласы» және «диуана» деп қараған, оларды әулиеліккке бөленген, олардың мағынасыз былдырларына аса зор құрмет көрсеткен. Осы үлгінің өзіндеде, дін аномальді балаларға деген белгілі мөлшерде аяушылық сезімдерін оятты.

Жаңару заманнында ақыл-ойы кемдерге гумандық қатынаста негізгі ойдың дүниеге келуі. Бірақта жалпы қоғамның, көне заманның тарихынан белгілі және орта ғасырдан келе жатқан қатынасты гумандық деп атаға болмайды. Ақыл-ойы кемдердің тағдырына қоғам аса мән берген жоқ. Оларға адами қасиеттерден айырылған, адами көмектерді алуға лайықты емес деген көзқараспен қараған. Кейбір жағдайда қоғам ақыл-ойы кемдердің тіршілік ету фактілерінен пайда алуды әрекет етті. Мысалы, көне Римде және басқа мемлекеттерде байлардың сарайларында ақыл-ойы кем – «жындыларды» қожайынға және қонақтарға ойын-күлкі ретінде ұстау салты болды. Ертеректе барлықтары діни ғибадаттарда қызмет ететін ақыл-ойы кемдерден материалды пайда алуды мүмкіндіктерін тапты. Олар ақыл-ойы кемдерді қайыр садақаны жинаушы ретінде ұстады. Бұл католик және православ монастірлерінде орын алды. Индияда Пенджаб штатында қазіргі кездің өзінде (1974ж) «чухас» - «егеуқұйрық балалары» аталған ақыл-ойы кемдердің жинағандарының есебінің негізінде діни секталары өмір сүреді. Бұл шартта ақыл-ойы кемдерді қорғаушы және қамқоршы Шаха Даула Дарьяна әулиенің храмына 26479 рупи пайда әкеледі. Бұл жерде абыздар балаларды садақа сүрауға үйретеді. «егеуқұйрық балалар» храмға және оның абыздарына үлкен кіріс әкеледі, сондай-ақ Индияда мынандай сенім бар: кімде кім Шаха Даула елшіне жаны ашымаса, соның отбасында ақыл-ойы кем бала дүниеге келеді. Америка психиаторы Альберт Дейч өз жұмысында, психотрия тарихында жазады, Бразилияда кейбір отбасыларда ақыл-ойы кемдерді қайғыға қарағанда бақыт деп санайды. Ақыл-ойы кемдердің садақаны жинауы отбасының негізгі асыраушысы болып табылады. Ақыл-ойы кемдер шағын халық пунктерінің шеткі жақтарында өмір сүрген, яғни олар тұрғындар мен қарым-қатынасқа енжар түскен. Олар өздерінің отбасы мүшелерімен және аз санды көршілері мен қатынасқан. Сол кездегі ақыл-ойы кемдерге қамқорлық, жанашырлардың бірі моностірлер болды. Атап өткендей моностірлер олардан пайда көріп отырған (Русьте ХІ ғасырда кейбір ақыл-ойы кемдерге қамқорлық Киево-Печерский лагерінде болған). Әрине, монастірлер ақыл-ойы кемдердің болмашы ғана бөлігін қараған. XVIII ғасырдың аяғына дейін олар аштан және асырап алмағандықтан өлген, ақыл-ойы кем балалары барларды отбасында асырағылары келмеді.

Қайта жаңару заманы қоғамдық өмірге, идиологияға, адамның табиғатына көзқарасын және оның психикалық әрекетіне қарама-қайшылық әсерді шақырды. Заманға жаңару кіреді, ал содан кейін ақыл-ойы кемдерге және аномальді бейнесі барларға деген гумандық негізгі ойы дамиды. Осы уақытта ақылынан айырылған адамдар философ, дәрігер,әдебиетшілер және педагогтарды ойландырады.

