Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім



Бұл туралы әл-Казыми «Таскин әл-Хәуатыр» (52-53-бет) деген кітапта мәлімдеген. Дәлел ретінде ол Аллаһ Тағаланың «Ол барлық нәрсе туралы» (2:29) деген сөздерін келтіреді де: "«Ол» дегенде Аллаһ емес, Пайғамбар аталып тұр", - деп айтады.

8. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылуына дейін-ақ Құранды жатқа білген, өйткені ол әл-Ләуһ әл-Мәхфузда жазылғанның барлығын біледі» деген сенім. Қз.: «Жә әл-Хаққ» 30-бет.

Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты осы сенімдер мен мақтаулар көптеген араб елдерінде, әсіресе Мысырда, Сирияда және Түркияда мәулітті атап өтуге байланысты өткізілетін жиындарда айтылады және баяндалады. Осының барлығы «Пайғамбардың өмірібаянымен және мінез-құлқымен таныстыру» деген айыпсыз ұранмен бүркеліп, оларға қатысатын адамдардың санасына құйылады.

Осы дінбұзар сенімдерді теріске шығару үшін, Аллаһтың кітабынан кейбір аяттарды келтіруге болады.

«(Мухаммед) "Көктер мен жердегі көместі (ғайыпты) Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндерін білмейді", - де» (27:65).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала Өз Елшісіне былай деп бұйырды:

«(Мухаммед): «Жанымда Аллаһтың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?» - де» (6:50).

«Қиямет күні Аллаһ пайғамбарларды жинап алып: «Сендерге қандай жауап берілді?» - дейді. Олар: «Біздің ешбір мәліметіміз жоқ. Күдіксіз, Сен ғана көместі (ғайыпты) толық Білушісің», - деп жауап береді» (5:109).

«(Мухаммед) міне бұл саған Біз уахи етіп отырған көмес (ғайып) хабарлардан. Олардың қайсысы Мәриямға қамқоршы болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің» (3:44).

«(Мухаммед) Біз Мұсаға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп тұрғандардан да емес едің» (28:44).

Сондай-ақ Аллаһтың Кітабы мұндай аяттарға толы. Пәк Аллаһ былай деді:

Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар айуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіздер»(7:179).

Сондықтан да Ибн Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бес нәрсе Аллаһтан өзге ешкім білмейтін көмес (ғайып) білім болып табылады. Аллаһтан басқа ешкім ертең не болатынын, сондай-ақ жүктілердің құрсағында кім бар екенін және қашан жаңбыр жауатынын білмейді. Бірде-бір жан қай жерде өлетінін және Қиямет Күні қашан келетінін білмейді», - деп айтқанын жеткізген. Хадис сенімді (сахих); Бухари 4/1733.

Араб елдерінде және бұрынғы кеңестік республикалардың аумағында мәуліт ұйымдастырып жүргендердің көбі өздерін жатқызатын ханафи мазһабының ғалымдарына келер болсақ, олар осындай бұзық сенімдерді алып жүретіндерге қатысты өте қатаң сөздер айтқан. Маулітті өткізушілердің іс-әрекеттерін тек уаххабилер мен экстремисттер ғана айыптайды деп айтуға олардың батылдары бармаулары үшін, сол имамдардың сөздерін келтіріп кеткеніміздің еш оқасы жоқ деп ойлаймыз.

1. Ханафи мазһабының көптеген кітаптарында Аббасилердің екінші халифасы Мәнсурмен орын алған оқиға келтіріледі. Ол түсінде өлім періштесінің бейнесін көреді де, одан өзінің қанша жыл өмір сүретінін сұрайды. Оған жауап ретінде періште оған бес саусағын көрсетеді. Түс жорушылар мұны бес жыл, бес ай және бес күн деп түсіндіреді. Іс имам Абу Ханифаға дейін жеткенде, ол: «(Періште) бұл бес саусағын осымен Аллаһ Тағаланың «Әрине, Қиямет мерзімінің мәліметі тек Аллаһтың қасында. Жаңбырды (тек) Ол жаудырады, Ол (ғана) жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді, әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Аллаһ толық Білуші, Хабардар!» (31:34) деген сөздеріне нұсқау үшін көрсетті. Өйткені бұл бес нәрсені Аллаһтан басқа ешкім білмейді», - деді. Қз.: «әл-Мәдарик» 3/37; әл-Кашшаф 3/239 т.б.

2. Ханафи мазһабының тұтас топ ғалымдары былай деген: «Адам куәларсыз үйленді де: «Мен өзіме куә етіп Аллаһты, Оның Елшісін және періштелерді алдым», - деді. Бұл адам кәпір болды, өйткені өзіне «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және періште бұл дүниеде не болып жатқанын біледі» деген сенімді алды. Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келсек, ол тіпті тірі жүрген кезінің өзінде көместі (ғайыпты) білмейтін, ал ол қайтыс болғаннан кейінгі жайттар туралы не айтуға болады?!» Қз.: «әл-Фәтауа әл-Хәния» 283-бет; «Фәтауа Хиндия» 2/226; «әл-Бәхр әр-Раиқ» 3/88.

3. Сондай-ақ ханафи мазһабының біртұтас топ ғалымдары: «Кім: «Ізгілердің (әулиелердің) аруақтары осында және не болып жатқанды біледі», - десе, кәпірге айналады», - деп айтқан. «Әл-Бахр әр-Раик» 5/124; «әл-Фәтауа әр-Рушайдия» 51, 202-беттер.

4. Имам әл-Хужанди былай деген: «Өлгендер және (бұл дүниеде) жоқтар көместі (ғайыпты) біледі» деген сенім, сондай-ақ «Аллаһтан басқа жалпы кім болсын көместі біледі» деген сенім күпірлік пен көпқұдайшылық болып табылатынын біл... Барлық ғалымдар бұл күпірлік екеніне бірауызды келіскен, әрі мен осымен келіспейтін бірде-бір әһлю-сунна уал жәма’а ғалымын білмеймін».

5. Ән-Нәбханидің «Пайғамбар осында және барлық жерде жүр және әр уақытта көреді» деген сенімін теріске шығара отырып, Имам Шукри әл-Алюси былай деді: «Кім назар бұрса, бұл адамның Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенбейтінін және оны мойындамайтынын түсінеді. Өйткені ол барлық жерде және барлық уақытта жүретін әлдебір тұлғаға сенеді. Бұған оның өлеңі нұсқайтындай. Ал Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол Меккеде туылды және Мәдинада қайтыс болды... ал барлық жерде және барлық уақытта жүретін тұлға жоқ және болмайды да». «Әл-Аят әл-Кубра» 28-бет.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 432 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...