Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Қалыс қалатындарға әрі діндегі бұл жаңалықты (бидғатты) сөкпейтіндерге ықыласты кеңес



Сөгіске лайықты нәрсені сөгу және оған өз келіспеушілігіңді білдіру міндетті болып табылады.

Аллаһ былай деп айтты: «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар» (3:104).

Убада ибн Самит былай деп баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауыр күндерде де, жеңіл күндерде де тыңдайтынымызға және бағынатынымызға және билік иесінің билігіне таласпайтынымызға, сондай-ақ қайда болсақ та, ақиқатты айтатынымызға және сөгіс білдірушілердің сөгісінен қорықпайтынымызға ант бердік». Хадис сенімді (сахих); Бухари 7199; Муслим 1709.

Аллаһ Тағала діндегі жаңалықты (бидғатты) істеушіге де, ол туралы үнсіз қалып оны сөкпейтінге де өзінің жазасын жібереді.

Аллаһ былай деп айтты: «Сондай Исраил ұрпақтарынан қарсы болғандар Дәуіт және Мәрйям ұлы Ғисаның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман» (5:78-79).

Мухаммед) олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбіде (балық аулап) шектен шығатын еді. Өйткені сенбі күндерінде балықтар оларға қаптап келетін, ал сенбіден басқа күндерде келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық. Сол уақытта олардан бір тобы: «Аллаһ жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?» - деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа үзіріміз болсын, бәлкім олар сақтанар», - деді. Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарын құтқардық та, зұлымдық қылғандарын бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық. Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар!» - дедік» (7:163-166).

Абу Бакр әс-Сыддық былай деген: «Әрі біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер адамдар біреудің зұлымдық жасап жатқанын көріп, оны қолынан ұстап алмаса, олардың барлығына да Аллаһтың жазасы жақын», - дегенін естідік». Хадис сенімді (сахих); Тирмизи 2168; Ибн Мәжаһ 4005, Қз.: «әл-Мишкат» 5142.

Сөгіс айтылатын нәрсені кейінге қалдырмастан, ол адамдардың жүректерінде нығаймайынша және тамырын жайып үлгермейінше дәл сол кезде сөгу керек

Имам әл-Курафи былай деген: «Ғалымдар: «Сөгіс айтылуға тиістіні сөгу және жақсылыққа үндеу, мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша, кідірусіз орындалуға міндетті», - деп айтқан». «Әл-Фуруқ» 4/1400.

Себебі, дінге енгізілген жаңалық басында кішкентай әрі көзге түспейтіндей болады және егер ол туралы айтылмай, оның мәні адамдарға түсіндірілмесе, ол өте үлкенге айналады және тамыр жайып, нығая түседі. Осыдан соң оны жою іс жүзінде мүмкін болмай қалады.

Ибн Мас‟удтан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бір қауым келіп, бармақтың ұшындай мөлшерде Сүннетті қалдырады (тастайды). Егер сендер оларды осыларында сөгіс білдірусіз қалдырып қойсаңдар, олар ең соңында үлкен қиыншылықтармен келеді».

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Егер адамдар табанның өлшеміндей қателік жасаса, олардың ізінен келетіндердің замандарында ол шынтаққа айналады да, осылайша көбейе береді, көбейе береді. Ал бақытты адам – бұл Сүннетпен шектелетін адам». «Буғъят ул-муртад» 451-бет.

Башир әл-Ибраһими былай деп айтқан: «Ақиқатты білушінің міндеті – адасушылық күшейгенде адамдарды тура жолға талпындыру. Ол өтіріктің ақиқаттан үстемдік ала бастағанын көрген әрбір сәтте, ақиқатқа көмектесу үшін асығуы қажет. Ол бидғатпен, жауыздықпен және күнәмен олар таралып және күш алып үлгермейінше шайқасуға міндетті. Адамдар осы амалдарды әдет етіп алмайынша және олар жүректерде жұлып алу мүмкін болмайтындай етіп тамырлап кетпейінше. Оның міндеті ақиқат үшін күресушілердің қатарларына құйылу болып табылады, бірақ ешқандай бұғып отырушылармен бірге артта қалу емес». «Әл-Асар» 4/110-111.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 243 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...