Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес-насихат



Аллаһ Тағала мұндай іс-шараларды өткізуге ғана емес, сондай-ақ оларға қатысуға да тыйым салады. Өйткені бұл адасушылық жолына қатысу және осы адасушыққа шақырушылардың шақыруына жауап беру болып табылады.

Хузайфа ибн әл-Яман Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілінгі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Және менің үмметімде Тозақтың қақпаларына шақыратындар болады. Оларға жауап бергендерді олар Отқа кіргізеді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 7084; Муслим 4761.

Дінге енгізілген бұл жаңалықты ұйымдастырушылар оларды ешбір нәрседе Аллаһтың жазасынан құтқара алмайды.

Аллаһ былай деді: «Сол уақытта олар Тозақта өзара керіседі. Нашарлары паңсығандарына: "Расында, біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер бізден оттың бір бөлімін кетіре аласыңдар ма?", - дейді. Паңсығандары: "Расында, бәріміз Тозақтамыз. Күдіксіз, Аллаһ құлдарының арасына үкім беріп қойған", - дейді» (40:47-48).

«Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: "Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді", - дейді. "Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та, бізді солар адастырды. Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл", - дейді» (33:66-68).

Ол күні әр залым өз қолын шайнап: "Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді", - дейді. "Нендей өкініш маған. Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім... Шынында ол Құран келгеннен кейін мені одан адастырды» - дейді. Негізінде шайтан адам баласын қолдаусыз қалдырады»(25:27-29).

Мәулітке қатысу күнә мен дұшпандыққа көмектесу болып табылады.

Аллаһ былай деп айтты: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Аллаһтан қорқыңдар! Күдіксіз, Аллаһтың азабы қатты» (5:2).

Мәулітке қатысу сондай-ақ айналадағы адамдардың оған қатысушылардың санының көптігімен алдануына әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде көптеген адамдардың осы іс-шараны дұрыс және жақсы нәрсе деп қабылдай бастауына себеп болады.

Кез келген әділ оқырман жоғарыдағы тарауларды оқып болған соң, мәуліттің шариғатта заңдастырылмағаны туралы және оның қауіптілігі туралы өзі үшін қорытынды шығарар.

Ал мәуліттің шариғатта заңдастырылғанын айтып, оған қатысатындарға тек Аллаһтың мына сөздерін келтіру ғана қалады:

Здеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар»(3:105).





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 275 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...