Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орғау сөзі ұғымы және этикалық жақтары



Өз міндетін орындау үшін, адвокаттың қорғау сөзі мынадай талаптарға жауап беруі керек: дәйекті де мазмұнды, тартымды, ал адвокаттың өзі заң саласындағы ілімді жетік меңгеріп қана қоймастан, үлкен мәдениеттің иесі болуы тиіс.

Қорғау сөзі – адвокат қорғаушылар мен айыпталушының өзін-өзі қорғау үшін ең бір маңызды, кәсіби және жауапты міндеттің бірі.

Қорғау сөзінің шеберлігін меңгермеген адвокат жақсы қорғаушы бола алмайды, ол өз әріптестері арасында да бедел мен құрметке ие болмайды.

Қорғау сөзі маңызды болуы үшін: адвокат-қорғаушыдан алдымен өз саласы бойынша терең білім мен өз қарауындағы істі еркін меңгеру, міндеттерді айқын сезіну, сол істің маңызы мен тарихын, қазіргі уақытқа сай анықталған нақты мән-жайларды заң тұрғысынан бағалау, істің зәру мәселелері мен болашағын білу талап етіледі.

Адвокат үшін қажетті үшінші шарт –қорғау сөзін құрастырып қана қоймай оны ауызша айта білу шеберлігін меңгеру, үлкен сот залын басқара білу, іске қатысушылардың іске деген шабытын оятып, олардың ынтасы мен назарын аудара білу, өз ойын анық та қызғылықты түрде жеткізе білу керек.

Адвокаттың қорғау сөзіне қойылатын талаптар өте үлкен. Қорғау сөз алдымен айыпталушының адами тұжырымдық дүние танымын қалыптастыруға септігін тигізуі тиіс. Адвокат прогрессивтік дәлелденген деректер мен нақты жағдайларды өндіріспен байланыстыра отырып, іске заңды сипат беріп өрбітеді. Қорғау сөзі, іске қатысушы тұлғаларды тек адвокат көтерген іс мәселесімен ғана қызықтырмай, әрмен қарай ой санасын жетілдіруге, ынтасын оятуға міндетті. Қорғау сөзі шабыт шақыруға, әділетті шешім шығару үшін шығармашылық еңбек етуге, адвокат-қорғаушының өзіне дем беріп, қанаттандыруға тиіс.

Жоғарыда айтылғаннан мынаны аңғаруға болады, адвокаттың қорғау сөзі ең алдымен терең мазмұн, үлкен жауапкершілік пен игі мақсаттылық талап етеді. Сол үшін адвокат-қорғаушы, қорғау сөзін дайындау барысында ең соны ақпараттармен, сот барысында не тексерілетінін алдын ала болжай білу, айыптау қорытындысы шешімдерінің іс материалдарымен сәйкестілігін анықтау, қарсыластардың қисынды дәлелдерінің біртіндеп қомақты дәлелдемеге айналатынын, сот шешендік кеңістігін дау-дамайлы алаңға айналдырмай, қарсы жақтың ақылға сыйымсыз даукестік мінез-құлқын көре білу, оған қарсы қолданар иінді тәсілдер ойлап тауып, оны орнымен пайдалануды сіңіріп алғаны мақұл және барлық бастапқы дайындықтар мен қорытындыларды заңды негізде құрғаны жөн.

Қорғау сөзі, оның арнайы сипатына қарамастан іске қатысушылардың дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жасайды, ол негізін шешендік өнерден алатынын бәріміз жақсы білеміз. Демек, қорғау сөзін құрастыру дайындау міндетімен қатар тәрбиелік мәні де зор деген сөз. Адвокаттың қорғау сөзі сот шешімін әділетті шығарудағы ең ұтымды және кең тараған құрал десек, жаңылыспайтынымыз мәлім.

Қорғау табысты болуы үшін, оның тезисін нақты белгілеп, мақсатын айқындап алу қажет.

Қорғау сөзі – кіріспеден, мазмұндаудан және қорытындылаудан тұрады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 870 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...