Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық ғылым әдістемесі. Экономикалық үрдістерді тану әдістері. Экономикалық заңдар мен категориялар



Монополиялық бірлестіктер ХІХ-ХХ ғ.ғ. Шет елдерде нарықтың кең масштабты монополизациясы болды. Тәуелсіз бәсекелестік тек Англияда ХІХ ғ-да көрінді. Қазіргі күнде батыста бұны бағалы қағаздар нарығында немесе ауылшаруашылық өнімдердің нарығында байқауға болады.

9. ҚР-да халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саясаттың бес басты бағыттары:

n әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;

n басқарудың тиімділігін арттыру;

n өндіріс секторларына несие беру;

n экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;

n аймақтық диспропорцияларды жою.

1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік экономикалық дамудың қорытындысы шығарылды, тежеуші факторлар айқындалып, 2030 жылға ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет:

n 1998- 2000 жылдар

n 2001- 2010 жылдар

n 2011- 2030 жылдар

Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға – оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз.

Леуметтік саясат: халықтың қамсыздандырылмаған топтарын қорғау, жұмыссыздықты әлеуметтік қорғау, жұмысбастылық саясаты, қоршаған ортаны қорғау. (білім, медицина, мәдениет).

Нарықтық экономика жағдайында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бірден-бір механизмі ретінде индексация өркениетті әлемде кеңінен қолданылады. Ол тұрғындардың ақшалай табысы мен сатып алу қабілеттілігін сүйемелдеуге бағытталған. Индексациялауға тұрғындардың бюджеттен алатын ақшалай табысы да жатады (жәрдем ақы, зейнет ақы, стипендия, жалақы).

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементі ретінде олардың ақшалай табысын индексациялауды жатқызады. Оның мәнісі: инфляция келтірілген зиянның толтыруға қызмет етеді.

Экономикалық ғылым әдістемесі. Экономикалық үрдістерді тану әдістері. Экономикалық заңдар мен категориялар.

Әдіс дегеніміз көмегі арқылы экономикалық процестер мен құбылыстар оқытылатын тәсілдер, принциптер жиынтығы.

Экономикалық теорияның экономика сферасы үшін маңызды келесідей зерттеу әдістері бар (1.7. сызба):

Бақылау (экономикалық құбылыстарды, процестерді шынайы түрінде қабылдау) және іс жүзінде болып жатқан фактілерді жинау әдісі. Эксперимент әдісі – бұл зерттелетін объект арнайы жасалған және бақыланатын жағдайдаға қойылғанда,жасанды ғылыми тәжірибе өткізуді ұсынады. Үлгілеу әдісі -әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды олардың теориялық үлгілері бойынша зерттеуді қарастырады. Ғылыми абстракция әдісі – құбылыстарды кездейсоқтықтардан тазартып, заттың мәнін бөліп көрсету, яғни ерекше ойлану тәсілі. Талдау әдісі – бір құбылыстың бірнеше құбылыстарға бөлінуі және олардың әрқайсысының жеке қарастырылуы, яғни әлеуметті-экономикалық құбылыстарды бөліктері бойынша зерттеу.

Синтез әдісі - зерттеудің бірнеше шашыраңқы объектілерін біреуге топтастыру және оны біртұтас ретінде қарастыру.

Экономикалық заңдар экон – қ құбылыстар мен процестердің ішкі мәнін көрсететін тұрақты, көп рет қайталанатын себеп – салдарлық байланыстары.Түрлері: арнаулы, ерекше, жалпы.

Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғатзаңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді.

Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.

Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.

Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.

11. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі ретінде. Инвестиция құрылымы.

Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

Ұлттық инвестор дегеніміз - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:

12. ҚР аймақтың дамуының жағдайы мен болашағы.

Р бiр қала мен елдi мекен экономикалық дамуды жетiлдiруге қолайлы өзiндiк жергiлiктi жағдайларымен сипатталады. Аталмыш жергiлiктi жағдайлар экономикалық даму стратегиясын өндiру мен қалыптастыруға негiз бола алады. Тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, жергiлiктi күштi экономиканы қалыптастыру үшiн қауымдар жергiлiктi жердiң әлді, әлсiз жақтарын және мүмкiндiктерi мен қауiптерiн ескере отырып, бiрлескен стратегиялық тұрғыда жоспарланған ic әpeкeттep жүргiзуi тиiс.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 1981 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...