Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәйек. Жәбир ибн Абдилләһ әл-Бәжали былай деп баяндайтын: «Бірде, күннің енді басталған шағында



Жәбир ибн Абдилләһ әл-Бәжали былай деп баяндайтын: «Бірде, күннің енді басталған шағында, біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болған кезімізде оған бір топ адамдар келді. Олар жалаң аяқ, жартылай жалаңаш және қылыштармен қаруланған еді. Олардың көбісі мудар тайпасынан еді, бұдан қалса олардың барлығы мударлықтар болатын. Аллаһтың Елшісі олардың мұқтаждығын және ауыр жағдайын көргенде, ренжігенінен жүзі өзгеріп кетті. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйіне кірді, кейін шығып, Биләлға азан және иқамат айтуды бұйырды. Кейін ол намаз оқыды да, былай деп құтпа жасай бастады: «Уа, адамдар! Сендерді бір жаннан жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Ақиқатында, Аллаһ сендердің үстілеріңнен бақылайды. Аллаһтан қорқыңдар әрі әркім Қиямет күніне не әзірлегеніне қарасын. Адам динарларынан, дирхамдарынан, киімдерінен және бидай мен құрмадан болған тамағынан садақа берсін». Кейін ол: «Жарты құрмамен болса да», - деп айтты. Осы сөздерден кейін ансарлардан бір адам азғантай болғаны соншалықты - алақанына ғана сиятын бір орам шағын садақа алып келді. Адамдар осыны көрген кезде, олар оның өнегесіне ілесіп, әркім бар нәрсесін алып келе бастады. Ең соңында киім мен тамақтан екі төбе жиналды. Сонда мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүзі қуаныштан жарқырай түскенін көрдім, әрі ол: «Кім Исламда жақсы әдет бастаса, соның сауабын алады, сондай-ақ осы әдетті орындауда оған ілескен адамдардың барлығынының да сауабын алады, ал олардың сауабы бұдан еш азаймайды. Ал кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін жазаны көтереді және ол әдетті орындауда өзіне ілескендердің барлығының жазасын көтереді, әрі олардың жазасы одан азаймайды». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1017.

Олардың қорытындысы: Мәуліт Исламдағы жақсы әдет болып табылады және оның ұйымдастырушыларына өздері үшін де, осыда оларға ілескендер үшін де сауап болады.

Жауап:

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Кім Исламда жақсы әдет бастаса» деген сөздері, оның «Ақиқатында, дінге енгізілген кез келген жаңалық - адасушылық» деген сөздеріне қайшы келмейді. Өйткені оның «кім Исламда жақсы әдет бастаса» деген сөздері «кім менің Сүннетімнен адамдар ұмытқан және тастаған қандай да бір істі жандандырса» дегенді білдіреді.

Бұл хадисте дінге онда негізі болмаған амалдарды енгізуге рұқсат жоқ. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерді айтқан осы оқиғаның өзі дәлел болады. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды Исламда, оған қоса өзіне дейінгі барлық пайғамбарлардың шариғаттарында заңдастырылып қойылған садақаны беруге ынталандырды ғой. Әрі садақа мұсылмандардың осыған дейін істеп көрмеген жаңа әдеті емес еді. Меккелік кезеңнің өзінде де мұсылмандардың Ислам дағуатына мал-мүліктерімен көмектескендері, құлдарды босатқандары т.с.с. істер істегендері осыған дәлел болады. Ал Пайғамбардың мұны жақсы әдеттің бастамасы деп атауының себебі - бұл бір топ адамдар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде, сахабалар олардың мұқтаждығын көрді, бірақ оларға мал-мүліктерімен көмек беру олардың ешқайсысының ойына да келмеді. Бірақ ансарлардан болған әлгі адам өзінің әрекетімен оларға үлгі көрсеткен соң, адамдар осы істе оған ілесе кетті. Сондықтан ол өз әрекеті үшін де сауап алуға және оның өнегесіне ілескендердің барлығынының сауабын алуға да лайықты болды.

Осыған негізделіп, біз былай деп айта аламыз: егер мәуліт Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан Исламның алғашқы ғасырларында орындалған болып, бірақ кейіннен адамдар бұл әдетті тастап, ұмытқан болғанда, ал содан соң біреу осы әдетті жандандырғанда, ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Кім Исламда жақсы әдет бастаса», - деп айтқан адамдардың қатарында болар еді. Бірақ мәуліт Исламның алғашқы ғасырларында өткізілмеген және дінде заңдастырылмаған еді, сондықтан кім адамдардың арасында осы әдетті бастап, осыда үлгі көрсеткен болса, сол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін де жазаны көтереді және сол әдетті орындауда оған ілескен барлық адамдардың да жазасын көтереді, әрі бұл олардың жазасын азайтпайды», - деп айтқан адамдардың қатарына кіреді[13].





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 254 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...