Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сөздің соңғы -ЫЙ, -ІЙ әріптерінің орнына бір ғана -И әрпі жазылуы



-ЙЫ, -ЙІ дыбыстар тіркесі мен -Ы, -І дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің –Й жұрнағы жалғанғанда, соңғы -ЫЙ, -ІЙ әріптерінің орнына бір ғана -И әрпі жазылады. Если слово заканчивается на сочетания -ЙЫ, -ЙІ или гласные -Ы, -І, то при присоединении к ним суффикса переходного будущего времени -Й, вместо сочетания -ЫЙ, -ІЙ пишется только одна буква -И Баю «богатеть» – байы + й – байиды Құру «исчезать» – кұры + й - құриды Кею «ругать» - кейі + й – кейиді Оқу «учиться» – оқы + й – оқиды Іру «киснуть» - ірі + й – іриді Суу «остужаться» – суы + й – суиды Мою «привыкнуть к трудности» – мойы + й – моиды Шіру «гнить» – шірі + й – шіриді Еру «таять» – ері + й - ериді Тоқу «ткать» – тоқы + й - тоқиды Тасу «литься через край» - тасы + й - тасиды Жібу «размягчаться» - жібі + й - жібиді Аршу «чистить»- аршы + й - аршиды Абыржу «беспокоиться»- абыржы + й - абыржиды Даму «развиваться»- дамы + й - дамиды Есту «слышать» - есті + й - естиді Налу «горевать» - налы + й - налиды Тану «узнавать» - таны + й - таниды Тоқу «ткать» - тоқы + й - тоқиды Баяусу «замолкать» - баяусы + й - баяусиды Қалғу «дремать» - қалғы + й - қалғиды Қаңғу «бродить» - қаңғы + й - қаңғиды Қасу «чесать» - қасы + й - қасиды Қоқырсу «замусоривать» - қоқырсы + й - қоқырсиды Қышу «чесать» - қышы + й - қышиды Қобалжу «нервничать» - қобалжиды Ренжу «обижаться» - ренжиді –ЫЙ пишется только в словах (СЫЙ [syj] - подарок, ТЫЙ [tyj] - прекращать) и в словах производных от них (сый, сыйлық, сыю, сыяды, сыйды; тый, тыю, тыйылды). Во всех остальных случаях хотя и слышим [ый] или [iй], пишем букву «и» (тиын «монета», тиін «белка», ақиқат «истина», ине «иголка», оқимын «учусь», ренжимін «обижусь») Перед буквами Я, Ю хотя и слышатся [ый], [ій], но пишется буква - И (тақия - тюбетейка, сия - чернила, қия - высь, жию - убирать)

Сұрақнама:

1.Стиль туралы ғылым қалай аталады?

2.Стиль дегеніміз не?

3.Ауызекі сөйлеу тілі стилінің ерекшеліктері неде?

4.Қазақ тілінің грамматикасындағы қиындық туғызатын мәселелелер туралы не білесіздер?

Сұхбат:

- Құрметті студенттер! Сіздер университеттің тұңғыш ректоры Е.А.Бөкетовтің мамандығын, кім болғанын білесіздер ме?

- Ол кісі металлургия және химия саласындағы белгілі ғалым, әдебиет сыншысы, тамаша аудармашы, ақын және жазушы, қоғам қайраткері, педагог және жастардың ұстазы болған.

- Өте жақсы. Енді ғалымның бауыры Қамзабай Арыстанұлына осы сұрақты қойсақ.

- Евней Арыстанұлы жоғары мәдениетті адам болатын. Ол кішімен кішіше, үлкенмен үлкенше сөйлесе алушы еді, өзін жағдайға сәйкес ұстайтын.

- Қамзабай аға, Евней Арыстанұлы бала кезінде қандай болды? Естеліктеріңізден айтып берсеңіз.

- Евней әжеміздің бауырында өсті, сондықтан да ол ерекше құқықтарға ие болатын. Бірақ соған қарамастан, ол тентек болған емес. Ол үлкендердің бірінің алдына отырып атқа мінгенді ұнататын. Қорқу дегенді білмейтін еді. Үш жасында асау аттың аяғын құшақтап тұрып алып, үлкендердің зәресін ұшырған. Евнейді бәрі жақсы көруші еді. Өзінің ақылдылығымен, талантымен, адамгершілігімен ол сондай махаббатқа лайық еді (К.Букетов. «Друг мой, брат мой» кітабынан).

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді оқып, сөздікпен аударыңыз. Жазылуына көңіл бөліңіз.

2. Сұхбатты тыңдаңыз және мәнерлеп оқыңыз.

3. «Мен бала кезімде...». Досыңызбен әңгімелесіңіз.

4.«Ел аузынан» атты тақырыпқа бірнеше мысал дайындаңыз және әңгімелеп айтып беріңіз.

Негізгі әдебиет: 1.[5. 1.3], 2.[5. 1.4], 3.[5.1. 5.]

Қосымша әдебиет: 1.[5. 2.1], 2.[5. 2.2.1], 3.[5.2.2.5]





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 627 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...