Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Коммуникация стратегияларын өңдеу үрдісі



Банктік бизнес-коммуникацияның даму ерекшелігін стратегиялық коммуникацияны жоспарлау мен болжау кезінде базалық рольге ие болатын «қызмет-марка-тұтынушылар-банк» үлгісінің шеңберінде қарастырайық.

Қаржылық банктік құрылым – тұтынушылар ретінде тұрғындар қатысатын тұтынушылық нарықта; тұтынушылары өндірістік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін корпорациялар мен банктер болып табылатын корпоративті нарықта; нарықтағы аралық сатушылар мен халықаралық нарықта қызмет ете алады.

Қаржылық банктік құрылымда қызмет ететін нарықты зерттей отырып, коммуникацияның негізгі нысандары коммуникациялық саясаттағы банк қызметін жылжытудың мамандануын анықтайтынын атап өткен жөн.

Тұтынушыларға арналған банктік қызметті жылжыту кезінде банктің қызметтерінің имиджін құруға бағытталған негізгі символикалық коммуникацияның ішіндегі заттық коммуникация қолданылады. Мақсатты сегменті тұрғындар болып табылатын банктің коммуникациялық саясаты – банк қызметінің нақты экономикалық көрсеткіштерінен бейхабар, көбінесе саналыдан (рационалдыдан) гөрі эмоционалды мотивтерді қолдан отырып, кең аудиторияның имиджін жасауға үнемі бағытталуы тиіс. Сондықтан, қаржылық-банктік құрылымның мақсатты сегменті ретіндегі тұрғындардың ерекшелігі коммуникациялық қызмет пен коммуникациялық имидждің параллельді дамуын талап етеді.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 499 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...