Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің оқу бағдарламасы — syllabus



3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аметова Алмагул Женисовна - аға оқытушы

[email protected] (8 ғимарат, №224, бейсенбі сағ. 14.00-16.00)

Айтбаева Бақыт Манатқызы – ф.ғ.к., доцент

[email protected] (8 ғим., №224, сәрсенбі сағ. 10.00-12.00)

Ибраимова Женисгуль Жалгасбаевна - ф.ғ.к., доцент

[email protected] (8 ғим., №224, сәрсенбі сағат 10.00-12.00)

Рахымберлина Сагила Абдигалиевна – ф.ғ.к., доцент [email protected] (8 ғимарат, №224, сейсенбі сағ. 14.00-16.00)

Смаилова Анар Шабазовна - аға оқытушы

[email protected] (8 ғимарат, №224, сейсенбі сағ. 14.00-16.00)

Мизанбаева Гулбейбит Шахмановна - аға оқытушы

[email protected] (8 ғим., №224, сейсенбі сағ. 10.00-14.00)

3.2 Алдыңғы деректемелер:

1. Қазақ тілі - В1, В2 деңгейі

2. Қазақ әдебиеті

3.3 Кейінгі деректемелер:

1. Арнайы мақсаттағы қазақ тілі

2. Іскери қазақ тілі

3. Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:

Курстың мақсаты -студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.

● күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында

сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдану дағдыларын қалыптастыру;

● әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;

● өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге дағдыландыру;

● теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

● монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту;

● қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру;

● аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;

● қазақша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;

● ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолданылу жағдайларын айыра білге үйрету;

● белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;

● өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.

Студент семестрдің соңында берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет. Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсіну. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай білу. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет. Ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай және күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті.

Мамандық тілі деңгейінің лексикалық минимумы шамамен 1800-2000 сөз

Тыңдалым бойынша бейтаныс түпнұсқа 900-1000 сөзден тұратын кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент:

● берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

● түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар:

● іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы бойынша сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек.

Мәтіндердің тақырыбы студенттердің таңдап алған мамандықтарына сәйкес алынады.

Оқылым әрекеті бойынша көлемі: 1000-1200 сөзден тұратын мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент:

● оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.

Студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет. Мәтіннің түрі: жалпы ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы мамандық саласы бойынша құрастырылуы тиіс. Мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу барысында студент мыналарды орындай білуі қажет:

● оқудың басты стратегияларын қолдана білуі;

● мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

● хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білуі тиіс.

Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн.

Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5 болуы тиіс.

Студент сонымен қатар:

● мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

● ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу тиіс;

● нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.

Әдеби шығармалар немесе мақлаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе, түйіндеме, пікір жаза алады.

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша 800-900 сөз аясында таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгемелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минут, қарқыны- минутына 170-200 сөз болуы тиіс. Ал диалогтық сөйлеу болса, айтылым қарқыны – минутына 160-180 сөз. Диалогтық сөйлеуде студент:

● айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

● мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;

● естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.

3.5 Оқыту нәтижелері. Курс аяқталғаннан кейін студент қазақ тілінде сауатты да талапқа сай оқып, сөйлеп, жаза білуі керек.

3.6 Курстың саясаты мен процедурасы:

Қазақ тілі пәні бойынша студенттерге төмендегідей талаптар қойылады:

- студент себепсіз сабақ босатпауы керек;

- студент себепсіз 2 сағаттан артық сабақ босатса, рейтинг балы төмендетіледі;

- сабақты себепсіз босатқан студенттерге курс тапсырмаларын өтеуге қосымша уақыт берілмейді;

- студент әрбір қарастырылған тақырыптарды түсініп, өз ойын айта білуге, қойылған сұрақтарға ауызекі тілде толық жауап бере білуі тиіс;

- сабақты бірде-бір рет босатпаған студенттің әрбір рейтинг балына әр модульдің соңында 0,2 балл қосылады;

- курс бойынша берілген тапсырмаларды әр модуль соңында тапсырмайынша студент емтиханға кіргізілмейді;

- тіл үйрену – заман талабы. Ол талап пен табандылықты, ниеттілікті қажет етеді. Сондықтан да әрбір студент мемлекеттік тілді меңгеруге және оны құрметтеуге тиіс.


4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:

Жұмыс түрі Тапсырма мақсаты және маз-мұны Пайдалану-ға ұсыныла-тын әдебиеттер Орындау мерзімі Бақылау түрі (рейтингтік шкалаға сәйкес) Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес) Есеп беру. түрі Тапсыру уақыты
                 
  Практикалық сабақтар бойын ша ауызша жауап практикалық сабақтар жоспары бойынша   Ұсыныл ған әдебиетті практикалық сабақ тарға дайындыққа пайдалану І семестр бойы сабақ кестесі мен оқу жоспары на сай Ағымдық (ауызша жауап пен жұмыс бағаланады) Әр сабақ бойынша ауызша жауап 50-100 балл ауызша Практикалық сабақ кестесі мен оқу жоспа рына сай
  СОӨЖ бағдарламасында қа растырыл ған тақы рыптар бойынша тапсырма ларды орындау және басқы жұмыс түр лерінде (кейсті талдау, интервью, талқылау) СОӨЖ жоспарына сай СОӨЖ дайындалу ға әдебиет терді пайда лану семестр бойы сабақ кестесі мен оқу жоспа рына сай Ара лық бақы лау СОӨЖ-де ауызша жә не жазбаша жауап тары мен жұ мыс ба ғаланады Практика-лық са бақтың әр тақы рыбы ның ауыз ша жауабы на, баян дамаға, рефератқа 50-100 балл ауызша жә не жазбаша СОӨЖ сабақ кесте сі мен оқу жоспарына сай
  СОӨЖ және СӨЖ кезінде жазбаша жұмысты дайындау СОӨЖ және СӨЖ жоспарына сәйкес СОӨЖ және СӨЖ дайындауға ұсынылған әдебиетті пайдалану семестр бойы оқу жоспары на сай Ара лық ба қылау, жазбаша жұ мысты дайындау жә не нә тижелерін қорғау Жазбаша жұмыстың қорытындысын ауызша қорғауға 50-100 балл жазбаша СОӨЖ және СӨЖ сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай
  СӨЖ бойынша (ауызша және жазбаша жауап, баяндама, реферат, шығарма және т.б.) дайындау СӨЖ жоспа рына сәйкес СӨЖ ұйымдастыруға ұсынылған әдебиетті пайдалану семестр бойы оқу жоспарына сай Үй жұ мысы СОӨЖ СӨЖ, тәжірибелік сабақ тарға дайындалу дың деңгейі бағаланады Әр тақырып бойын ша жаз баша (баяндама, реферат жә не шы ғарма) және ауызша жауапты дайын дауға 50-100 балл   ауызша және жазбаша Тәжірибелік сабақтар оқу жоспарына сай

5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 764 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...