Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Й шаруашылығы - материалдық және адами ресурстарды өткере отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынaды



Үкiмет - басқа фирмалардан салық алып, жеке кәсiпорындарға дотация, субсидия бередi және кәсiпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады.

Фирма - өндiрiс ресурстарын бiрiктiредi және қозғалысқа келтiрiп, өнім шығарады, қызмет көрсетедi және осы тауарды қалыптастырады



74. Номиналды және шын еңбек ақысы. Еңбек ақысынң деңгейі мен динамикасы.

75. Қаржы мәні және оның құрылымы.

76. Ұсыныс заңы. Ұсынысты анықтайтын факторлар.

Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тікелей байланыс ұсыныс заңы д.а.

Ұсыныс қисығы - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетіг экономикалық иілік санын көрсететін қисық. Экономикалық теорияда тәуелсіз ауыспалыны (бағаны) тікелей, ал тәуелдіні (ұсынысты) – көлденең оське орнату қабылданған.

Ұсыныс қызметі – ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды.

77. Ұлттық экономика құрылымы. Қоғамдық өндірістің мазмұны мен түрлері.

Ұлттық экономиканың сыртқы және ішкі қарым қатынастары жалпы қозғалыс заңдарына бағынады. Ұлттық экономика қызметінің оптимальды режимін қолдау, іс- әрекеттерді белгілі- бір органдар арқылы реттейтін негізгі бағыттармен анықталады.

78. Маркетинг нарықтық қатынастарды қазіргі басқару жүйесі ретінде. Маркетинг қызметі.

79. Дәстүрлі және командалық, нарықтық аралас экономика. Ақпараттық экономика.

Дәстүрлі экономика- оңаша тайпаларда не топтарда және бүкіл елде кездеседі. (Өндірілетін өніммен көрсетілетін қызмет жүздеген жыл өзгермейді).

Орталықтандырылған әміршілдік экономика- бұл жүйеде инженерлерден, экономисттерден, компьютер мамандарынан, өнеркәсіп өкілдерінен тұратын жоғарғы деңгейде маманданған “жоспарлаушылар” деп аталатын топтар- кеңесі бойынша, экономика салалары үшін, жоспарлар құрылып, оларды іске асыратын саяси басшылар шешім қабылдайды.

Нарықтық экономика- сұраныс пен ұсыныстың және бағаның еркін қозғалысы.

80. Сұраныс пен ұсыныс өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс пен ұсыныс нарық экономикасының құралы ретінде.

Тепе – теңдік баға – бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Тепе тең бағаны құру – белгілі бір уақыт санын қажет ететін процесс. Жетілген бәсеке жағдайдында сұраныс бағасының ұсыныс бағасына, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тез өзара байімделуі жүреді. Тепе – теңдік орнау нәтижесінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады.

Нарықтық экономикада барлық өндірілген өнімдер (жиынтық өнімдер) тауар (жиынтық ұсыным) болуы керек, ал барлық табыстар (жиынтық табыс) жұмсалуы (жиынтық сұраныс) керек және де тауармен қамтамасыз етілуі керек (жиынтық тұтыну).

Тек осындай жағдайда төлем қабілеттігі бар сұраныс және тауарлық ұсыным көлемі сәикес болады.

Нарықтық экономиканың мұндай жағдайы экономикалық тепе- теңдік болып табылады.

Жиынтық сұраным - тауар мен қызмет көрсетудiң әртурлi көлемiн байқататын модель. Сондықтaн тұтынушы, кәсiпорын және Үкімет кез келген баға деңгейiнде сатып алуға дайын.

Жиынтық ұсыным - кез-келген баға деңгейiндегi нaқты өндiрiс.

Экономистер көптеген жылдар бойы және қазiргi кезде де тепе­ тендiк динамикасы үлгісін iздестipумен айналысқан және айналысуда. Себебi ол бiрiн-бiрi жоққа шығаратын eкi тенденцияны қосады: экономикалық тепе-теңдiк және экономикалық динамика.

Тепе-теңдік динамикасы моделi классикалық және кейнстiк болып бөлінедi.

* Классикалық моделдiң өкiлiне француз экономисi Жан Батист Сэйдi (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндiрушiлерден тұрады (олар сондай-ақ тұынушы болып та табылады). Сөйтiп өзi өндiрмеген басқа тауарларды сатып алу үшiн өзiнiң тауарын сатады. Демек, табыс шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшерi ылғи ұсынымға тeң.

Алайда тұтынушы саны ылғида өндiрушi санынан асып отырады және табыс толық жұмсалмайлы (бiр белiгi жинақтауға айналады, өндiрушi шығынның бiр бөлiгiн займ (несие) есебiнен жүзеге асырады).

Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды.

Демек жинақтау макроэкономикалық тепе – теңдікті бұзады.

Кейнстiк модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады:

«табыстар-сұраным», бiрақ «табыстар - жинатау» емес.

Дж. Кейнс мынаны көрсеттi: тепе-тендiк жағдайына жету инфляция, жумыссыздық пен жене өндiрiстiң төмендеуiмен сайма-сай келедi.

81. Ұлтаралық экономикалық қатынастар.

82. Қазақстан Республикасы жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында

83. Кәсіпкерліктің акционерлік формалары. Корпорациялар. Концерн. Консорциум.

84. Экономикалық цикл және оның фазалары.

