Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасының несиелік жүйесі



Тәжірибеде айналым және қалдық бойынша несиелеу айналым-сальдолық тәсілді құра отырып, қиылысады, бірінші кезеңдегі несие ондағы көрсетілген қажеттілікке байланысты берілсе, ал екінші кезеңде жіберілген ресурстардың көлемімен сәйкес келмейтін қатаң анықталған уақытта қайтарылуын талап етеді. Бірінші кезеңде несие алғашқы кезеңдегі тауарлы-материалдық пайдалылығы мен шығындары айналымының негізінде берілсе; екінші кезеңде клиенттің банк алдындағы жедел қажетті қалдықтарының базасында қайтарылады. Банк клиентке ашып беретін несиелік шоттан несиенің қозғалысы көрінеді. Несие шоты дегеніміз – клиенттің банктен алған несиелері бойынша қарызы бейнелетін шот, несие беру және оны өтеу. Кредиттің берілуі оның дебитімен өтеді, өтелуі – кредитпен.

2-кесте – Клиенттің банкке қарызы

Дебет Кредит
Кредит беруі Кредитті өтеуі
Несиелік шоттың сальдосы (кредит бойынша қарызы)  

Несие шоттардың арасында айырмашылық болуы мүмкін: 1) ашу мақсаты; 2) өзара байланыс айналымы.

Ашу мақсаты бойынша несиелік шоттар депозитті-несиелік бола алады. Депозитті-несиелік шот – клиент нақты мөлшерде несие алу үшін банктегі депозитке салынған жеке ақшаларын жоюға алатын өзінің құқығы. Кредиттік айналымдағы шоттар – несие валютасының жұмсалу мақсаты үшін төмендетілген дебеттік сальдо арқылы алынған несиенің әртүрлі тәртібінде күнделікті несие өтеуімен жүзеге асады.

Жинақтауыш-шығынды несиелік шот – кредит бойынша қаражаттардың қозғалысымен, шоттың дебетімен де үйлеседі. Мысалы, клиенттің депозиті жаңа жинақтар арқылы толықтырыла береді, бірақ шығын әрқашан түсімнен асады, өйткені шоттағы сальдо дебиттік болып қала береді.

Айналымның өзара байланысы бойынша несиелік шоттар үш түрлі болуы мүмкін: 1. айналым-төлемдік; 2. сальдо-өтемдік; 3. сальдо-айналымдық.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 380 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...