Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтін: ең қызық химиялық реакциялар



Реакция - тек химия кабинетінде ғана болатын тәжірибелер емес. Біз күнделікті өмірде химиялық реакцияларға тап боламыз. Тамақ пісіру, көлік айдау және т.б. күнделікті істер химия заңдарына бағынады.

Магнийдің құрғақ мұзда жануы

Магний оңай тұтанып, қатты жанады. Мына тәжірибеде магний мұздатылған көмірқышқыл газында жанатынын көре аласыздар. Жанғанда жақсы жарық беретіндіктен, бұл құбылыс фотоаппараттар енді пайда болғанда вспышка ретінде қолданылған екен. Қазірде магний отшашу құрамындағы басты бөліктердің бірі.

Натрий мен газ тәріздес хлор және су

Натрий – жанғыш элементтердің бірі. Мына бейнебаянда газ тәріздес хлор мен натрийге бір тамшы су қосылғандағы нәтиже көрсетілген. Натрий ашық сары түспен жанады

Калий хлораты жануы

Калий хлораты – хлор калий және оттегінің қосылысы. Оны балқу температурасына дейін қыздырғанда, ішіне түскен кез келген зат хлораттың ыдырауына әкеледі, ал бұл жарылысқа әкеледі. Бөлінетін газ - оттегі. Бұл қосылыс ұшақтарда, жерсерік станциялары мен сүңгуір қайықтарда оттегі көзі ретінде қолданады.

Мейснер эффектісі

Аса өткізгіш қажетті температураға дейін суытылғаннан кейін, ол димагитті қасиетке ие болады. Яғни, магнитті өріске тартылмай, керісінше одан итеріледі.

Әйгілі натрий ацетаты

Ас содасы мен сірке судың қосындысы болатын натрий ацетатын үйде де дайындаса болады. Нәтижесінде натрий ацетатының кристаллогидратын аласыз. Оны ерітіп, басқа ыдысқа құйып суытасыз. Суыған ерітіндіні абайлап пішінге құйып, үстінен бір түртсеңіз, сұйық қата бастайды

Сұрақнама:

1.Бәсекеге қабілетті маманға қойылатын талаптар қандай?

2.Химия ғылымы нені зерттейді?

3.Ғылыми стильдің өзіндік ерекшелігі қандай?

4. Ғылым тілі басқаша қалай аталады?

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып, түсініп алыңыз.

2.Мына реакцияларды видеодан көріңіздер

3.Мәтін стильдің қай түрінде жазылғанын анықтап, дәлелдеңіз.

4. Өз мамандығыңыз туралы айтыңыз. «Мен болашақ химия маманымын» тақырыбына әңгіме жазыңыз. Мына мәселелерді қарастырыңыз

– Сіз химияның қай саласын ұнатасыз?

– Химияның қандай қызықтарын білесіз?

5. Химия терминдерін жазып, жаттаңыз.

6.«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын». Факультеттегі сіз ұнататын химия пәнінің оқытушысы туралы мақала жазыңыз.

Негізгі әдебиет: 1.[5. 1.3], 2.[5. 1.4], 3.[5.1. 5.]

Қосымша әдебиет: 1.[5. 2.1], 2.[5. 2.2.1], 3.[5.2.2.5]

Тақырып: Көркем әдебиет стилі. Қайдасың, Гауһар?(үзінді)

Грамматика: Қазақ тілінің грамматикасындағы қиындық туғызатын мәселелер (Орфографиялық ережелер)

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де тұрады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі.

Мәтін: Қайдасың, Гауһар?(үзінді)

Алматының Пастер көшесімен жүре қалсам, осынау астынғы қабаты белуардан жерге батқан ағаш үйді, осынау бір жағына қарай қыңырайып, қисая бастаған көне ағаш қақпаны көргенде, менің есіме Гауһар түседі. Сондағы бастан кешкен уақиғалар тізбектеліп көз алдыма келеді. Жүрегімде діріл пайда болады.

Біз Гауһармен дәл мына арада кездесіп, танысқан едік. Ол, әне, апа жерде қақпаға сүйеніп,бізге күлімсірей қарап тұрған. Жұп - жұмыр уыз мойнында күн нұрына шағылып, жалт -жұлт еткен ұсақ шынжыр баулы әсем медальон.

Бәрі: көше де, үй де, түбіне шірімес үшін тас орнатып, бағандарды сол тасқа бұрандалап бекіткен қаракөк ескі қақпа да сол сондағы қалпы. Тек Гауһар жоқ. Бәрі шын болғанда, Гауһар ғана елес...

Мен осы арадан әрлі-берлі өткен сайын Гауһардың қарасы жарқ ете қалатындай – ақ қақпадан ішке елегізіп, қарап. өтем. Жоқ, жарқ ете қалмайды.

О, Гауһар, қайдасың? Барсың ба жер бетінде? Бар болсаң, неге кездеспейсің? Жоқ әлде

ұмыттың ба сен мені? Менің атымды жүрегіңмен мәңгілікке сызып тастадың ба? Жо, жоқ! Олай болуы мүмкін емес........(Бердібек Соқпақбаев)





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1074 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...