Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орғаушы сөзінің қорытынды бөлігі



Қорғау сөзі – кіріспеден, мазмұндаудан және қорытындылаудан тұрады.

Алайда, бірдей істер бойынша да оның құрылымы әр түрлі болуы мүмкін. Бұл мәселеде адвокат-қорғаушының шеберлігі мен басты сұрақтарды ұсақ-түйек және қосалқы сұрақтардан екшей білуінің мәнісі өте үлкен.

Қорғау сөзінің құндылығы адвокат-қорғаушының өз қорғауындағы айыпталушымен араласа жүріп, өзара тығыз қатынас орната білуінде. Егер түсініксіз болса, кез-келген уақытта адвокаттың көмегіне арқа сүйеуге болады деген ұғымның өзі үмітке жетелеп, қабылдау түйсігін арттырады.

Қорғау сөзі адвокатқа таным процесін шебер басқаруға мүмкіндік береді. Бұл мәселеде айыпталушының өз бетінше дербес шұғылдануы адвокаттың қорғауымен бәсекелесе алмайды.

Орыстың ұлы қайраткері, тамаша шешен және лектор А.Ф. Конидің берген кеңесі: Лекция табысты болуы үшін аудиторияның назарын жаулап алып тізгінді ұстай білу қажет [5, 28 с].

Қорғау сөзіне жүктелген бүкіл материалды бейнелеуші, баяндаушы және түсініктеуші етіп жіктеуге болады. Бейнелеуші және баяндайтын бөлімдердің ешбір қиындығы жоқ, оны дайындық ретінде қысқаша түрде сот процесінің үстінде-ақ айтып өтуге болады.. Сол арқылы адвокат – қорғаушы жаппай қайталап айтып беруден құтылып, тыңдаушылар назарын негізгі іс бойынша өзекті мәселелерге аударады. Бұл орайда уақытта үнемдеуге болмайды, өйткені іске қатысушы тыңдаушылар көптеген ұғымдардың арасындағы өзара логикалық байланысты меңгеруі тиіс, сол сабақтастықтың бір желісін қалт жіберуің мұң екен, олардың бұл құрылымды ұғынуына нұқсан келтіреді.

Екінші әдіс адвокат-қорғаушыға қорғау сөзінің салмағын сақтай білуге мүмкіндік туғызады, бүкіл сот процесінің аяғына шейін сөйлеу өнері арқылы іске қатысушыларға тұтас түсінік береді, бірақ негізгі мәселеге баса назар аудару керек – сол мәселені бөліп, ажыратып таратқан жөн. Бұл әдіс мына тұрғыдан негізделінеді, әрбір қорғау сөзі тең емес екі бөлімнен тұратын сияқты. Біріншісі, бұл барлық адвокаттарға тән ортақ материал. Екіншісі –жеке адвокат-қорғаушының өз бетінше іздену жұмысының нәтижесі: қорғау сөзін өзгеше даярлау, тиімді логикалық дәнекерлер үйлестіру, тәжірибелік мәліметтер, бақылаулар, мысалдар, салыстыру, баға беру, ассоциациялар, сұрақтардың жауабы, яғни осының бәрі іске қатысушыларды қызықтыратын –адвокаттың заңгер тұлға есебіндегі жеке басының қасиеттері.

Сонымен, қорғау сөзі–сот өндірісінде, оның ішінде сот жарыссөзінде жетекші роль атқарады, алайда олардың мән-маңызы жағдайға байланысты бірдей емес. Адвокат-қорғаушылардың міндеті: сотта сөйлеу шешендік өнер деңгейін үнемі жоғары ұстап, шеберлікті шыңдай түсуге тиіс





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 823 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...