Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: Ресми ісқағаздары стилі. Өмірбаян. Түйіндеме. Өтініш



Грамматика: Қазақ тілінің грамматикасындағы қиындық туғызатын мәселелер (Орфографиялық ережелер)

Орфографиялық ережелер 1. Если последний слог корня оканчивается на сочетания звуков -рг, -рк, -нк, -нг, -кс, -кт, -ск, -лк, -нкт, -кль, -брь, -бль, -ог, -уг, то присоединяются мягкие суффиксы и окончания (банк - банкте, хирург – хирургке, филолог – филологке, пункт-тен, геолог-ке, металлург – металлургке, невропатологке, ансамбльге, ноктюрнге – ноктюрні, каталогке, кокске, дирижабльге, драматургі, айсбергке, артикль – артикльге - артиклі, бинокль– бинокльге – биноклі, факт – фактісіздік, брифинг – брифингіге - брифингісі) 2. НД, МБ, МП, НГ, СК, КТ, ФТ, НК, РВ, ПТсияқты дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалар Ы, І дәнекері арқылы қосылады. Для образования новых словоформ от слов, оканчивающихся на сочетания звуков НД, МБ, МП, НГ, СК, КТ, ФТ, НК, РВ, ПТперед аффиксами употребляется соединительная гласная Ы / І лифт-лифтіге, ромб – ромб-ы-ның, Новосибирск – Новосибирскіге, акт – актіде- актісі- актісінде, такт – тактіге- тактісі, факт – фактісі – фактіге, тренинг – тренингіге – тренингісі, лизинг – лизингіге – лизингісі, акцепт – акцептіге – акцептісі, диск – дискісі, рецепт – рецептісі, рейтінгісі

Ресми немесе ісқағаздар стилі. Ісқағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады. Ресми құжат стильдеріне тән белгілер: мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы; тұжырымдардың дәл, нақты болуы; сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы; терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы; қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын анықтамалық-ақпараттық іс қағазының бір түрі.

Өмірбаян әдетте оқуға түсу, қызметке тұру, басқа қызметке ауысу т.б. жағдайларда жазылады. Азат жолдан «Мен» - деп басталып жазылатын өмірбаян мәтіні бірінші жақ жекеше түрде баяндалады.

Өмірбаян құрылымы төмендегідей:

1) құжаттың аты;

2) өмірбаян жазушының азаматтық қал-жағдайы туралы мәлімет;

3) білімі, оқыған оқу орны туралы мәлімет;

4) кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі;

5) қоғамдық-саяси қызметі;

6) қосымша мәліметтер;

7) отбасы жағдайы туралы мәлімет;

8) мекенжайы, аты-жөні, қолы, дата.

Құжаттың аты парақтың жоғары жағын ала, орта тұсына

қарай үлкен әріптермен жазылады

Түйіндеме құрылымы төмендегідей:

1) құжаттың аты;

2) ізденуішінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, фамилиясы, туған күні, жылы, туған жері);

3) ізденушінің мекенжайы, телефоны;

4) түйіндеме иесі үміттеніп отырған вакансия;

5) білімі мен қызметі туралы мәлімет;

6) қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы мәлімет;

7) кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндігі т.б.);

8) кепілдеме (егер бар болса);

9) түйіндеменің жазылған күні, ізденуші қолы.

Өтініш- н егізгі мәтін азат жолдан бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Сізге өтініш беру себебім, Алматы қаласында үй-жайым болмағандықтан университет жатақханасынан бір бөлме беруіңізді өтінемін. Химия факультеті кеңесінің шешімі бойынша аналитикалық химия кафедрасына жұмысқа қалдырылған жас маманмын. Негізгі мәтін әдетте стандартқа сай кіріспе сөзден басталады. Мысалы, « Менің Сізге өтініш беру себебім ,». Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, өтініш жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе сөз болады. Өтініш жазуға себеп болған жайттарды төмендегідей құрылымдар арқылы беруге болады:

· Алматы қаласында үй-жайым болмағандықтан,

· босқа жұмысқа ауысуыма байланысты,

· отбасы жағдайыма байланысты,

· денсаулығыма байланысты,

· баспаға дайындалуына байланысты,

· ...қатысты (туралы) байқау ұйымдастырылуына

байланысты т.б.

Өтініш жазылу мақсатын төмендегідей құрылымдар арқылы

беруге болады:

Кей жағдайда негізгі жағдай көрсетілмей-ақ, бірден өтініш жазыла береді. Мәтін соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы,

Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.

Негізгі мәтін жазылып болғаннан кейін өтініш иесінің қызметі, аты-жөні жазылып, қолы қойылады. Жазылған күні, айы (жазбаша), жылы көрсетіледі. Мысалы,

А налитикалық химия кафедрасының оқытушысы __________________ С.Арыстанов (қолы)

Егер өтінішке қол қоюшылар бірнеше болса, онда олар иерархиялық тәртіппен я болмаса әліпби тәртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса, онда өтінішке қол қою парағы тіркеледі.

Өтініш мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, Келісемін, Қарсы емеспін т.б. бұл жерде де датасы жазылып, атқарылатын қызметі көрсетіледі.

Өтініш мәтінінде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері: өтінемін, сұраймын, ауысу, рұқсат ету, бөлі, қабылдау, қабылдауыңызды сұраймын, жіберу, босату, пайдалану, тіркеу, тіркелген, кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыс сұрау, жалақыны көтеру, материалдық көмек, өтінішті қарау, өтінішті қанағаттандыру, менің сізге өтініш беру себебім т.б.

Сұрақнама:

1.Ресми ісқағаздар стилі дегеніміз не?

2. Қандай ісқағаз түрлерін білесіздер?

3.Аталған стильдің қандай талаптары бар?

Тапсырма:

1. Өмірбаяныңызды жазып машықтаныңыз.

2. Өтініштің бірнеше түрін жазыңыздар

3. Түйіндеме толтырыңыздар.

4. Сенімхат, қолхат, түсініктеме т.б. жазыңыздар.

5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

6. Орфографиялық ережелерді сақтай отырып, мысалдар келтіріңіздер.

Негізгі әдебиет: 1.[5. 1.3], 2.[5. 1.4], 3.[5.1. 5.]

Қосымша әдебиет: 1.[5. 2.1], 2.[5. 2.2.1], 3.[5.2.2.5]





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1799 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...