Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сөйлеу мәдениетінің негізгі белгілері: нормативтілігі, сөздік шеберлігі



Қарым-қатынас құралы ретінде тіл қоғамдық-саяси, ресми іскерлік, ғылыми және мәдени өмірдің барлық салаларына қызмет етеді. Қазіргі кездегі шешендік сөздерді зерттеуші ғалым Г.З.Апресиан оны мазмұнына қарай жіктейді. Солардың бірі – сотта айтылатын шешендік. Сотта қолданылатын шешендіктің иелері прокурорлар, адвокаттар, қоғамдық айыптаушылар мен қорғанушылар, айыпкерлер болады. Сотта қолданылатын шешендік сөздерді екіге бөліп қарастыру керек: феодалдық қоғам тұсындағы қазақтың әдет-ғұрып заңы бойынша жүргізілген дау-дамайларда орын алған шешендік сөздер және біздің дәуіріміздегі сот жұмысында айтылатын айыптаушылар мен қорғанішылардың сөздері.

Бұрыңғы билікте айыптаушының да, қарсыласушының да, кімет айтушының да сөздеріне дәстүрлі модельдер мақал-мәтелдер, салыстырулар т.б. басты рөл атқаратын болса, қазіргі сотта айтылмақ ойдың логикалығы, күштілігі, пікірдің айқындылығы басты орынға шығады.

Сотта қолданылатын шешендік сөздер монолог түрінде де, диалог түрінде де жүзеге асады. Сотта қаралған, қаралуға тиіс қылмысты істерді бәрі шешендіктің тақырыбы бола алады. Қазіргі кездегі жүргізілетін сот жұмысындағы прокурордың да, адвокаттың да сөздеріне баға беру сипаты болады. Сонымен қатар сот ісі адам тағдыры шешілетін жер болғандықтан сол адамның өзін, іс-әрекетін (бұрыңғы еңбегін, қазіргі қылмысын т.б.) сипаттау басым болады. Прокурор мен адвокат өзара бір-біріне қарама-қарсы тұрып сөз сайысына түспейді, екеуі де шындыққа жетуді, соттың әділ үкімі шығуын көздейді. Олар тек судьяларға тек арнап емес, жалпы көпшілікке де қарата, өзге де жұршылықтың сана-сезіміне әсер ететіндей етіп сөйлеуді ойластырады. Осы себептен де бұл сөздерде нақтылы айтылған пікірдің дәлелдемесі, қорытындысы болумен қатар тыңдаушыларға әсерлі болу мақсаты да қойыла. Осы тұрғыдан келгенде судья мен адвокаттың сөздері бір-бірінен сәл өзгешеленеді. Заңгердің тіл мәдениетіне мыналар енеді: 1) нормативтілік немесе дұрыстылық, яғни әдеби тіл нормасына сәйкес жаргон, диалект және ауызекі тілдегі сөздерді (жазбаша тілде орфографиялық және пунктуациялық қателерсіз) қолданбай ойды дәлме дәл бере білу; 2) сөйлеу шеберлігі, яғни сөздің ұтымдылығы, қисындылығы және ұтымдылығы, сөз байлығының болуы, мәнерлілік, сөз даралығы. Сот қайраткері сауатты, тапқыр, сенімді ретте сөйлей білуі тиіс. Егер заңгерлер іскер тілде ғана емес, сондай-ақ образды әрі экспрессивті тілде сөйлей білсе, біздің сотымыздың тәрбиелік маңызы ұлағая түседі.




Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1108 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...