Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бұндай процесс аймақтарға деген бизнестiң, жұмысшы күшi мен жәрдем институттарының қызығушылығын apттыpaды



Жеке секторларды дамытудағы келеңсiздiктердi жойып әлеуметгiк –экономикалық дамуды белсендi түрде зерттей отырып, нығайту мақсатында стратегия бағдарламалар мен жобалар қабылданып отырылды. Осылайша, аймақтар өзiнiң экономикалық базасын ұлғайтып, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етiп отырды.

Азіргі танда қалалар мен аудандық жерлердiң алдындa зор мaқсaттap қойылып отыр, Ол дегенiмiз аймақтардың жергiлiктi экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлы түрде жургiзу қажеттiгiнiң зор маңызы бар eкенін көрсетедi.

13. Экономикалық теория қызметі.

Экономикалық теорияның міндеттеріне келесілер жатады:

Танымдылық – экономикалық заңдар біліміне сүйене отырып экономикалық құбылыстарды оқуға мүмкіндік береді;

Тәжірибелік – алған білімді шаруашылық тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді;

Сыншылдық – экономикалық қызметтерде болып жатқан құбылыстарға дұрыс баға беруге мүмкіндік береді;

Әдістемелік – экономикалық теория пайда алудың дайын ережелер жинағы емес, экономикалық процестерді оқу әдісі болып табылады.

Болжамдық -алған білім негізінде объектінің болашақ дамуын болжауға мүмкіндік береді.

Экономикалық теорияның басты назарында – қоғамның шаруашылық, өндірістік өмірі, игіліктерді жасау, тарату, айырбастау және тұтыну процестеріндегі адамдар арасындағы экономикалық байланыстар мен қатынастар. Нақтырақ айтсақ, бұл өндіріске қандай ресурстар керектігі, шаруашылық процестері қалай жүргізілетіндігі, экономикаға ақша не үшін керектігі, көптеген адамдардың экономикалық қызметтерін қалай келістіру керектігі, нарықтық механизм дегеніміз не және ол қалай жұмыс жасайтындығы, соңында неліктен дағдарыстар, жұмыссыздықтар, инфляция туындайтындығы жөніндегі сұрақтар

14. Шығын түрлері мен жіктелуі.

Шығындар бұл нарықта құндық нысанға ие ресурстардың шығындары, нәтижесінде өнім өндіру мен сату іске асатын өндірілген ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Экономикалық шығындар - бұл фирма істеуге міндетті төлемдер немесе бұл ресурстарды баламалы өндіріске пайдаланудан басқа жаққа аудару үшін, фирма ресурспен жабдықтаушыларды қамтамасыз етуге міндетті табыстар. Бұл төлемдер ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы (айқын) шығындар – бұл басқа жақтағы жабдықтаушылардың пайдасына кететін ақшалай шығындар.

Айқын шығындар -бұлпайдаланылған өндіріс факторларына төлеуге кететін барлық шығындар (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік мүмкіншілік). Бұны бухгалтерлік шығындар деп те атайды, яғни есептік кезеңде іс жүзінде орын алған фирманың шығындары.

Ішкі (айқын емес) шығындар – бұл баламалы шығындар, яғни өз ресурстарын өздері пайдаланудың барлық шығындары. Бұл осы ресурстарды пайдаланудан болуы мүмкін ақшалай төлемдеріне тең. Өндірістің айқын және баламалы шығындарын есептеу фирма пайдасын нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Таза экономкалық пайда – бұл кәсіпорынның сыртқы және ішкі шығындарды алып тастағандағы жалпы түсімі (қалыпты пайданы қоса). Тұрақты шығындар(fixed costs- FC) – бұл өндіріс көлемі мен сату көлемдерінің өзгерісінен тәуелсіз шығындар. Ауыспалы шығындар (variable costs - VC ) – бұл өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгерісінен тура тәуелді шығындар. Оған шикізат, жылу, жұмысшылардың еңбек ақысы, энергия, транспорт шы Жалпы шығындар (Total costs -TC) – бұләр өндіріс көлеміндегітұрақты шығындар мен ауыспалы шығындардың сомасы: TC = FC + VC

ғындары жатады.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 644 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...