Философия «ақымақтың» үлгісін пайдаланып, ақсүйектердің оларға надандықпен діни қауымдардың жадыгөйлікпен қарағанын көрсетуде. Бұл тәсіл биліктегілердің жалпы қоғамдық «ақымақтардан» ақымақ екендерін көрсетуге мүмкіндік берді. Жаңа заман дәрігерлері психикалық ауыратын адамдардың жан дүниесін түсінуге тырысады, сол қатарда ақыл-ойы кемдер де. Алғашқы ақыл-ойы кемдерге терең үнілу, оларда жоққа шығарылған адами қасиеттердің бар екенін дәлелдеді. Жаңа заманда ақыл-ойы кемдердің тағдырына бірінші рет педагогтар зейін аударды. Бірінші болып, педагогика ғылымының өкілі Ян Амос Каменский (1592-1670) ақыл-ойы кемдерді оқытып-тәрбиелеу туралы ой ұсынып, айтты. «Ұлы дидактикасында» былай деп жазды: «Кімнің күдігі бар, топас адамдарды табиғи топастықтан босату үшін тәрбие қажет екеніне». Сондай-ақ «Кімде кім табиғатынан неғұрлым жайбасар және ашулы, соғұрлым, мағынасыз топастықтан және ақымақтықтан ажырау үшін көмекке зәуір болады және мүлдем білім беру мүмкіндігі жоқ кем ақылды табуға болмайды». Ян Амос Каменский аномальді балаларға білім беру мүмкін екеніне терең көзі жеткен. Бұл байланыста ол жазды: «Сұрақтар туындайды: керең, соқыр артта қалған және физикалық кемшіліктері бар балаларды жеткіліті мөлшерде білімді дарыту мүмкін емес жағдайда, білімді игертуге болама?» - жауап беремін: «адами білімнен ешкімді шектеуге болмайды, адамнан басқасын». Ертеде басқа мемлекеттерге қарағанда, ақыл-ойы кемдердің құқықтық жағдайы Англияның заңнамаларымен белгіленген. Англияда ХІІІ ғасырдың өзінде ақыл-ойы кемдермен (идиоттармен) есі ауысқандардың арасындағы айырмашылықты шешуге тырысты және онда дүние-мүлік туралы сұрақтарды да қарастырды. Ақыл-ойы кемдер мен есі ауысқандар өздерін және қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын адамдар қатарына жатты. Идиоттарға іс-әрекеттерге қабілетсіз деп танылғандар жатқан; есі ауысқандарға белгілі уақыт аралығында іс-әрекеттерге қабілетсіз деп танылғанда жатқан. Англяда көбінесе жанкүйзелісіне ұшырағандарға арналған ауруханалар ашылды, онда ақыл-ойы кемдерді де орналастырды. Ақыл-ойы кемдерге деген арнайы мекемелердің дамуы Англияда іске асты. Бірінші рет орыс мемлекетінің актісінде ақыл-ойы кемдерге XVI ғасырда 1551 жылы Иван Грозоныйдың кезіңде «Жүз басты судебникке» кедейлерге, ауруларға «жындыларға және ақылынан адасқандарға» қамқорлық туралы статия бекітілді. Бұндайларды монастірлерде мекен ету ұсынылды, қалыпты адамдар шошынып қорықпау үшін. Бірақта бұл заң кең қолданысты тапқан жоқ. Ю.Каннабиханың мәліметтері бойынша Алексей Михайловұлының (1645-1676) патшалығында Русьте, католиктік Еуропадағы секілді ошақтар жанып, сыйқырмен айналысатын адамдарды тастайтын; олардың ішіне диуаналарда кірді. Ақыл-ойы кемдердің құқықытары жайлы заңнамалар актысы Ресейде 1667 жылы Феодр Алексейұлының патша құру кезіңде қабылданған. Бұл акт кереңдердің, соқырлардың, алқаштардың және ақымақтардың өз дүние-мүлкітерін пайдаланудан айырды. Ақыл-ойы кемдерді монастірлерге алу әсіресе Петр І кезіңде жүрді. Мәселе, кейбір боярлар өздерінің балаларын мемлекеттік жауапты істерден босату үшін «жынды» ретінде монастірлерге жіберіп, барып тұрды. Петр І заңы бойынша боярлардың балалары мемлекетті істерге жауапты болып қызмет атқару керек болған. Петр І монастірлерге «ақымақтарды» куәліксіз жіберуге тиым салды. Өз заңнамаларында шың мәнінде де ақыл-ойы кем болып табылудағы белгілерді жазды. «Ақымақтар» деп ол «оқытуға келмейтін; қандайда бір ғылым және қызмет атқара алмайтын; Петр І «ақымақтарға» отбасы құруға рұқсат бермеді және бұл шара едәуір әрекетте болды.

Жоғары да аталғандардың барлығы, ақыл-ойы кемдерді қорғау, оларды монастірлерге жіберу қоғамда белгілі гумандық көңілдің құрылуына әсер етті, бірақ ақыл-ойы кемдердің фактілік жағдайларын өзгерткен жоқ. Қоғам өздеріне ақыл-ойы кемдерге деген қатынасты міндетті деп мойындаған жоқ.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2072 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...