Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астықтың сұр көбелегі



Өткен жылғы күзде құрттар қыстауға жақсы физиологиялық жағдайда кетті, негізінен олардың салмағы 400 мг болды. Көктемгі қайта тексеру кезінде қыстап шыққан құрттардың салмағы 250-580 мг аралығында ауытқыды, яғни зиянкестердің физиологиялық жағдайының жақысы екендігін көрсетеді. Топырақтың жоғарғы қабатында, сабан астнда құрттардың пайда болуы 8-11-нен 20 сәуір аралығында байқалды. Қоректенгеннен кейінгі құрттардың салмағының жоғарғы деңгейі 590-670 мг-ға жетті. Құрттардың паразиттермен және аурулармен зақымдалуы 1-6-дан 16-30% шамасында, ал жоғарғы деңгейі 67% гранузелмен зақымдалған құрттар Павлодар облысының Қашыр және Железі аудандарында тіркелді. Құрттардың орташа орналасу тығыздығы 1-5 экз/м2, жоғарғы деңгейі 12,5 экз/м2 Ақмола және Қостанай облыстарында болды (№ 14 кесте).

Лабароториялық жағдайда құрттардың қуыршақтануы мамырдың бірінші онкүндігінде байқалса, табиғи жағдайда 6-19 мамырда болды. Жаппай қуыршақтану – 20-28 мамырда тіркелді. Қуыршақтардың салмағы 280-450 мг болды.

Көбелектердің ішінара ұшуы 4-22 маусымда, ал жаппай ұшуы – 18-28 маусымда тіркелді. Биылғы жылы көбелектердің ұшуы созылмалы болып, тамыздың бірінші онкүндігіне дейін созылды.

Ұшудың бірінші шарықтау шегі 4-8 шілдеде және бұл жаздық бидайдың ерте және орта мерзімде егілген егістіктердің 70-100%-ті бас алып тұрған кезге келді. Ұшудың екінші шарықтау шегі жаздық бидайдың кеш егілген егістіктерінің 30-50%-ті бас алған кезде (Ақмола облысы) өтті. Еркегі мен ұрғашысының қатынасы 64-80:20-36%, ұрғашыларының өнімділігі 65-240-тан 410-640 жұмыртқа. Құрттардың жаңа ұрпағының шығуы аңызда қалған масақтар мен көп жылдық шөптерде 6-8 шілдеде, бидайда – 12-24 шілдеде тіркелді. Құрттардың жаппай шығуы 27 шілде мен 7 тамыз аралығында болды.

Астықтың сұр көбелегінің құрттарын жазғы тексеру жұмыстары 6308,74 мың гектар жерге жүргізіліп, онан 2781,6 мың гектары залалданғаны, оның ішінде ЭЗШ-нен жоғары – 831,9 мың га болды. (№ 15 кесте).

Бидайдағы құртардың орналасу тығыздығы 0,6-3,7 экз/м2- 19-40 экз/м2 болды. Жоғарғы деңгей Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелді. Химиялық өңдеу жұмыстарының биологиялық тиімділігі 92-93% болды.

Қыстап қалған құрттардың орналасу тығыздығы 0,5-11,0 экз/м2, орташа салмағы 227-445 мг, төменгісі – 120-480 мг, жоғарғысы – 310-580 мг болды. Құрттардың зақымдалуы 0,5-13,0% аралығында, жоғарысы 23,6% Қостанай облысында тіркелді. (№ 16 кесте).

2008 жылдың күзінің ауа райы құрттардың қыстау алдында семіруіне жағдай жасады. Бұл 2009 жылы да көбелек санының артуына әсер етеді, сондықтан да қорғаныш шаралары 1002,9 мың га жерге жүргізіледі деп белгіленді. № 14 кесте.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1113 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...