Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтін: химиялық қару және олардың түрлері



Соғыстардың бүкіл тарихы бойында соғысушы тараптар әртүрлі улы заттарды қолданған немесе қолдануға әрекеттенген. Ежелгі Қытайда қарсыласты зақымдауға кәдімгі әк пайдаланылған. Әк шаңы көзді зақымдаған, ал сумен қосылғанда улы газ шығарған. Ежелгі соғыстарда денсаулыққа зиянды басқа да заттар қолданылған. Снарядтарға әртүрлі шайырлар, өсімдік улары, күкіртті мышьяк қосқан. Бұлар көз бен теріні зақымдаған, кей жағдайда тыныстау не жүрек қан тамыры жүйесі органдарын кеселге ұшыратқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында 1915 ж 22 сәуірде Ипр өзені ауданында (Бельгия) неміс әскерлері қарсыластарына қарсы улы газ-хлорды қолданды. Жел айдаған сұр-жасыл тұман Француз шептеріне тарады. Сарбаздар мен офицерлер тұншыға бастады: Газ тыныс алу жолдарын күйдіріп, қатты жөтелтіп, тұншықтырды. Осының салдарынан 15 мыңнан астам Француз солдаты қатты уланып, олардың 5 мыңға жуығы қайтыс болды. Неміс әскерлері майданды бұзып өтті. Бір айдан кейін немістер орыс әскерлеріне қарсы газ шабуылын қолданды. 9 мың адам уланып, олардан 1,2 мың адам қаза тапты.

1916 ж. Француз армиясы неміс әскерлеріне қарсы синил қышқылын ұрыстық улағыш зат ретінде алғаш рет қолданды.

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында фашистер оны газ камераларында адамдарды қыруға пайдаланды. Бұл үшін улы заттар метилдік “А” циклоны мен этилдік “Б” циклон пайдаланды. Соңғы жүзжылдықта әскерлер кейбір тропиктік елдердің тұрғындары қолданылатын әртүрлі психостимулдық өсімдіктерге назар аударды: бетель, үнді коноплясы (марихуана) және т.б. Оларды шамадан көп пайдаланса, ауыр психологиалық кінәраптарға шалдығады, тіпті,өліп те кетеді. Осының өзі улағыш заттардың жаппай жою құралдары бола алатын жаңа түрлерін жасап шығаруға негіз болды.

Химиялық қару-у лағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады:

1)жүйке жансыздандыратын;

2)теріні іріңдеткіш;

3)жалпы улы әсерлі;

4) психохимиялық;

5)тітіркендіргіш;
Зақымдаушы әрекетінің басталуының жылдамдығына қарай УЗ өлтіретін,саптан шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын УЗ болып бөлінеді.Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу тәрізді (газ), аэрозольдық (түтін, тұман, сіркіреу) не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан-ішек жолы арқылы зақымдайды.Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды талдап – жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу мүмкіндігі де жойылған жоқ.

Зарин – түссіз не сарғыш зат. Иісі жоқ, қыста қатпайды. Қай қатынаста болсын сумен, органикалық еріткіштермен араласады, майларда жақсы ериді.Ви – икс (VX) –ұшпалы емес, түссіз сұйық, иісі жоқ, қыста қатпайды. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім- 6 айға децін зақымдайды. Негізгі ұрыстық күйі ұсақ дисперсті аэрозоль.Ағзаға қай әдіспен түскенде де адамды зақымдайды.

Олар бу тәрізді және тамшы-сұйық күйде болуы мүмкін, ағзаға тыныс органдары, тері, асқазан-ішек жолы арқылы тамақпен және сумен бірге түседі, жүйке жүйесін зақымдайды. Тұрақтылығы жазда – қыста бірнеше апта не бірнеше ай. Бұл УЗ ең қауіптілері: адамдарды зақымдауға өте аз мөлшерінің өзі жеткілікті. Жеткізу құралдары: артиллерия, ракеталар және тактикалық авиация.

