Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сот төрелігі жүйесіндегі прокурордың орны



Азаматтық іс жүргізуде прокурордың іске қатысу негізі - сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуын, азаматтарың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын, мемлекеттік мүдделерді қорғау болып табылады.

Мемлекет атынан жоғары қадағалау жүргізу ісін ҚР-ң Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.(АІЖК 55 -бабының 1- тармағы.)

АІЖК-ң 44- бабына сәйкес прокурор іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді.

Азаматтық сот өндірісінде прокурордың іске қатысуының 2 нысаны заңмен қарастырылған.

1. Сотқа талап арыз немесе шағым беру арқылы істі бастау.

2. Басқа тұлғалардың бастамасымен басталған іске қорытынды жасау үшін қатысу.

Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін және қоғамдық мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Ал, әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.

АІЖК 309-бабының 1-тармағы бойынша азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс тек прокурордың арызы бойынша қозғалады.

Талап қоюшы прокурор басқа талапкерден мынандай белгілерімен ерекшеленеді.

- Прокурор баж салығын төлемейді және барлық сот шығындарынан босатылады.

- 154- бабтың 1- тармағының 3-4 бөлімдерінде көзделген талап арызды қайтаруға негіз болатын мән-жайлар талап қоюшы прокурорға қатысты болып табылмайды. (қол қоюға өкілеттілігі жоқ адам қол қойса, талапты әрекетке қабілетсіз адам берсе)

- Прокурор өз талап арызында қандай құқықтың бұзылғандығына және қай заңға немесе нормативтік актіге жүгінгендігіне сілтеме жасауы, сонымен қатар мүдделі тұлғаның өзі талап қоя алмау себебін және өз атынан талап қоюға келісімін білдіретін құжатты қоса тіркеуі қажет. 55-баптың 4- тармағы бойынша мүдделі тұлға прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса онда сот талап қоюды қараусыз қалдырады.

Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Бұл жағдайда талап қоюшы мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылмайды.

Прокурор өз бастамасы бойынша немесе соттың бастамасымен басталған істерге қорытынды беру үшін қатысады. Прокурордың бұндай қатысуының өзі 2-түрге бөлінеді.

а) Міндетті қатысу

б) Факультативті қатысу.

Міндетті қатысу заңмен көзделген жағдайда немесе прокурордың қатысуын сот міндетті деп тапқан жағдайда пайда болады.

Заңмен көзделген жағдайға АІЖК 284,299, Неке және отбасы заңының 68,71,96, баптары т.б кіреді.

Прокурордың қатысуын сот міндетті деп табады, егер іс күрделі немесе қоғам үшін маңызы жоғары болса. Іске прокурордың қатысуы жөнінде істі әзірлеу сатысында судья ұйғарым шығарады және оны прокурорға жібереді.Жоғарыда аталған жағдайлардан басқа уақытта прокурордың іске қатысауы міндетсіз болады.

Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы. Оның құқықтары мен міндеттері.

Прокурор бірінші инстанциядағы сотта 2 түрлі нысанда іске қатысу барысында іс-материалдармен танысуға қарсылық білдіруге, дәлелдеулер табыстауға т.б АІЖК-ң 47- баб көзделген құқықтар мен міндеттерге ие болады. бірақ прокурор бітімгершілік келісіміне келе алмайды және оған қарсы талап қойылмайды, себебі прокурор даулы материалдың құқыққатынасының субъектісі болып табылмайды.

Азаматтық іс прокурордың талабы бойынша басталса, сол іс бойынша прокурор қорытынды беруге құқысы жоқ.

Прокурордың апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттарға қатысуы.

Прокурор апеляциялық немесе қадағалау инстанциясында төменгі инстанцияларда қаралған іс бойынша шығарылатын сот актісіне наразылық келтіру арқылы істі қозғауға немесе шағымдану құқығына ие тараптардың бірінің шағымы бойынша басталған іске қорытынды

беру үшін қатысуға құқығы бар.

Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне ҚР Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстық прокурор мен оның орынбасары, аудан прокуроры мен оның орынбасары іске қатысу түрі мен нысанына қарамастан назарылық білдіре алады.

Заңды күшіне енген сот актілеріне ҚР Бас Прокуроры, оның орынбасары, Бас әскери Прокурор, облыс пркуроры және оған теңестірілген прокурорлар наразылық білдіруі құқықтығына ие.

Прокурорға қарсылық білдіру негіздері:

а) егер пркурор: осы істі мұның алдындағы қарау негізінде куә, сарапшы, маман, аудармасшы сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса.

б) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өнімдерінің біреуінің туысы боса.

в) істің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі немесе оның әділдігіне негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыста алмайды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1106 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...