Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күздік көбелек



Оңтүстік аймақтарда сәуірдің бірінші онкүндігінде, топырақты қазып тексеру жұмыстарын жүргізген кезде, ересек жастағы құрттар 0,4 экз/м2 тығыздықпен орналасқандығы анықталды. Қуыршақтану 7 сәуірде тіркелді. көбелектердің ұшуының басталуы 29 сәуірде, ал жаппай ұшуы – 12 мамырда тіркелді. көбелектердің орташа өнімділігі бір ұрғашы жәндікке 400-500 жұмыртқадан болды. Жұмыртқадан құрттардың шыға бастауы 12-16 мамырда, 0,2-0,5 экз/м тығыздықпен анықталды. Алматы, Жамбыл облыстарында қызанақ және жүгері егістіктеріне 1,6-3,5 экз/м2 тығыздықпен орналасып залалдады. Өсімдіктің зақымдалуы 0,3-2,0% болды (№ 13 кесте).

Екінші ұрпақтың көбелектерінің ұша бастауы 10 шілдеде, ал жаппай ұшуы – 16 шілдеде тіркелді. Ұшу қарқыны төмен, бір тәулікте 6 экз. Көбелектердің жұмыртқа салу өнімділігі – 220-230 дана. Көбелектердің ұшуы созылмалы болып, тамыздың екінші онкүндігінің аяғына дейін жетті. Құрттардың шыға бастауы 22 шілдеде 0,05-2,3 экз/м2 тығыздықпен тіркелді.

Қыркүйектің екінші онкүндігінде 5-6 жастағы арам шөптермен қоректеніп жүрген құрттар кездесті, орналасу тығыздығы 1 экз/м2.

Шығыс Қазақстан облысында күнбағыс егілгенен кейінгі танапты көктемгі тексеру кезінде күздік көбелектің салмағы 280-380 мг болатын құрттары табылды. Қыстап шыққан құрттардың тығыздығы 0,2-1,5 экз/м2 болды. Қуыршақтану 16 мамырда тіркелді. Көбелектердің бірінші ұрпағының ішінара ұшуы 19-26 мамырда байқалды. Температураның тез өзгергіштігіне байланысты көбелектердің ұшуы созылмалы болды. Бірінші ұрпақтың құрттарының шығуы 3 маусымда, 0,02 экз/м2 тығыздықпен байқалды. Күндізгі температураның жоғарылығы және төменгі ылғалдылық зиянкестермен залалданудың және зақымдалудың төменгі дәрежесін қамтамасыз етті.

Құрттардың қуыршақтануы 8 шілдеде, екінші ұрпақтың көбелектерінің ұшуы – 1 тамызда тіркелді. Ұшу дәрежесі әлсіз, созылмалы, тамыздың екінші онкүндігіне дейін созылды. Жұмыртқа салу 2-10 тамызда, екінші ұрпақтың құрттарының шығуы – 15-22 тамызда болды. Екінші ұрпақтың құрттары картоп егістінде, пәлектердің солу кезінде байқалды. Қыстап қалған құрттарды тексеру нәтижесінде 0,05-6,0 экз/м2 тығыздықпен орналасқандығы анықталды.

Қолайлы ауа райына болып қыстап шығу қалыпты жағдайда өткенде зиянкестердің дамуы, саны және зиян келтіру көлемі ұлғаюуы мүмкін. Қорғаныш шараларын 5,0 мың га көлемге жүргізу межеленді.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1301 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...