Зақымданғандық белгілері: түкірік тоқтамау, қарашықтың таралуы (миоз), тыныстаудың қиындауы, жүрек айну, құсу, іш өту, паралич, қорқыныш және естен тану сезімі, бірнеше сағатқа созылып сіңірлердің тартуы.Жекелей қорқыныш құралдары ретінде противогаз, қорғаныш киім және пана. Зақымданғанда алғашқы көмек көрсету үшін противогаз кигізіп, шприц – сықпа арқылы антидат енгізеді. Асқазанға түскен жағдайда құстыру керек, мүмкіндігі болса 1% ас содасы ерітіндісімен не таза су ішкізіп шаю қажет, көз зақымдалса, 2% ас содасы ерітіндісімен не таза сумен жуу керек.

Иприт – аздап сарғыш не қара қоңыр, сарымсақ, не қыша иісі шығып тұратын, органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін сұйық. Иприт төңіректі жазда 2 тәулікке дейін, қыста 2-3 апта зақымдай алады. Иприттің тән ерекшелігі білдірмей әрекет ететін кезеңі болады (зақымдану бірден емес, біраздан соң, 2 сағ. және одан да көп өткеннен кейін білінеді). Белгілері: тері қызарады, ұсақ қалдырғандар шығып, кейін тұтасып барып жарылады да, жазылуы қиын жараға айналады. Иприт буы әсіресе көзге зиянды. Көзге әсері әуелде бірдеңе түскендей болып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, бұдан әрі көз бен қабақтың кілегейі ісініп қатты былшықтанады. Асқазан – ішек жолына түссе, 30-60 м. кейін асқазан қатты ауырады, түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді.

Люизит - қазтамақ жапырағының иісі бар қара қоңыр майлы сұйық. Токсиндігі жөнінен иприттен үш есе асып түседі. Ағзаға түскеннен кейін, зақымдану белгілері білінеді: әуелі жөтелтеді, түшкіртеді, мұрыннан су ағады, жүрек айниды, бас ауырады, дауыс шықпай қалады, құстырады, әл құриды. Көзге тисе 7-10 тәуліктен кейін көрмей қалады, тері күйеді. Люизитпен қатты уланған адам өледі. Әскерилер люизитті “өлім шығы” деп атайды.

Фосген – түссіз газ, ауадан 3,5 есе ауыр, қызған шөп не шіріген жеміс иісі шығып тұрады. Суда нашар ериді және онда тез ыдырайды. Ұрыстық күйі – бу. Төңіректегі тұрақтылығы 30-50 миннут, орлар мен сайларда 2-3 сағатқа дейін тұрып қалуы мүмкін. Фосген ағзаны онымен тыныс алғанда ғана зақымдайды, ондайда көз қабығы тітіркенеді, жас ағады, ауыз жылымшы татиды, аздап бас айналады, әл құриды, жөтеледі, кеуде қысылалы, жүрек айнйды.
Синил қышқылы – түссіз, тез буланатын ащты бадам иісті сұйық. Бұл ұрыстық улағыш зат ежелден қолданылады. Мәселен, Наполеон соғыстары кезінде оны артиллерия снарядтарына құймақ болған. Қату температурасы -14ºС, сондықтан сұйық уақытта оны хлорциан не басқадай УЗ араластырып қолданады.Ұрыстық қолданылуы – ірі калибрлі авибомбалар.
Хлорциан - синил қышқылынан гөрі неғұрлым ұшпа, түссіз, иісі мүңкіген сұйық. Токсиндік қасиеттері жағынан синил қышқылына ұқсас, одан ерекшелігі жоғарғы тыныс жолдары мен көзді тітіркендіреді. Зақымданғанда көмектесу үшін антидоты бар ампуланы сындырып, противогаздың дулыға- маскасы астына кіргізеді. Жағдайы нашар болғанда, жасанды дем алдырады, жылытып медициналық пунктке жөнелтеді.

