Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәйек. Біз мәулітті діни іс-шара ретінде өткізбейміз, бұл - адамдардың тұрмыстық жиыны ғана



Біз мәулітті діни іс-шара ретінде өткізбейміз, бұл - адамдардың тұрмыстық жиыны ғана. Ал тұрмыстық мәселелерде қасиетті мәтіндерге келген тыйымдардан басқа барлық нәрсе рұқсат етілгені белгілі. Сондықтан бұл іс-шара діни бидғатқа жатпайды.

Жауап:

1. Бұл - өтірік сөз. Барлық кезде және әр заманда мәуліттің ұйымдастырушылары оны дінмен байланыстыратын және діннің атымен өткізетін.

2. Тіпті егер біз осымен келіскен жағдайда да, Аллаһ Тағаланың шариғаты күнәға және айыпты істерге әкеп соқтыратын тұрмыстық құбылыстарға қатаң тыйым салады.

Осы жерде ханафи мазһабының тағы бір ережесінен мысал келтіру қажет болады. Ол мынандай: «Егер рұқсат етілген амалды істеу күнә істеуге себеп болатын болса, бұл амалды тастау (қалдыру) міндетті (уәжіп) болып табылады». Қз.: имам әл-Финжифири «Усул Сунна» 91-бет, сондай-ақ «Дыя ун-Нур» 131-бет.

Тарау бойынша қысқаша қорытынды.

Осы тарауды жан-жақты қарап шыққанымыздан соң, оқырман мәулітті өткізуге ешқандай дәлел жоқ екеніне тағы да бір рет көз жеткізді. Сондықтан да маған ханафи мазһабының тағы бір ережесін еске салып қоюдан басқа еш нәрсе қалып тұрған жоқ.

Ол мынандай:

Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу оның істеген нәрселерін істеуді ғана емес, бірақ оның (істемей) қалдырған нәрселерін қалдыруды да білдіреді».

Ханафи мазһабының имамдарының біріМулла Али әл-Қари (1052 х/ж) бұл ереже туралы былай деген екен: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу оның істеген нәрселерін істеуді де, оның істемеген нәрселерін қалдыруды да білдіреді. Осының негізінде кім заңдастырушы (яғни Пайғамбар) істемеген амалды істеуде тұрақтылық танытса, сол бидғатшы болып табылады». «Әл-Мирқат» 1/41, 95.

Сондай-ақ тағы бір ханафи имамы Ахмад әр-Руми (1043 х/ж) былай деген: «Егер қандай да бір амалды істеуде қажеттілік болған кезде және оны істеуге ешнәрсе кедергі болмаған тұста Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол амалды істемеген болса, онда біздің бұл нәрсені істеуіміз Аллаһтың дініне жаңалық енгізу болып табылады. Өйткені егер осы амалда қандай да бір пайда болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзі де орындар еді және өзгелерді оған талпындырар еді. Ал егер ол осы амалды істемеген болса және оған өзгелерді талпындырмаған болса, бұл істе ешқандай пайда жоқ екендігі, бұдан қалса ол – дінге енгізілген жексұрын, жаман жаңалық екендігі түсінікті болады... дәл осы бидғаттарды істеу елшілердің (алып келген) діндерін өзгертіп және олардың заңдарын ауыстырып жіберді. Өйткені егер дінге қандай да бір нәрсені қосуға рұқсат етілгенде, онда таң намазының парызын төрт ракағат, ал бесін намазының парызын алты ракағат етіп оқуға рұқсат етілер еді. Және сонымен бірге: «Бұл – дінге игі амалды қосу, ал игі амалдар зиян тигізбейді», - деп айтуға болар еді. Бірақ ешкім мұндайды айтуға құқықты емес».

Ханафи имамы әл-Финжифири былай деген: «Дәл осы ережеден мәулітті өткізуге қатысты тыйым шығады». «Усул Сунна» 60-бет.

Ал ендеше өздерін ханафи мазһабына жатқызатын біздің мәуліт ұйымдастырушыларымызда қандай ақталу қалды екен?!





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 249 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...