Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орғаудың конституциялық принциптері



15) 1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызметтiң принциптерiне және құқық қорғау қызметiнiң арнаулы принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құқық қорғау қызметiнiң арнайы принциптерi мыналар болып табылады:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау мiндеттiлiгi;
2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық
3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметiн ұйымдастыруға көзқарастың бiртұтастығы;

16) 4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);
5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу

47)Қорғаушылық сөздегі балама және оған жол беру.

Жалпы ережелерді нақтылай отырып, адвокаттардың қорғау сөзінің мақсаты мен міндеттерін былайша сипаттауға болады:

Бірінші мақсаты – ол тыңдаушыларды нақты бір іс саласына жетелей отырып, оны осы процесстің негіздерімен, сипаты мен орындалу амал-тәсіліне, мақсаты мен ниетіне терең талдау жасау және болған жағдайды, оқиғаны толық қайта қалпына келтіру.

Екінші мақсаты – Қылмыстың жеке бөліктеріне тиісті баға беру және сотқа қатысушы тұлғаларға талқыланып отырған істің мазмұнын терең түсінуге және шығарылған үкімнің қаншалықты әділ шығуына көз жеткізулеріне мүмкіндік беру. Кәсіби шеберлігін шешендік өнер яғни сөйлеу өнерімен жалғастыра сабақтастыра отырып, адвокат-қорғаушы нақты бір жүйеге құрылған, мән-мазмұнға бай, сауатты сөйленген сөз ғана сот төрелігінің мейлінше әділ шығарылуына кепіл бола алатынын дәлелдейді.

Қорғау сөзі маңызды болуы үшін: адвокат-қорғаушыдан алдымен өз саласы бойынша терең білім мен өз қарауындағы істі еркін меңгеру, міндеттерді айқын сезіну, сол істің маңызы мен тарихын, қазіргі уақытқа сай анықталған нақты мән-жайларды заң тұрғысынан бағалау, істің зәру мәселелері мен болашағын білу талап етіледі.

Адвокат-қорғаушының жалпы мәдениеті, оның жан-жақты сауаттылығы, жалпы заң білімі, философия саласындағы салиқалы ой-өрісі, көзқарасы, қылмыстық жазаны қолдануға байланысты немесе одан адалау жөніндегі тұжырымы, сондай-ақ қорғау әдістері, сөйлеудің айқындылығы мен тазалығы,сөз байлығы мен өз тәжірибелерін меңгеруі аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Қорғау шеберлігін бірден меңгеру қиын. Оған тәжірибе мен дағды арқылы жетуге болады, қорғау сөзінің маңызы неде, соны терең ұғыну шарт, адвокат сол мәселеге басты назар аударып, материалды жеткізудің тиімді әдісін табуға тиіс.

Сот жарыссөзінде қорғау сөзін сөйлеу барысында алдымен сот ісіне қатысушы тұлғалардың тамырын баса білу нағыз шеберліктің айғағы.

Сондықтан да, адвокат сот залын өзіне қаратқаннан кейінгі бірінші мақсаты іске қатысушы тұлғалардың назарын талқыға салатын негізгі мәселелерге жұмылдыру болып табылады. Ол үшін олардың ынтасын осы сұрақтарға аударып, қызықтыра білу талап етіледі.

Қорғау сөзінің құндылығы адвокат-қорғаушының өз қорғауындағы айыпталушымен араласа жүріп, өзара тығыз қатынас орната білуінде. Егер түсініксіз болса, кез-келген уақытта адвокаттың көмегіне арқа сүйеуге болады деген ұғымның өзі үмітке жетелеп, қабылдау түйсігін арттырады.

Қорғау сөзі адвокатқа таным процесін шебер басқаруға мүмкіндік береді. Бұл мәселеде айыпталушының өз бетінше дербес шұғылдануы адвокаттың қорғауымен бәсекелесе алмайды.

Сонымен, қорғау сөзі–сот өндірісінде, оның ішінде сот жарыссөзінде жетекші роль атқарады, алайда олардың мән-маңызы жағдайға байланысты бірдей емес. Адвокат-қорғаушылардың міндеті: сотта сөйлеу шешендік өнер деңгейін үнемі жоғары ұстап, шеберлікті шыңдай түсуге тиіс.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 727 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...