Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айыптау сөзінің құрылымы



Заңда мемлекеттік айыптау сөзінің мазмұны, оған қойылатын талаптар көрсетілмеген. Мемлекеттік айыптаудың тәжірибесіне сәйкес, айыптау сөзінің бірегей құрылымы мына элементтерден

тұрады:18

8) қылмыстың қоғамдық-саяси бағасы;

9) дәлелдемелерді талдау және бағалау;

10) қылмысты ескерту туралы ұсыныстар;

11) қылмыстың заңды бағалануы;

12) сотталушының жеке тұлғасының мінездемесі (сипаттамасы);

13) жазалау шарасы туралы ұсыныс;

14) материалдық зиянды өтеу туралы ұсыныс.

Айыптау сөзінің мұндай құрылымы прокурордың соттағы роліне, соттың заңды және негізді үкім шығаруына көмектесу міндетіне толық жауап береді. Айыптау сөзінің бұл бөлімдерінің байланысы қылмыстық істің белгілі бір жағдайларына байланысты құрылымдағы орны және көлемі ауысуы мүмкін.

2. Қылмыстың қоғамдық-саяси бағасы. Әрбір қылмыс сипатына, түріне және пайда болған салдарының ауырлығына қарамастан мемлекетке белгілі бір қоғамдық қауіп тудырады. Өйткені кез-келген қылмыс жеке тұлғаның немесе тұлғалар тобының ғана мүддесін қозғамайды, сондай-ақ елдегі бекітілген құқықтық тәртіпті бұзады. Прокурор сот залында отырғандарға қылмыстың қоғамдық-саяси бағасын бере отырып, неге заң белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздікті жазалайтындығын, олар неге қоғамға қауіпті екендігін түсіндіреді. Бұл жерде қылмыстылықпен күресудің қағидалары мен міндеттерін анықтайтын заң актілеріне талдау жасау, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу қүқығының нормаларына сілтеме жасаған дұрыс болады. Мемлекеттік айьштаушы соттың ауыр және қоғамға қауіпті қылмыстар жасағаны үшін, түзелмеген тұлғаларды және қайталап қылмыс жасағандарды, аса қауіпті рецидивистерді неге қатаң жазалайтынын корсетуі тиіс.

2. Дәлелдемелерді талдау және бағалау. Мемлеттік айыптаушы сот процесінде дәлелдемелерді жиынтығында, жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген, ешбір орган немесе лауазымды тұлғадан тәуелсіз, заңға және өзінің ішкі сеніміне сүйене отырып талдайды. Соттың және прокурордың дәлелдемелерді бағалауының өзінің заңды салдары бойынша айырмашылықтары болады. Сот жүргізілген бағалаудың нәтижесі бойынша қылмыстық істі түпкілікті шешеді, ал, прокурор соттың үкім шығаруында өзінің позициясын ұсынады. Алайда, бүл прокурордың қылмыстық іс бойынша өзінің позициясы бойынша жауапкершілігін төмендетпейді. Дәлелдемелерді талдау және бағалау прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретіндегі қызметіндегі ең күрделі және жауапкершілікті тұсы. Сондықтан да, айыптау сөзінің негізгі бөлімі - дәлелдемелерді талдау және бағалау болып табылады.

3. Қылмысты ескерту туралы ұсыныстар. Айыптау сөзінде қылмыстың жағдайлары, сотталушының кінәлілігін көрсететін дәлелдемелер келтірілген соң, прокурор қылмысты жасауға әсер еткен жағдайларды талдауға көшеді. Қылмыстық іс бойынша сот отырысында прокурор қылмыстың түп-тамырын ашады, сотқа және процеске қатысып отырғандарға сотталушының қылмыс жасау себептері мен негіздерін көрсетеді. Істердің күрделілігіне және сипатына қарамастан, прокурор қажет болған жағдайда тиісті мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына және басқа тұлғаларға соттан жеке қаулы шығаруын сұрай алады. Егер, қылмыстық істен көрініп тұрғандай, тергеу органдарымен қылмыстың себептері мен негіздері анықталып және оларды жою мақсатында тиісті ұйғарым жіберілсе, прокурор сот тергеуі барысында да тиісті тұлғалардан бұл ұйғарым бойынша қандай шаралар қолданылғандығы туралы жауап алуға құқықты мен судьның "аса" қатыгездік белгілері туралы түсінігіне байланысты. Нақ осылай прокурор мен судья мемлекет мүдделерін "елеулі" түрде бұзуды (ҚР ҚК-нің 307, 308, 309-баптары), пара алушының "жауапкершілікті" жағдайын (ҚР ҚК-нің 311-бабы", бұзақылықтың "дөрекілігін" (ҚР ҚК-нің 257-бабы) бағалайды. Егер мемлекеттік айыптаушылардың қателігіне талдау жасасақ, олар көбі қылмысты саралауда, олардың құқықтық бағалануында жіберілетіндігі анықталады. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың нақ осы жағы прокурорларда қиындықтар туғызады. Мүның себептерінің бірі, кейбір айыптаушылар сотталушы әрекетінің саралануьша тиісті түрде мән бермейтіндігінде жатыр.

