Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мароккалық шегіртке



Мароккалық шегіртке Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ғана кездеседі.

Көктемде күбіршектерге 24,6 мың га жер тексеріліп, оның 8,17 мың гектарында күбіршектер барлығы анықталды.

Күбіршектердің тығыздығы 1 шаршыға 0,5 тен 5 данаға дейін, ал Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Шардара аудандарында 1 шаршыға 10 данаға дейін тіркелді.Күбіршектердің физиологиялық жағдайы жақсы.Бір күбіршекте 21 – 37 жұмыртқа болып, күбіршектердің зақымдалуы 2,7 – 6,0 % ды құрады.Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі ауа райының жағдайы (көктемнің құрғақтығы және ертелігі) мороккалық шегіртке дернәсілдерінің жұмыртқадан бірмезгілде және біркелкі жарып шығуын қамтамасыз етті.Дернәсілдердің жарып шығуы 3 – 6 сәуірде басталды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10 -12 күнге ерте.Жұмыртқадан жаппай жарып шығу 8 – 13 сәуірде өтті.Дернәсілдер саны 1шаршыға 8 – 10 данадан келді.

Жамбыл облысында жұмыртқадан жарып шығудың басталуы 15 – 16 сәуірде байқалып, 1 шаршыға 0,2 дана дернәсілден тіркелді.17 сәуірден бастап күннің салқындап кетуі бұл құбылыстың жүруін едәуір тежеді,осыған байланысты жұмыртқадан жаппай жарып шығу 26 сәуірде басталды.Дернәсілдердің орташа тығыздығы 1шаршыға 0,8 – 6,0 данадан келді, ал Талас ауданында бұл көрсеткіш ең жоғары деңгейге, 1 шаршыға 13 – 21 данадан келді.

Марокалық шегіртке дернәсілдеріне 714,69 мың га жерге тексеру жүргізіліп, оның 261,69 мың гектарында дернәсілдердің қоныстанғандығы белгілі болды.Соның ішінде 136,9 мың га жерде дернәсілдердің тығыздығы экономикалық залалдау шегінен жоғары болды. (8 ші кесте)

Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған құрғақ және ыстық ауа райының әсерінен шөптесін өсімдіктер ерте күйіп кетті де, мороккалық шегіртке дернәсілдерінің 3 – 4 түлеуден соң жаппай таралуы басталды.Бұл кездегі олардың тығыздығы 1шаршыға 50 – 80 данадан келді.Осы уақытта көптеп пайда болған дернәсілдердің шоғырларының орта есеппен алғандағы ұзындығы 1,5 – 2,0 км, ал ені 8 метрдей болды.

4 мамырға облыстардағы дернәсілдердің жас айырымына қатысты құрамы төмендегіше болды.:

Оңтүстік Қазақстанда III 45 % 4 ші 55 %

Жамбылда I 30% II 67% III 3%

10 мамырға:

Оңтүстік Қазақстанда 4 ші 15 %, 5 ші 70 %, ересектері 15%

Жамбылда I 12%, II 82%, III 6%

Мароккалық шегірткенің қанаттана бастауы Оңтүстік Қазастан облысында 6 – 9 мамырда, жаппай қанаттануы 12 -15 мамырда, ал Жамбыл облысында осыған сәйкес 25 ші мамыр мен маусымның бірінші онкүндігінде өтті.Бұл зиянкестің жаппай шағылысуы мен жұмыртқа салуы Оңтүстік Қазақстан облысында 3 – 6 маусымнан, Жамбыл облысында 20 маусымнан басталды.

Шағылысу және жұмыртқа салу кезінде 703,1 мың га жер тексеріліп, оның ішінде 181,01 мың га,немесе тексерілген жердің 25% ында шегірткелер қоныстанғаны анықталды.(2007 жылы бұл көрсеткіш 17% болған еді.)(9 шы кесте)

Биылғы жылғы вегетациялық кезеңде орын алған құрғақшылық Марокколық шегірткенің санының тау беткейдегі жерлерде де көбейуін қамтамасыз етті.Бұл жағдай дернәсілдердің жұмыртқадан жарып шығуы мен әдепкі кездегі дамуы кештеу жүрген Жамбыл облысының Жуалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында байқалды.

17 мамырдағы дернәсілдердің жасына орай бөлінуі Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында төмендегіше болды:

Мароккалық шегірткенің қанаттануы тау беткейлі аймақта маусымның екінші жартысында байқалса, шағылысуы мен жұмыртқа салуы маусымның үшінші онкүндігі мен шілденің бірінші онкүндігі арасында өтті.Күбіршектерге күзгі тексеру 37,0 мың га жерге жүргізілді,оның 12,5 мың гектарында күбіршектер кездесті. Күбіршектердің 1 ш/м шаққандағы саны 0,2 ден 8 данаға дейін тіркелді. Күбіршектердің зақымдалуы 0,01-1,8% аралығында орын алды. Бір күбіршекте 28-31жұмыртқа кездесті. Биылғы жылғы ауа райы Мароккалық шегірткенің санының күрт өсуіне жағдай туғызды. 2009 жылы бұл зиянкеске қарсы111,5 мың га. жерге өңдеу шараларын жүргізуге қажеттілік туындап отыр, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 100,6 мың га, Жамбыл облысында 10,9мың га. жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.


8-ші кесте





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1622 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...