Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мал-мүлікті және тамақты ысырап ету, сондай-ақ біздің өміріміз содан тұратын уақытты босқа сарп ету



Аллаһ былай деп айтты: «Туыс-жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында, ысырапшылар шайтанның туысы. Ал шайтан Раббыңа өте қарсы» (17:26-27).

4. Бейнелер мен сүреттерді мешіттерге кіргізу, олармұныбасқа араб елдерінде мәуліт өткізіп жатқан өздері сияқты бидғатшылармен тікелей эфир өткізетіндігімен дәйектейді.

Мәулітті өткізу Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеуге және ұлықтауға әкеледі.

Ибн Аббас[15] Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Дінде артық кетпеңдер, ақиқатында сендерден бұрынғыларды дінде артық кетулері опат етті». Хадис жақсы (хасан); Ахмад 1851; Ибн Мәжаһ 3029; Нәсаи 5/268 т.б.

Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Христиандар Мариям ұлы Исаны ұлықтаған сияқты мені ұлықтамаңдар. Мен бар болғаны құлмын, сондықтан да: «Аллаһтың құлы әрі елшісі», - деп айтыңдар». Хадис сенімді (сахих); Бухари 3445.

Ал егер олар: «Біз Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) христиандар Исаны ұлықтағандай ұлықтамаймыз, мысалы, олар оны Құдайдың баласы деп айтады, ал біз мұндайды айтпаймыз», - десе, біз оларға былай деп жауап береміз: бұл хадисте Пайғамбарды қандай дәрежеге дейін ұлықтауға тыйым салынатындығы туралы емес, Пайғамбарды христиандар жасайтын әдіс-тәсілдермен ұлықтауға деген тыйым туралы айтылуда.

Бұған дәлел келесі хадис:

Әнас бірде Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адамдар келіп: «Сен біздің арамыздағы ең абзалымызсың және біздің арамыздағы ең абзалымыздың ұлысың», - деп айтқанын баяндаған. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Уа, адамдар! Сөздеріңді немесе сөздеріңнің бір бөліктерін айтыңдар, бірақ сендерді шайтан босаңсытпасын! Мен Мухаммадпын, Аллаһтың құлы әрі елшісімін және мен өзімді Аллаһ қойған орнымнан жоғары көтеруін қаламаймын». Хадис сенімді (сахих); Насаи «Амәл әл-йаум уәл-лләйла» 248; Ахмад 3/153, 241, 249 т.б.; Шейх Муқбил «Сахих әл-Муснадта» (121) хадисті сахих деген.

Бұл хадистен көрініп тұрғанындай, адамдар Аллаһ Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құдайдың баласы деп атамаса да, әрі тіпті бұған жақын нәрсе айтпаса да, ол оларды мұндай сөздерден тыйды және мұны ақыр-аяғында барынша ұлғая беретін ұлықтауға алып баратын шайтаннан келген босаңсу деп атады.

Сондай-ақ біз: «Тіпті егер сендер бүгінгі күні: «Мухаммад – Аллаһтың ұлы», - деп айтпасаңдар да, мұны ертең айтасыңдар немесе мұны сендердің немерелерің айтады (әрине бұдан бізді Аллаһ сақтасын), өйткені христиандар да Исаны бір мезетте «Құдайдың ұлы» деп атап кетпеді ғой. Бұған дәлел – сендердің шектен тыс (артық) ұлықтау жолына түскендерің және ерте ме, кеш пе христиандар жеткен шекке сендер де жететіндерің, өйткені бұның бәрі – бір жол», - дейміз.

Абу Са‟ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдет-ғұрыптарына ілесесіңдер, ізбе-із, қолма-қол. Тіпті егер олар кесірткенің ініне кірсе, сендер де міндетті түрде олардың ізінен ересіңдер». Кейін Абу Са‟ид: «Біз одан: «Уа, Аллаһтың елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?» - деп сұрадық. Ал ол: «Басқа кімді», - деді, - деп айтқан. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.

Бұған тағы да дәлел - мәуліт сендерден бұрын тойлана бастаған араб елдеріндегі жағдай осыған дейін жетті және олар Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құдайлық сипаттарды тели бастады. Мысалы, олардың «Пайғамбар ғайып туралы білімге ие, күнәларды кешіруге қабілетті, жер мен көктерді басқарады, олардың мәулітке байланысты жиындарына келіп қатысады» деген т.с.с. сөздер айтуы. Бірақ сіздер мәулітті жақында ғана тойлай бастадыңыздар, сондықтан да жақын арада сіздерден де осындай сөздерді есту ғажап емес.

Айтпақшы, осы күннің өзінде-ақ Булгардағы[16] қабірлерді зиярат етуді ұйымдастырушылар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың жиындарына қатысатындығы және осыған қуанышты екендігі туралы айтуда.

Тарау. Мәулітті жыл сайын өткізу әкеп соқтыратын Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеудің және ұлықтаудың мысалдары





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 321 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...