Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқарады» деген сенім



Мәулітке байланысты өткізілетін көптеген жиындарда мынандай нәрселер айтылады:

1. «Пайғамбар адамның кез келген мәселелерін шеше алады, өйткені осы дүниенің және келесі дүниенің барлық құбылыстары оның қолында». «Баракат ул-Имдад» 8-бет.

2. «Бұл болмыста не орын алса да, Аллаһ Тағала оны Пайғамбардың қолымен жасайды. Сондықтан да, егер Пайғамбар бір нәрсені қаласа, ол міндетті түрде болады және оны ешнәрсе тойтара алмайды». «әл-Истимдад алә ажьял әл-Иртидад» 32-33-бет.

3. Ән-Нәбхани (1350 х/ж) былай деген: «Ақиқатында, әһлю-Сунна уал жәма’адан болған мұсылмандар, ал олар мұсылмандардың басым бөлігі, Пайғамбардың көместі (ғайыпты) білетініне, беруші және ұстап қалушы екеніне, одан көмек сұрағандарға көмектесетініне, қайғы мен қасіреттерді қайтаратынына, қалағанына шапағат ететініне, қалағанын Жәннатқа кіргізетініне кәміл сенеді. Бұл сенімдер ең игі сенімдер болып табылады, ал оларды теріске шығару – айыпталатын ең жаман құбылыстардың бірі». Шәуахид ул-Хаққ» 279-бет.

4. Ахмад Рида Хан әл-Әуғани (1340 х/ж) былай деген: «Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі ауруларға шипа береді, өз үмметін әртүрлі кесапаттардан қорғайды, ол тірілтеді, күш-қуат береді, дәрежені көтереді. Ол қорғайды және көмек береді, бақытсыздықтарды тойтарады және оның бұйрығы екі дүниеде де орындалады». «Әл-Истимдад алә ажьял әл-Иртидад» 29-30-беттер.

5. Ол сондай-ақ былай деген: «Аллаһтың Елшісі – Аллаһтың ең ұлы халифасы, ол көктер мен жерді басқарады». «Әл-Фәтауа ар-Радауия» 6/155.

6. Ал «әл-Әмн уал-Улә» кітабында былай деп айтылған: "Аллаһ былай деп айтты: «Уа, Мухаммад! Барлық жаратылыстар Менің разылығымды алуға тырысады, ал Мен сенің разылығыңды алуға тырысамын»". 108-бет.

Егер біреулер сопы тариқаттары мен секталарының өкілдерінің осындай бұзық сенімдерге дейін жеткендеріне таң қалса, онда мұндай нәрселер кавказ республикаларында баяғыдан бері жасалып келе жатыр, ал бізге қатысты айтар болсақ, біз үшін де бұл алыс емес. Өйткені, бұл бағыттағы алғашқы үлкен қадамдар жасалып та қойылды. Бұл жиіркенішті сенімдерді теріске шығару үшін Аллаһтың Кітабынан бірнеше аяттарды келтірудің өзі жеткілікті.

Аллаһ былай деп айтты:

Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Аллаһ олардың қосқан серіктерінен Пәк және өте Жоғары»(28:68).

Сендер Аллаһқа құлшылық етудің орнына пұттарға құлшылшылық жасайсыңдар және өтірік айтасыңдар. Аллаһтан өзге табынғандарың сендерге ризық бере алмайды. Ендеше ризықты Аллаһтың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да, Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар»(29:17).

Сонда да) олар Аллаһтан өзге басқа еш нәрсені жарата алмайтын, бірақ өздері жаратылған тәңірлерге құлшылық етті. Олар тіпті өздеріне де пайда, не зиян келтіру күшіне ие емес және өлімді де, өмірді де, қайта тірілтуді де басқармайды»(25:3).

Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ былай деп айтты:

«(Мухаммед) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жол табатындарды жақсы біледі» (28:56).

«(Мухаммед) ешбір іс сенің еркіңде емес. Аллаһ немесе олардың тәубесін қабыл етеді, не болмаса оларды қинайды. Өйткені, олар залымдар» (3:128).

«(Мухаммед) өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба?» (39:19).

Сондықтан да Абу Хурайра Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Өз жақын туысқандарыңды насихатта!» (26:214) деген аяттар түскен кезде, ол адамдардың арасына тұрып: «Уа, құрайштықтар! (немесе осы сияқты бір сөз) – өздеріңнің жандарыңды сатып алыңдар, ақиқатында, мен сендерге Аллаһтың алдында еш нәрсемен көмектесе алмаймын!», - деп айтқанын баяндаған. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3/1012; Муслим 1/192.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 411 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...