Экономикалық цикл – бұл іскер белсенділіктің бір-бірінен кейін қайталанып отыратын уақтылы тербелістері, экономиканың екі бірдей жағдайларының арасындағы уақыт аралығы, іскер белсенділіктің өрлеулері мен құлдыраулары. Құлдырау -өндіріс көлемінің, ұлттық өнім мен табыс көлемінің, еңбек ақының, акция курсының, жұмысбастылықтың азаюы, дайын өнімнің өтпеген қорларының өсуі, бағалар төмендемейді. Бағалар тек ұзақ уақытты құлдырауда ғана төмендеуі мүмкін: депрессия өндірістің, жұмысбастылықтың құлдырауының ақырындауымен сипатталады

§ Экономикалық цикл- бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

§ Дағдарыс- құбылысының болуы сұраным төлем қаблеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі. Дағдарыс кезінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие-ақша байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғайды және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастайды.

§ Депрессия-depressio”- латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.

§ Тірілу- бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады.

§ Өрлеу- өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының нормасы төмендейді.

85. Нарық экономикасының үлгілері. Нарықтық қазақстандық үлгісі.

Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:

§ мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.

§ көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);

Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып,Жапония барлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:

§ әлеуметтік бағытталу,

§ мүліктік теңсіздіктің төмендегі,

§ жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.

Индустриалды-инновациялық да­му – Қазақстанды қазіргі дағ­да­рыс­тың дауы­лынан мейлінше аз шы­ғын­мен алып шы­ғатын жол. Біз жаңа тех­нологияларды игеріп, ин­но­вациялық өсу­ді қолдаған жағ­дайда ғана дағда­рыстың зардапта­рынан те­зірек құты­ламыз. Оған Елбасымен бір­ге өзіміз көрген финн елінің тәжірибесі дәлел бо­ла алады. Өткен ғасырдың 90-жыл­да­рында олардың басты эко­но­мика­лық әріптесі – Кеңестер Одағы тара­ғанда, Фин­ляндия экономикасы то­қы­рауға ұшырады. Сол кезде финн үкіметі экономиканы да­мытудың ин­дус­триалды-инновациялық тү­рін таң­­­­дады. Айналдырған он шақты жыл­дың ішінде Финляндия әлемде эко­­номикасы дамыған 10 елдің қа­та­рына қо­сылды. Халқының орташа та­бысы жағынан әлем бойынша ал­дыңғы орында, инно­вация мен жаңа технологияларды игеру мен қолдану жөнінен Еуропаның үздік мемлекеті боп тұр.

Қазақстанның индустриалды-ин­нова­ция­лық даму стратегиясы 2003 жы­лы қабыл­данды. Оның негізі болып инновациялық жүйе танылды. Бұл жүйе үш негізгі бөліктен тұрады. Бірін­шісі – жоғары оқу орындары, инно­ваторлар. Екіншісі – технопарктердің қызметін қадағалайтын инжиниринг жә­не технология трансферті орта­лы­ғы секілді инновациялық ин­фра­құ­ры­лым­­дар. Және үшінші құрам – жо­баларды қаржылан­дыратын ұлттық ин­новациялық қор, ғы­лым қоры секіл­ді ұйымдар.

Финн моделін таңдап алуы­мыз­дың себебі, бұл үлгі еліміздегі инн­о­вациялық мүмкіндіктерді мейлінше кеңінен пай­далануға сеп болады

86. Менеджмент және өндіріспен ұйымдарды басқару эффективтілігі

Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жеті үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.

Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысаен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.

Басқару объектісі – бұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі – бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты.

Менеджмент басқару үрдісінде адамдардың өзара қатынасын зерттейтін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларының мазмұны бірдей болады: басқарудың субъектісі мен объектісі, тура және кері байланыс, басқару жүйесі, қоршаған орта.

Басқарудың заңдылығы – бұл басқару үрдісінде дұрыс байқалатын, қайталанып отыратын және әртүрлі элементтермен және құбылыстардың арасындағы мәнді өзара байланыстар№

Басқарудың принциптері – бұл басқаруды ұйымдастыруға, оның құрылымына және жүйесіне қойылатсын негізгі талаптарды анықтайтын басшылықтың ережесі.

87. Экономикалық өсу типтері. Экономикалық өсу факторлары.

. Экономикалық өсім – экономикадағы нақты табыстың өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ҰТ) сонымен қатар белгілі бір уақытта жан басына санағандағы өндірілген өнім болып табылады. Өсу факторына:

· Табиғи шикізаттар;

· Еңбек ресурстары;

· Негізгі капитал көлемі;

· Жиынтық шығындар деңгейі;

· Технология;

· Шикізаттарды тиімді пайдалану жатады.

Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның артта қалуы ХХғ. 50-жылдарында басталған ғылыми – техникалық революция дамуының сәйкестігімен байланыстырады.

Экономикалық өсу сапасының жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒПР жағдайда өндірістің интенсификасының негізінде жүзеге асады.

Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік –экономикалық прогрессін көрсетеді. Ондай прогресстің жалпы критерийі күштерінің даму деңгейі болып табылады.

Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өңдірістің прпогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі.

Экономикалық өсудің қайнар көзі - экон-лық ресурстар экономиканың мүдделермен ынталандыру жатады. Экон-лық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі – экон-лық саясат.

Экон-лық дамудың негізгі қайнар көзі – инвестиция(күрделі қаржы)б/ды. Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді.

Энтнсивті өсім – қосымша ресурстарды тартуда өзінің еңбек өнімділігін өзгертпейді.

Интенсивті өсім - өндірістің жаңа технологиясын қолданғанда шығындар көлемін өсірмейді. Интенсивті өсім халқтың жағдайын жақсартуға негіз бола алады.

Қазақстан экономикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі экономикалық өсу болып табылады, ол тек қана Қазақстандықтардың жағдайын жақсартып қана қоймай сонымен қатар Қазақстанды әлемдік экономикаға тиімді енуге мүмкіншілік береді.

88. Нарықтық экономиканың мемлекеттік реттелуінің қажеттілігі мен мәні.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 574 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...