Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шалғын көбелегі



Қазақстанның Батыс, Солтүстік, Шығыс және Орталық облыстарында таралған.

Көктемгі топырақ қазып зерттеу кезінде шалғын көбелегінің пілләлары орташа тығыздықпен 0,01-3,1 экз/м2 аралығында табылды. Барлық табылған пілләлардың (1159 дана) тірі құрттары бары – 34%, паразиттермен зақымдалғаны - 12%, ауруы - 8%, босы - 20%, өлгені - 26% болды.

Құрттардың қуыршақтануы 6-18 мамырда тіркелді. Қуыршақтың салмағы – 40-70-90 мг.

Жылу жетіспегендіктен және жауын мөлшерінің аз болуынан гүлді өсімдіктер аз болды, сондықтан да көбелектердің дамуы мен қоректенуіне қолайсыз жағдай болды. Қыстап шыққан көбелектердің ұшуы 15-27 мамырда жол жиектерінде, табиғи жайылымда, көп жылдық екпе шөптерде, парда, отамалы және дәнді дақылдар алқаптарының гүлдеп тұрған арам шөптерінде тіркелді. Ауа-райына байланысты көбелектердің жаппай ұшуы байқалған жоқ, ұшу дәрежесі төмен және орташа болды.

Көбелектердің ұшуы және жұмыртқа салу кезеңінде ауа-райының құрғақ және ыстық болуына байланысты ұрғашыларының өнімділігі 35-95 жұмыртқаға дейін төмендеді. Жұмыртқа салу 24 мамыр мен 4-6 маусым аралығында тіркелді.

Құрттардың бірінші ұрпағының шығуы ауылшаруашылығы дақылдары егістіктері мен арам шөптерде 5-17 маусымда анықталды. Құрттардың орташа тығыздығы 0,2-5,0 экз/м2 болды.

Қуыршақтану 26 мамыр мен 2-15 шілде аралығында тіркелді.

Көбелектердің екінші ұрпағының ұшуы 5-17 шілдеде тіркелді. Бір ұрғашы жәндікке орташа есеппен 15-тен 254-ке дейін жұмыртқа келді. Қосымша қоректенгеннен кейін ұрғашылары жұмыртқаларын отамалы дақылдар мен арам шөптерге салды. Жұмыртқа салу 14-20 шілдеде өтті. Көбелектердің ұшуы тамыздың үшінші онкүндігіне дейін төменгі және орта дәрежеде жалғасты.

Құрттардың екінші ұрпағының шығуы 18-28 шіледен 3-5 тамыз аралығында тіркелді. Олардың саны 0,2-3,4 экз/м2, жоғарғысы 10 экз/м2 шамасында көп жылдық және арам шөптерде Әйтеке би ауданында (Ақтөбе облысы) тіркелді. (№ 12 кесте)

Күзгі топырақ қазып зерттеу нәтижесінде 0,01-1,4 экз/м2 тығыздықпен пілләлар анықталды. Барлық табылған пілләлардың (347 экз) тірі құрттармен анықталғаны - 60%, паразиттермен - 10%, ауруы - 5%, босы - 17%, өлгені - 8%.

2009 жылы шалғын көбелегінің саны биылғы жылғыдай болады, пілләдағы құрттардың қыстап шығуына қолайлы болғанда жекелеген аудандарда саны артуы мүмкін. Химиялық өңдеу жұмыстары 1,6 мың га жерге жүргізіледі деп межеленді.

№ 12 кесте.

Шалғын көбелегі құрттарының таралуы, 2008 жылы өткізілген күрес шаралары, 2009 жылға межеленген химиялық өңдеу жұмыстарының көлемі.

мың. га.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1381 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...