Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім



Мәулітке байланысты өткізілетін жиындарда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» дегенді естуге де болады.

Бұл туралы сопылар не деп айтатындарына қараңыздар:

1. «Бриләуия» тариқатының имамы Ахмад Рида Хан әл-Әуғани былай деген: «Уа, Аллаһ! Сен оны Өзіңнің нұрыңнан жаратқан, ал содан соң оның нұрынан барлық жаратылыстарды жаратқан Өзіңнің айқын нұрыңды (яғни Пайғамбарды) игілікке, сәлеміңе және берекеңе бөле». «Саләт ус-Сафа» 3-бет.

«Пайғамбар Аллаһ Тағаланың нұрынан жаратылған нұр» деген сенім «Пайғамбар – бұл Аллаһтың құдайлық болмысының бір бөлігі» деген сенімнен өзге ешнәрсе емес екендігін түсіну қиын емес. Бұл сенім христиандарды «Иса – Құдайдың ұлы!» деп жариялауға әкеп соқтырған сол христиандардың «Иса – Құдайдың Рухының бір бөлігі» деген сенімдеріне өте қатты ұқсас.

2. Ол сондай-ақ былай деген: «Ақиқатында, Пайғамбар нұр болып табылады, оның барлық денесі нұр және оның денесінің барлық мүшелері де нұр, әрі оның денесінен көлеңке түспейді, өйткені нұрда көлеңке болмайды». « Хәдаик Бахшаш» 2/2.

3. Сондай-ақ кейбір сопы тариқаттарының сенімдерінен «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай күннің жарығында көрінсе, қараңғыда да солай көрінетін еді» деген сенім де бар. «Әл-Камар әт-Тәмам» 14-бет.

4. Осы сенімдерге сүйеніп, олар мынаны мәлімдеді:

«Ақиқатында, Пайғамбар және өзге елшілер адамдар болмады, ал «олар адамдар еді» деген сенімдер – кәпірлердің бір сипаты». «Әл-Мәуа из ән-Ну‟мания» 115-бет.

Осы жерде істің керісінше екенін айтып кету қажет. Аллаһ Тағала пайғамбарлар мен елшілер жіберген халықтардың көбі «Аллаһтың елшісі адам болмауы қажет» деген сенімдерге ие болғандықтан, оларға иман келтірмеген еді.

Аллаһ былай деп айтты: «Адам баласына Пайғамбар тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың “Аллаһ адамды пайғамбар етіп жіберді ме?” деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгет болды» (17:94).

Елінің қарсы болған, Ақыретті жасынға шығарған, сондай-ақ Біз өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: "Бұл - өздерің сияқты бір адам ғана. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді. Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас, сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар» - деді»(23: 33-34).

Бұл - өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: "Бізді тура жолға адам сала ма?", - деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Аллаһ оларға мұқтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Аллаһ Мұңсыз, Мақтауға Лайық»(64:6).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала «Аллаһқа жай адамды өздеріне жіберу жараспайды» дегендердің сөздерін жоққа шығарып, былай деді: «Олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?», - деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып, оларға сонан кейін мұрса берілмес еді. Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ едік, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шәк салған болар едік» (6:8-9).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала «Пайғамбар адам болмады, ол періште немесе нұр немесе сол сияқты болды» деген сенімдерді жоққа шығарып, былай деді:

"«Ақиқатында, мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін», - де" (18:110).

Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар. Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес» (21:7-8).

Мухаммед) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені Көруші»(25:20).





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 335 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...