Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Автоматты басқару жүйелерінің уақыттық және жиіліктік сипаттамаларының арасындағы байланыстар



Тұйықталған жүйенің беру функциясы H (s) және уақыттық сипаттамасы h (t) арасындағы байланыс келесі қатынас арқылы анықталады:

.

Ұйғара отырып, s = жүйенің жиіліктік сипаттамасын, оның уақыттық сипаттамасымен байланыстыратын келесі қатынасты аламыз:

. (6.1)

Бұл қатынас тек орнықты тұйықталған жүйе үшін ғана орындалады, керісінше болған жағдайда (6.1) өрнегінің оң жағында тұрған интеграл шарықтайды.

Автоматты жүйедегі үрдіс сапасын талдау кезінде жиілік сипаттамасы H () бойынша уақыттық сипаттама h (t) алуға байланысты кері есепті шешуге тура келеді.

Еске сала кетейік, уақыттық сипаттама h (t) жүйенің дельта-функция δ (t) кері реакциясын білдіреді.

Жүйенің уақыттық сипаттамасы h (t) мына өрнекпен беріледі:

. (6.2)

Өрнектер (6.1) және (6.2) тура және кері Фурье түрлендірулерін анықтайды. (6.2) өрнегін ыңғайлы түрге түрлендірейік. Көрсетеміз H () = u (ω) + jv (ω), мұндағы u (ω) және jv (ω) тұйықталған жүйенің нақтылы және жорамал жиілік сипаттамалары. Тағы да болатынын еске ала отырып, (6.2) өрнегіндегі h (t) мына түрде көрсетеміз

(6.3)

Екінші интегралдағы интеграл астындағы функция жиілік ω байланысты тақ функцияны береді, сондықтан оның интегралы нольге тең болады. Бірінші интергал астындағы функция жиіліктің жұп функциясы болады және бұл функцияның минус шексіздіктен (-∞) плюс шексіздікке (+∞) дейінгі аралықтағы интегралын, нольден (0) шексіздікке (∞) дейінгі интегралдың екі еселенген мәнімен алмастыруға болады. Сонымен, (6.3) өрнегінен аламыз

(6.4)

Физикалық іс жүзіне асыру шартын еске аламыз:

, егер t ≤ 0.

Ол дегеніміз, δ (t) өз әсерін бастағанша бұл әсерге реакция болуы мүмкін емес. Сондықтан,

немесе

. (6.5)

Өрнек (6.5) нақты және жорамал жиілік сипаттамаларының бір-бірімен байланысын анықтайды. (6.4) және (6.5) өрнектерін қосу және азайту арқылы аламыз:

. (6.6)

Бұл өрнектер жиілік сипаттамасының нақты немесе жорамал бөлігі бойынша уақыттық сипаттаманы анықтайды. Ерекше атап өту керек, h (t) анықтау үшін нақты немесе жорамал жиілік сипаттамасының біреуін білген жеткілікті.

Жүйенің өтпелі сипаттамасы

(6.7)

болады, яғни өтпелі сипаттама импульстік сипаттамадан алынған интегралға тең.

Өрнек (6.7) h (t) мәнін қою арқылы

аламыз және (6.6) өрнегіндегі интегралдау ретін ауыстыра отырып келесі өренекке келеміз:

немесе

. (6.8)

Бұл өрнек нақты жиілік сипаттамасы бойынша өтпелі сипаттаманы анықтайды.

Тікелей аналитикалық түрде h (t) импульстік және π (t) өтпелі сипаттамаларды (6.6) және (6.8) өрнектері бойынша анықтау жеткілікті түрде күрделі болады. Сондықтан оларды есептеуді жеңілдету үшін дайын информациялық технологиялар пайдаланылады. Сондай-ақ, оны есептеудің графоаналитикалық тәсілдері де бар.

Қорыта келе атап өтейік, басқару үрдісінің сапасын еркін үрдіс сипаттайды. Үрдіс сапасы жоғары болады, тұрақталған үрдіске өту неғұрлым тез және жадағай жүретін болса.





Дата публикования: 2015-01-23; Прочитано: 1426 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...