Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан халқына ел президентінің «Қазақстан 2030» жолдауындағы қазақстандық экономика дамуының басым бағыттары



1-кезең (1990-1992)

Екiншi кезең (1993 — 94)

Үшiншi кезеңде (1995 — 97)

Төртiншi кезеңде (1998 — 99) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратег. дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (қ. Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүз. қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратег. жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүз. қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экон. өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеум. саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ долл. 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көл. 5592,2 млн. АҚШ долл-на жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ долл-нан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долл-на (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көл. 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге).

Бесiншi кезеңде (2000 жылдан қазiрге дейiн)

«Қазақстан – 2030» және ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа Қазақстан – Жаңа Әлемде» жолдауындағы әдістер үлкен маңызға ие болады.

Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен дамуы стартегиясы. Осы бағдарлама қоғамның өмірін шешуші саласындағы стартегиясы 3 кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастырудан тұрады:

1 – кезең. 1993 – 95жж. Макроэкономикалық тұрақтандырудың 2 негізгі процесстерін қалыптастырады. Меншіктің едәуір бөлігін жетілдіруші және тұтылу нарығын тауарлармен толықтыру.

2 – кезең. 1995 – 2005жж. Экономиканың шикізат базасын өзгертіге қадам басу үшін телекоммуникация мен транспрот жүйелерін жеделдете дамыту. Сонымен бірге дамыған тауар жіне валюта нарықтары капитал, жұмыс күшін бағалау, қағаздер мен интеллектуалды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет.

3 – кезең. 2006 – 2012жж. Экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамыту. Осының негізінде өтпелі кезеңде стратегияның маңызды сатыларға жету және Қаз-н әлемдік, индустриалды елдер қатарына кіру мен сауда позициясын нығаюымен сипатталады.

57. Баға негіздері мен қызметі. Баға жүйесі.

58. Тауар. Тауар қасиеттері: құны, тұтынушы құны

Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі.

Тауарды өндіру алғашқы тайпалық құрылыс кезеңінен бастап бүгінге дейін әрекет етіп келеді. Тауар өндірісінің және капиталистік түрі болады. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен жасалады. Капиталистік өнімді өндіруші құрал – жабдығы жоқ жұмысшы жасайды.

Тауар – нарықты басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық. Тауарды тепе – тең өнімге айырбастау кезінде нарықта айырбас құнына ие болады.

Тауар айырбас құны – тауардың белгілі бір сондықтан пропорциясына басқа, пайдалы заттарға алу қабілеті. Айырбас пропорциясы тауарға енгізілген құн көлеміне байланысты болады. Тауардың құны – тауарға сіңген еңбек.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 975 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...