BZ - иіссіз, ақ кристалл зат, суда ерімейді, хлороформда, дихлорэтанда және қышқылданған суда жақсы ериді. Негізгі ұрыстық күйі – аэрозоль.BZ ағзаны ауамен дем алғанда және зақымдалған тамақ пен су тұтынғанда зақымдайды. 0,5-сағаттан кейін білінеді. Аз концентрацияда ұйқы басады, өмірлік қаракет бәсеңдейді, ал көп концентрациялар кезінде бірнеше сағаттың ішінде жүрек соғуының жиілеуі, терінің, ауыздың құрғақсуы, қарашықтың үлкейіп, өмірлік қаракеттің бәсеңсуі байқалады. Келесі 8 сағаттың ішінде мелшиіп тіл күрмелу басталады. Бұдан әрі өрекпу кезеңі келіп, 4 тәулікке дейін созылады.

CS – ақ, қатты, онша ұшпа емес кристалды зат бұрыш иісі болады. Ұрыстық күйі – аэрозоль. Авиациалық бомбалар, артиллерия, аэрозольдер генераторлары мен түтіндеткіш гранаталар арқылы қолданылады.Аз концентрацияда көзге жоғарғы тыныс жолдарына тітіркендіргіш әрекеті бар, ал көп концентрацияда терінің ашық жерлерін күйдіреді, кей жағдайда тыныс алу, жүрек параличіне, өлімге апарып соғады.

CR – сары түсті кристалл зат. Суда нашар ериді. CR-дың токсиндік белгілері CS-ке ұқсас, бірақ көз бен жоғарғы тыныс жолдарына тітіркендіргіш әрекеті неғұрлым күшті болады.
Тітіркендіргіш УЗ әсері кезінде противогаз кию керек.

Орфографиялық ережелер (жалғасы)

5. Мягкий знак (ь) и разделительный твердый знак (ъ) не передают звуки, употребляются только в заимствованных словах. Если слово оканчивается на мягкий знак (ь), а присоединяемый аффикс начинается с гласной, то мягкий знак опускается, не пишется. Если присоединяемый аффикс начинается с согласной, то мягкий знак (ь) не опускается: медаль – медалі– медальға, медальдан; гастроль – гастролі – гастрольдық - гастрольға 6. К односложным словам, оканчивающимся на мягкий знак (ь) присоединяются мягкие аффиксы, а если слово состоит из нескольких слогов, то правописание аффикса будет зависеть от твёрдости-мягкости последнего слога: ось – осі – осьтері,руль – рулі - рульге.Слова «рөл, нөл» пишутся по-казахски 7.Если в заимствованных словах последний слог оканчивается на ё, ю или э, то будут присоединяться мягкие аффиксы: дуэт – дуэттің – дуэтке; дирижёр – дирижёрге – дирижёрлігі,полюс-ті, полюс-ке; шлюз-ді, шлюз-ге; дюйм-ге, дюйм-і; велюр-ге, велюр-ді; парашют-ке, парашют-тер, парашют-і. 8.При переводе прилагательных с русского языка на казахский мягкий знак не сохраняется в написании у слов, не содержащих мягкий знак в корне слова, а твёрдость-мягкость присоединяемого аффикса будет зависеть от гласного последнего слога: коммунальный – коммуналдық номинальный – номиналдық материальный - материалдық аудиовизуальный - аудиовизуалды гастрольный – гастрольдық фестивальный – фестивальдық госпитальный - госпитальдық модальный - модальды модульный-модульдік вексельный – вексельдік ***алкогольсіз

Сұрақнама:

1.Химиялық қару не үшін пайдаланады?

2.УЗ нелер жатады?

3.УЗ қандай зардаптары мен салдары болады?

4. Қарулардың бұл түрі қазіргі ұрпақпен қоса, адамның болашақ ұрпағына да қауіп-қатер туғыза ма?

Тапсырмалар:

1.Мәтінді бірнеше бөлімге бөліп тыңдаңыздар.

2 Тақырыптағы негізгі ақпараттарды тізіп жазыңыздар.

3.Әр бөлімге ат қойыңыз.

4.Сұрақтар дайындаңыз, пікірлесіңіз.

5. Химиялық терминдерді жаттап алып, сқйлесімде қолданыңыздар.

6.Кесте құрып, улы заттарды баған-бағанға бөліп, салыстырыңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[5. 1.3], 2.[5. 1.4], 3.[5.1. 5.]

Қосымша әдебиет: 1.[5. 2.1], 2.[5. 2.2.1], 3.[5.2.2.5]





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1580 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...