Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ылмыс жасауға әкелген себептер мен мән-жайларды талдау



Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.Қылмысқа барған жасөспірімдердiң есейе келе, өздерiнiң жасаған қылмыстық әрекеттері үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерді көбінесе қалада жасауы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептермен түсіндіріледі. Жасөспірімнің өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезулер, қылмыстық әрекеттің алғы шарты бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақта істейтін қылмыстық әрекетқе жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе жасөспірімдер бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын жасөспірімдер айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы, үрейлетуінің итермелеуі арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып жатадыҚоғамдағы жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр.Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасаулары, көбінесе олардың ересектерге еліктеуiмен анықталады да, жалпы қылмыстың өсіп отырғанын осымен байланыстырамыз.Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады.Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау органдарының зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің мүліктік қылмысқа баруы 7,8 пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау 1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер етіп отыр [13, 21-23б.].Қылмысқа барған жасөспірімдерге топ құру, топ болып әрекет ету тән. Осындай жасөспірімдер ересек кiсiлермен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс жасауға өте сирек баратындығы практикалық тұрғыдан дәлелденген. Бұдан олардың өз-өзіне сенбеуі ғана емес, сонымен қатар олардың достық жөніндегі түсініктері теріс бағытқа ие болуына қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын да байқауға болады.Қазіргі кезде Республикада кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы 18,3 пайызды құрайды. 1991 -1995 жыл аралығындағы статистикалық талдау көрсеткіші бұзақылық, тонау, ұрлау сияқты қылмыс түрлерінің сәл бәсеңдегенін айтса. Ал 1996 жылмен салыстырсақ, екі есе өскендігі айтылады. Ал, қазіргі кезде бұл көрсеткіш жылдан-жылға көбейе түсуде. Осыған байланысты мемлекетіміздің басшысы Н. Ә.Назарбаев Республикамыздың Құқық қорғау органдарының басшылары мен аудандық әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесінде: «Біздің елімізді-әлеуметтік экономикалық қайта құру демократиялық мемлекет құруға қадам басқан шақта толқыған криминогендік процестерге соқтығысты. Бұл – шын мәнінде саяси реформа, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтың өміріне ерекше қауіп төндіреді деп көрсеткен болатын» [15,117-119б.].

Жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсуінің тағы бір себебі, олардың ішімдікке әуес болуы болып табылады. Жалпы ішімдікке әуестік жасөспірімді дұрыс жолдан тайдырып, қылмыстық әрекетке итермелейді. 13-14 жастағы жасөспірімдердің басым көпшілігінің талап — тілектері шектен шығып кеткендігі, олардың ішімдіке құмарлануынан көрінедіЖасөспірімдердің құқық бұзушылығы кәмелетке толмағаннан кейін қылмыстың жауапкершілікті баспалдағын аттауға мәжбүр ететіні қылмыстан белгілі. Ішкі қажеттілік бойынша психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдерді мынадай 4 топқа бөлуге болады:

1. тентек немесе ерке жасөспірімдер;

2. отбасы тарапынан шеттетіліп, көзтүрткі көрген жасөспірімдер;

3. қараусыз қалған жасөспірімдер;

4. жат әрекеттердің тұрақты ықпалындағы және ересектердің құқыққа қарсы талаптарының әсеріндегі жасөспірімдер.

Заманымыз өзгеріп, қоғамымызда күрделі мәселелер қордаланып, адамзаттың азғындауы асқына бастағанда әйел затының да әлсіз тұстары әлекке Әйелдер қылмысының интенсивті өсуі қоғамда белсенді әрекет ететін құбылыстар мен үрдістер қатарымен түсіндіріледі. Әйелдер қылмысының себептерінің негізінде, қоғам өмірінің нақты және белгілі бір шартарымен тығыз байланысты қылмыс себептерінің әлеуметтік сипаты жатыр. Әйелдердің кәсіби орнында бірқатар өзгешеліктер болды, олар не үздіксіз материалдық құндылықтарды өндірумен шұғылданады, немесе басшылық бөлімдерде жұмыс істейді. Мұнда әйелдер мен ер адамдардың еңбек саласындағы теңдігі айдан анық көрініп тұр. Тұрмыстағы әйелдердің жағдайы ауыр: балаларды тәрбиелеудегі қажеттілік, тамақ дайындау, мемлекеттік кәсіпорындар тұрмыстық қызметінің жоқтығы, шектеулі уақыт. Бұрын бұл адамның өз күнәсімен түсіндірілетін, егер, оның тұрмыста, отбасында мәселелері туындаса, «отбасы прогресі көп жағынан экономикадағы прогрестен қалып қоятын».

Әйелдердің антиқоғамдық мінез-құлықтарының тағы бір себебі отбасылық міндеттері. Әйелдер қылмысының себептері оның өсуне әкеліп соғуда. Антонян Ю.М. өзінің «Әйелдер арасындағы қылмыс» кітабында келесі құбылыстар мен процестерді бөліп көрсетеді.1) Әйелдердің қоғамдық өндіріске белсенді араласуы;

2) Әлеуметтік институттардың әлсіреуі, соның ішінде отбасының;

3) Қоғамдық шиеленістің өсуі, ондағы қатығыспен пен қастандықтың пайда болуы.

4) Антиқоғамдық құбылыстардың өсуі, есірткі, маскүнемдік, жезөкшелік, қаңғырушылық, қайыр сұраушылық.

Әйелдердің қылмысқа бару себептеріне байланысты, қылмыстық әрекеттердің түрлерге бөлінуі:

1 адам өлтіру және адам денесіне ауыр жарақат салу;

2 ұрлық жасау;

3 алаяқтық;

4 қорқытып алушылық;

Мұндай жағдайларда қылмысты шартты түрде екі жағдайға бөлуге блады:

1 адам өлтіру анық жағдайда жасалған;

2 адам өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.

Әйел адамдардың қылмыс жасау себебіне байланысты, адам өлтірудегі қолданатын әдіс –тәсілдері:

- өзінің ар –намысын сақтау үшін әр түрлі құралдарды, заттарды қолдану арқылы денеге жарақат салу;

- өзіне төнген қауіптен құтылу үшін адамды дәрменсіз күйде қалтыру;

- өмірлік жағдайға байланысты, өз баласынан бас тартып, баланы тұншықтырып немесе тастап кетуі;

- қандайда бір пайданы көздеуіне байланысты жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу.

Сонымен, әйелдер қылмыстылығының бүгінгі таңдағы негізгі себептері мынадай:

1 әйелдердің қоғамдағы рөлінің артуымен байланысты кейбір теріс пиғылды әйелдердің әрекеті;

2 әлеуметтік негізгі институттардың, әсіресе отбасының әлсіреуі;

3қоғамдағы тұрақсыздық, адамдар арасындағы жанжалдардың көбеюі, агрессияның, қастандық сияқты құбылыстардың белең алуы;

4 есірткіге құмарлық, алкоголизм, жезөкшелік, қаңғыбастық және т.б. қоғамға қайшы әрекеттердің етек жаюы.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1002 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...