Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде күнделікті материалдық өмір сүруде» деген сенім



Уа, бауырым, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесі қабірде, ал оның жаны (рухы) Аллаһ Тағаланың құзырындағы ең жоғарғы және құрметті орында екенін біл. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа дүниелік өмірмен өмір сүріп жатыр, және оның мәні бізге белгісіз, біз оның мәні туралы қасиетті мәтіндерге сүйенген түрде ғана бір нәрсе айта аламыз. Оның сүріп жатқан өмірі бұл дүниеде сүрген өмірінен ерекшеленеді. Ал көптеген сопы тариқаттарының өкілдеріне келер болсақ, олар «Пайғамбар қабірінде осы дүниеде күнделікті өмір сүргеніндей өмір сүріп жатыр» деген сенімде.

Мынау «дьюбандия» деп аталатын сопылық тариқаттың имамы ән-Нәнутуидің (1297 х/ж) айтқан сөздері:

«Ақиқатында, Пайғамбар қазір өз қабірінде тірі. Ол сол жерде күнделікті, тұрақты, өзінің денесімен өмір сүруде. Оның өмірі жай рухани ғана емес, материалдық, денелік те. Сондықтан да сахабалар одан соң оның мұрасын бөлмеген және оның өзінен кейін қалдырған әйелдеріне үйленбеген. Ол өзінің қабірінде намаз оқиды, азан және иқама айтады. Сондай-ақ ол өзіне сәлем беретіндердің сәлемдерін естиді. Бұл – мұсылмандардың басым бөлігінің және әһлю-Суннаның бірауызды сенімі. Сондай-ақ бұл – Пайғамбардың мен сипаттағанымдай етіп өмір сүретінін теріске шығаратын уаххабилерден айырықша, біздің барлық имамдарымыздың және жетекшілеріміздің де сенімі». «Әл-Кәукиб әд-Дуррий» 1/423.

2. Сондай-ақ сопылардың имамы әз-Зуркани (1122 х/ж) былай деген:

«Пайғамбарлар өздерінің қабірлерінде тірі. Олар ішіп жейді, намаз оқиды, қажылық жасайды, одан қалса хабарларда жеткізілетініндей үйленеді де». «Мисбах әл-Анам» 26-бет.

Тек қызығы, бұл адам қандай деректер туралы айтып тұр?!

Ал ханафи мазһабының, сондай-ақ басқа мазһабтардың ғалымдары туралы айтар болсақ, олар төмендегілерді растайды:

Ханафи мазһабының имамдарының бірі имам әл-Имади (982 х/ж) былай деген: «Біз о дүниедегі өмірдің мәні туралы біле алмаймыз. Ол өмір біздің сезім мүшелеріміздің икеміне келмейді, әрі ол денелік, материалдық өмір болып табылмайды, бірақ бұл - ақылмен емес, тек қасиетті мәтіндермен ғана танылатын рухани өмір». «Иршад ул-ақл әс-салим» 1/179.

Ал әлгі ән-Нәнутуидің «Оның өмірі жай рухани ғана емес, материалдық, денелік те. Сондықтан да сахабалар одан соң оның мұрасын бөлмеген және оның өзінен кейін қалдырған әйелдеріне үйленбеген» деген сөздеріне келер болсақ, иә, сахабалардың ешқайсысы Пайғамбардан қалған оның әйелдеріне үйленбеді. Бірақ бұл олар: «Пайғамбар қабірінде денелік өмір сүруде», - деп есептегендіктерінен емес, мына төменде келтірілген себептерден:

1. Аллаһ Тағала бізге Өзінің Кітабында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері мүміндердің аналары болып табылатынын түсіндірді. Ал аналарға үйленуге болмайтыны белгілі.

Аллаһ былай деп айтты: «Пайғамбар мүміндерге өздерінен артық. Оның жүбайлары - олардың аналары» (33:6).

2. Сондай-ақ пайғамбардың әйелдеріне үйлену пайғамбарға деген құрметсіздік танытудың және оны қорлаудың белгісі болып табылғандықтан.

Сондықтан да Аллаһ Тағала былай деді: «Сондай-ақ сендердің Аллаһтың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жүбайларымен әсте некелесулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Аллаһтың қасында зор күнә болып табылады» (33: 53).

Осы екі себепті де, әлгі ән-Нәнутуи айтпақшы, уаххабилер емес, ханафи мазһабының имамдары келтірді. (Қз.: «Рух ул-Мә‟ани» 22/72-73; «Иршад ул-ақл әс-салим» 7/113.)

Ал сахабалардың Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұрасын неліктен бөлмегендіктеріне келер болсақ, ханафи ғалымдары мұның үш себебін айырып көрсеткен. (Қз.: «Рух ул-Мә‟ани» 22/72-73; «Иршад ул-ақл әс-салим» 7/113.):

1. Пайғамбарлар өздерінен кейін қалдырған бүкіл нәрселері бөлінетін мұра болып табылмайды, бірақ таратылатын садақа болып табылады.

Бұда олар Абу Бакр әс-Сыддықтан жеткен, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз мұра қалдырмаймыз. Бізден қалған барлық нәрсе садақа болып табылады», - деп айтқан хадисіне сүйенген. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3/1126; Муслим 3/1380.

2. Пайғамбарлардың өздерінен кейін мұра қалдырмауларының тағы бір себебі – ешкім оларды мал-мүлік жинағандықтарында және оны өздерінің мурагерлеріне қалдырғысы келгендіктерінде айыптамауы үшін.

3. Егер пайғамбарлар мұра қалдырғанда, оның туысқандарының немесе жақындарының біреуінде (сол мұраға жету үшін) пайғамбардың өлімін қалау пайда болар еді, ал бұл, мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша, күпірлік болып табылады.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 336 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...