4. Қылмыстың заңды бағалануы. Айыптау үкімін шығаруда сот қылмыстың заңды (құқықтық) бағасын беруі маңызды болып табылады. Прокурор сотқа құқыққа қайшы сотталушы жасаған әрекетте белгілі бір қылмыс құрамының бар екенін дәлелдеуі тиіс. Қылмыстың бір белгісінің болмауының өзі қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді. Дұрыс заңды баға - заңға сәйкес сот төрелігін жүргізудің қажетті белгілерінің бірі. Қылмыстардың көп құрамының жеке белгілерін анықтау прокурор және судьяның бұл белгілер туралы субъективті түсінігіне байланысты. Адам өлтірудің өзі қатыгездікті білдіргенде, аса қатызездікпен адам өлтіру деген нені білдіреді? Сонымен қатар, қылмыстың заңды бағасы прокурор мен судьның "аса" қатыгездік белгілері туралы түсінігіне байланысты. Нақ осылай прокурор мен судья мемлекет мүдделерін "елеулі" түрде бұзуды (ҚР ҚК-нің 307, 308, 309-баптары), пара алушының "жауапкершілікті" жағдайын (ҚР ҚК-нің 311-бабы", бұзақылықтың "дөрекілігін" (ҚР ҚК-нің 257-бабы) бағалайды. Егер мемлекеттік айыптаушылардың қателігіне талдау жасасақ, олар көбі қылмысты саралауда, олардың құқықтық бағалануында жіберілетіндігі анықталады. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың нақ осы жағы прокурорларда қиындықтар туғызады. Мүның себептерінің бірі, кейбір айыптаушылар сотталушы әрекетінің саралануьша тиісті түрде мән бермейтіндігінде жатыр. Ал, бұл дәлелдемелерге талдау жасау және жазалау шарасы туралы ұсыныс сияқты маңызды болып табылады. Екінші себебі, кейбір прокурорлардың қылмыстық заң және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді толық білмеуі болып табылады.

5. Сотталушының жеке тұлғасының мінездемесі. Жаза тағайындауда сот тек жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ғана ескермейді, ол сонымен қатар сотталушының жеке тұлғасын да ескереді. Сондықтан да, мемлекеттік айыптаушының сөзінің міндетті элементінің бірі сотталушының мінездемесі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңы сотталушының тұлғасы туралы мәліметтерді қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың қатарына қосады (ҚР ҚІЖК-нің 117-бабы). Бұл мәліметтерсіз сот үкім шығара алмайды, ал, прокурор сотталушыға қатысты жазалау шарасы туралы негізді ұсынысын айта алмайды. Сотталушыны сипаттайтын жағдайлар, оның жүріс-тұрысы және бұрынғы қызметі әділ жаза тағайындау үшін өте маңызды болып табылады. Сотталушының тұлғасын бағалай отырып, прокурор іске тігілген сотталушының тұлғасын сипаттайтын мәліметтермен шектелмеуі тиіс. Прокурор сотталушының жауабын, онымен жұмыс істеген адамдардың түсініктерін ескеруі тиіс.

6. Жазалау шарасы туралы ұсыныс. Жаза тағайындау соттың айыптау үкімін шығарудағы ең жауапкершілікті жағдай болып табылады. Жазаны анықтауда соттың мақсаты жазалау ғана емес, сотталушыны түзеу және қайта тәрбиелеу, сондай-ақ, жаңа қылмыстар жасауды ескерту болып табылады. Осы белгінің қосындысы - жазалау және тәрбиелеу белгісі жазаның мәні туралы дұрыс түсінік береді. Жазаны кек алумен шатастыруға болмайды. "Преступник - это человек, который опасен в данное время, которого нужно или изолировать, или попытаться исправить, но которому ни в коем случае не надо мстить" - деп жазды Д.И.Курский.19 Қ ылмыстық заңның мақсаты ешқашанда кек алу мақсаты болған емес және болмайды да. ҚР ҚК-нің 38-бабына сәйкес, жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

7. Материалдық зиянды өтеу туралы ұсыныс. Қылмыспен келтірілген зиянның сипатын және көлемін бекіте отырып прокурор оны өтеу тәртібі туралы ұсыныстарын айтады. Қылмыскерлердің келтірген зиянын толық өтетуі, жаңа қылмыс жасауда ескертуші мәнге де ие. Мемлекеттік айыптаушының міндеті келтірілген зиянды толық өтеттіруде сотқа көмектесу болып табылады. Прокурор өзінің сөзінде келтірілген азаматтық талап туралы ойын білдіреді. Азаматтық талап дәлелденгенде, прокурор азаматтық талапты қолдайды. Азаматтық талапты қолдай отырып, прокурор оны қорғауы тиіс.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1578 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...